Мыңбай Краш. "Арақтың кесірі"

Тұра тұрыңдарш, өзім жылап алайын… Үхх құрысын… Болдым.
«Мыңбай Краштың шығармашылығы қалың жұртқа таныс» деп, қаззақтар сияқты өтірікті басжіверіп бастасам — алдымен анталаған қаззақ охуйрмандардың өзі пышақсыз бауыздап, соуссыз жеп қоюы мүмкін. «Белгілі қаламхер Мыңбай Крашты...» деп бастасам да, қапыда арттан айдап жіберулерің мүмкін сендердің. Ендеше жәй, «Мыңбай Краштың мынабір әлеуметтік-туыстық(?) қуындысымен таныс болыңыздар!» дегеннен басқа амал жоқ. Шешесстің…



Мыңбай Краш. «Арақтың кесірі»

… Шақыру билеттерінің ішіндегі алтынмен апталып, америциймен а… жақсы — күміспен күптелген ерекшесін салтанатпен суырып алдым. Бұл ерекше билет — аттракционға деп алты жүз доллыр бере салатын, туған күніңе деп ту биенің ақшасын тасыңа қыстырып жіберетін байшікеш те мәрт, әм жындысүрей нағашым Қаппайға арналған еді. Көрімдікке «Кайеннің» кілтін ұстатып жіберетін нағашым, менің үйлену тойыма құрығанда — вилла, болмаса пентхаус сылайтынына кәміл сенімде болғ ам.

...Қаппай нағашым тойға екі күн бұрын келіп алды. Рас, есік алдына — жарнамасы енді ғана шығып жатқан мәшинемен емес, «Opel Vectraмен» келгенінен-ақ бір пәлені сезгем. Кіре сала:

— Құй әкесінің аузын! — деп ақырсын!

— Кәйтсін кідәй-ай, жиеніне қуәніп, әптіғіп жеткен кескіні ғой — деді шешем інісінің маңдайынан сүйіп. Бірақ денесінде су қалмауы себепті тер орнына — спирт аққан ашқылтым маңдайының дәмінен еріксіз шоршып, кейін шегіншектей берді. Дегенмен, шешемді секем алдырған маңдайдың кермек дәмі емес: әдетте қос қолынан бастап, балағына дейін сый-сияпат толтырып келетін інісінің бос қолы боп тұр білем.

— Құй дедім ғой, ішінесиейінді! — деді нағашым құйып жатқанымды көріп тұрса да қалшылдап.

— Көкем-ау, әузіңә тәтіп әльмаушы едің, ішіп кеткенсің бе, не боп кеткенсің? — деді шешем кемсеңдеп інісіне, — жиеніңе сонша қуанғанда да енді…

— Дәл апо-оу, дәл: бәрі — арақтың кесірі!

Ащы суды ашудан шімірікпестен сіміріп салды.

— Ибәй, түк-түк, түк ішпеуші едің ғой, тіпті ішетін қердәстарыңды сабаушы едің! Не шәйтән түрткен сені, қүлінім-ау!

— Сол ішпегенім құртты бәрін, — деді Қаппай терезеден алысқа көз тастап, — ішпейтінім құртты…

Нағашым екінші рөмкені де місе тұтпай қылғытып салып, жүргізіп сөйлеп кетті:

— Орынбасарлыққа дейін көтеріліп едім нақ… Директор жу да жу деп… Өзі удай мас… Қой мен ішпеймін ғой деп басым бәлеге қалды… "Ішпейтін адам — арам адам!" деді ме… «Бүгін менімен ішпейсің, ал ертең АҚ президентімен шекпейм деп шығарсың сен!» деп, қуып шықсын… Шынымды айтсам, не болғанын да түсінгем жоқ…

… Мені пәтерсіз бұлыңғыр ертеңім қинап, қипақтай бердім. Шешемді ендігәрі кедей інісінің көптің бірі боп қалғаны уайымға батыра бастады. Ал нағашым болса:
— Аулада ойнап жүрген балалар жоқ па? — деп, терезеден басын шығарып, жерге көз тастаты да:

— Е, жоқ екен...-деп, жетінші қабаттан секіріп кете барды…
Бөлісу:

15 пікір

patick
еба, қалай тез келді солай тез өле қалды
Abilakim
Өмірі флешканың қақпағынан да қысқа болған екен…
zholantai
"Ішпейтін адам — арам адам!"
Armanjan
Өзгелерге қарағанда Нағашы деген жақсы ғой қашанда, ал өліп кетсе тіптен қадірі арта түсед
Aya
иманы САЛамАТ болсын, жақырқтықтың.
Daniar-Alan
— Аулада ойнап жүрген балалар жоқ па? — деп, терезеден басын шығарып, жерге көз тастаты да:
— Е, жоқ екен...-деп, жетінші қабаттан секіріп кете барды…

қандай жақсы адам… жЪляп отырм…
edige
Айттым ғой, ішуді қойғам… дегендей екен дә
ертең зияны тиіп жүрмесін ешкімге,,,,
Соңғы түзету:
asaubota
ішпейтіндерді шпион деп ойлайтынымыз рас