Желінбей қалған таяқ

«Аңың шықса, өзіңнен көр». Бүлдік©
Тоғызыншыны бітіріп, кенттегі Техникумның «автоэлектрик» мамандығы бойынша І-тыңдалымға түсіп, курсант атанып, қоразша маңғазданып жүрген шақтардың бірінде, агрономдағы Дариғаның туған күн кешіне шақырту алдым. Туған күн жақсы өтті. Аз-мұз спірт де ішілді. Светті өшіріп бәліске түстік. Бұл жолы Луизға ғана құрық тастай алдым. Тым сүйкімсіз де емес. Бірақ аса тәбетті де шақырмайтын қыз-тын. Қайтарда Төрткемпірдегі үйіне дейін жаяу шығарып салып, қараңғы жерде «оны-пұны» шаруаны тындырған болдық. бірақ ойымды пәтерге қайту уайымы жеп жатыр. Өйткені кенттің жергілікті өспірімдері өте бұзық. Жалғыз-жарым жүрген келімсек курсанттарды көрсе аямайды. Ермекке алмұрт қылады. Оның үстіне кенттің шетіне шығып кеткем.
Луизбен асығыс қоштастым да, суыт жүріп кеттім. Екі қолымды бауырыма алып, желіп келем. Кенет Калинин көшесі мен Соқпақбаев көшесінің қиылысынан шалт бұрылғаным сол еді, таяқ тастам жерде бір үйір жергіліктілер отыр екен. Дабыр-дұбыр әңгіме. Тасадан жарқ етіп шыққан мені олар да байқады-ау, әңгімелері кілт үзілді де, тым-тырыс уақыт орнап қалды. Артқа қайтуға жол жоқ. Дәл осындай мезетте тез әрі дұрыс шешім қабылдамасаң өміріңе оң да сол да өзгерістер енуі мүмкін. Сонымен тәуекел дедім де, солардың ортасына қарай тарттым.
— Ассаумкем!
— Әлікс!
— Әліксалам!
— …!
— …!
Бәрімен қол берісіп амандасып, сытылып шықтым да ары қарай жүре бердім. Артымнан «мынау кім», «сенің танысың ба», «кіммен амандасты», «таныдың ба өзі» — деген күбір-күбір дауыстар естіліп жатты. Сол дауыстар бәсеңдейім дегенше менде келесі көшеге түсіп ғайып болдым…
Бөлісу:

41 пікір

007
біздің кентте ондай мүмкіндікті құр жібермеушек басқа жақтікін былай қойғанда басқа крайдың балалары солай кезігіп қалса аман кетпейтін
Ispek92
Біздер басқа қала, ауданға футболдан жарысқа барғанда қиын еді, жергілікті командамен футбол емес балет ойнайтынбыз, тиіп кетуге болмайды, ал сол жарыс бізде өтсінш, шешессстің футбол емес хоккей ойнайтын едік, рәхәәәәәт
MamaAya
Сакен, мен қанша тырыссам да сенікі сияқты боп шықпайды ғой,,,, неге и?
как всегда «ЗЫҢ»! ана курсанттың образына ендім…
Dzhonsaken
Пікірің неге минусталып кеткен?
Ispek92
Кім минустағанын білмейді екем, бірақ дұрыстап қойдым. Минустаған Sashok болуы мүмкін
Dzhonsaken
Sashok екеуің «сұңқар-қабақ» қатынастасыңдар ма әлі?
Ispek92
Аид патшалығына аттанғанша солай болмақ
Dzhonsaken
«Жөн-жөн батыр! Сен қызылдың батырысың, мен даланың батырымын!» Құдіре©
ken
Қайсысы Құдіре, қайсысы Хамит? Әйгерім — АКҮ.
Dzhonsaken
 
