Сені күтіп терезем жылап жатыр...

Жаңбырым кеп тереземе тамшылайды.
Жүректе жалғысырап қан жылайды,
Меніменен мұңдасқандай бұл жаңбырым,
Тереземді жұлқынып бір ұрғылайды.

Сен мені сүймесең де түсінемін,
Жай ғана іштен тынып күрсінемін.
Біліп жүр бірақ жаным, мен бір күні,
Жанарыңның жасы боп үзілемін.

Оның маған сезімі бар ма екен?!
Терезенің әр жағы мұңлы мекен,
Жаңбырыма арқасын тосып шатыр.
Сені күтіп терезем жылап жатыр…
Бөлісу:

5 пікір