АКҮ әдемі қыз…
Соңғы түзету:
Ispek92
"Қоқыс жәшігінен ыңырсыған дыбыс шықты да, әлдекімнің басы көрінді..." ©Гийом Апполиниер, «Транснонген көшесі».
Dzhonsaken
 шытырман оқиғадан алынған екен…
Beytanis
Жақсы құтылған екенсің!
bake
техника, ғылым жағына осылайша жеңіл оқылатын текст жазатын жан иесі табылады ма? MamaAya жазба стиліңе еліктегісі келеді. Өз басымда ондай ойымда да жоқ. Өтініш, көп техниканың біреуінің құрылысы, жұмысы туралы бір жазба жазшы, бүге -шігесіне дейін ашып, "қазақ тілі техниканы оқитын тіл емес" дегендердің ауыздарын бір күйдірсең ғажап болар еді.
Соңғы түзету:
Dzhonsaken
Уәжің өте орынды тамыр! Құдақаласа нәсіп етсе қолдан келгенше жазармыз!
AL-ASTER
Менің ауданым есіме түсті. Бастауыш сыныпты аяқтағанша қаланың шетінде тұрғанбыз. Сосын орталыққа көшіп кеттік. Ата-анама рақмет)
Ал сол көшкеннен ол жақа барғаным жоқ, желание де жоқ.
Қазіргі күйімді көріп, талқандап кетеді ғой. Өз кезімде суровый әдіспен түрлі нижениелер жасайтынбыз. Көбіне 3 топ. Қазақтар, Орыстілділер және орыстар. Бір сөзбен айтқанда, топпен ғана жүріп, шакалить етіп кететінбіз. Және өзің жалғыз жүрсең, міндетті түрде тепкінің астында қалып қоюға болады. )))
bizbike
Мен сондай батырсымақтарды түсінсем, бұйырмасын, не ол ауданға, ауылға бөлініп бірі-бірін соғып. Шетелдіктерге жер біздікі деп, енді қайтіп келмейтіндей соғып кетсе ғой, түсінетін едім.
Dzhonsaken
Менің саяз түсінігім бойынша былай түсіндірер едім. Мысалы колхоздың балдары колхоз ішінде бір-бірімен қырылысып жүрсе, олар 9-дан кейін совхозға 10-11 оқуға барады. Сол кезде олар бірігеді. Сосын совхоз бен колхоз қырқысады. Сосын мектеп біткен сон олар ауданға барады. Ауданда совхоз бен колхоз бірігіп ауданмен қырқысады. Облысқа барғанда бір аудан бірігіп облыспен немесе басқа ауданмен төбелеседі. Республикаға барғанда да дәл осыған ұқсас алгоритм. Жалпылама алғанда.
zholantai
жазбаңа тәнтімін. Шымға келсең, не Шымда болсаң, хабар бер.
MamaAya
оппа тағы 1 Шым?! Обожаю Шым дегендерді, қаз біреу минустайды но мәңгә пофиг!
Мына скутердің шлеміне қарағанда жазда түнімен біздің көшені басына көтеріп, балаларды оятып кететін дарылдағанның біреусі мааа деп қоям?!
Соңғы түзету:
zholantai
қойәй, минустамайды ешкім,
MamaAya
ей плөс боп кетіпті ғой
Шымнан Шуға жалынды минус, оййй салем! s
zholantai
Шуға, ой тфу, Шымға жолың түссе, "әу" дей ғой
Ispek92
Испек плұстап кетіпті деп айтып жүрерсіз деп үміттенем
Adiletshu
Өйстіп пікірлерге плюс, минус қойып отырыңдар
ken

Это минус, это плюс!
Ispek92
БОЯН Кркич
ken
осы өлеңді жаттап ал, айтып жүргенге жақсы
Dzhonsaken
Облыс орталығына бармағалы көп болды...(мәшіне базарға бару керек еді)
MamaAya
оппа, бұл да менікі! Такс қай районнан?!  машина кеше күшті арзан болды, сататын болсаң пока келме, алатын сезон қазір...
Adiletshu
Опел вектраны қаншаға алуға болады
MamaAya
оны қызықтамаппыз!
Adiletshu
Қандай машина қызықтадыңдар
MamaAya
маған киа церато армааан, бірақ оны әпермейді, леганза дейді ғой…
Adiletshu
Құдай-ау, не мәшіне? Опел вектрамен есепгенде қанша опел вектра болады
Dzhonsaken
Әәә, онда көктемде барамын! Мен сатуым керек! Білә «Ниссан Кашкай» небоватыр екен?
Adiletshu
Қаншаға сатасың
Dzhonsaken
Ниссан Кашкай алу керек еді дегенім ғо тамыр…
MamaAya
оооой, олар қымбат қоооо, маған ондай әпермейді… Алматыдан әкелген жақсы ондай машиналарды, бізде выбор жоқ қой ондайларға, онлайн колесадан көрмейсің бе?
запчастсын табу да проблема болады ғой…
Соңғы түзету:
Dzhonsaken
Құдай-ау, не мәшіне? Опел вектрамен есепгенде қанша опел вектра болады
Опел-Вектраға қатты қызығасың-ау дим тамыр!!!
Соңғы түзету: