Бердібек Уэлс. "Көлеңкемен төбелес"

Преәлгібула

Бірде інімді спорт мектебіне тапсырайын деп жатсам. «Тегін-ақ, қатыса берсін. Тек мен де бір Хард-әдебиетке әңгіме айтайынш деп едім!» деді спорт мектебінде барлық спорт түрінен жаттықтырушы боп жүрген Бердібек. Менің сенімсіздігімді бетімнен оқып қойған Бекең:

«Темір-терсекпен айналыспасам да, буын-тірсекпен айналысатыным бар ғо» деді татамиде бір семіз бейбақты буындырып жатып.

«Мен»- деді Бекең, он алты жасар шәкіртін шекесінен оң аяғының өкшесімен теуіп құлатып,— «жаттығудың барлық түріне құрметпен қараймын.»

— Оныңыз байқалып тұр, аға! — дедім мен хоккейдің таяғымен баскетбол ойнап жүрген Уэлс мырзаға қарап.

«Тек жаным жарытпайтын жаттығудың» — деді тренер бес жасар шәкіртін тұмсық тұсынан шынтақпен «зырқ» еткізіп, «бір ғана түрі бар!»

«Ол қай түрі, болды екен?» — дедім мен қай жағымнан қойып қалар екен деп сезіктеніп.

«Зайбал қылмай тыңдашиш енді» — деді Бердібек ағай 8 жасар қызды жамбасқа лақтырып жатып.

******************************************************************************************************************

Бердібек Уэлс. «Көлеңкемен төбелес»

Мен алғаш жекпе-жек сабағын ауылдың атайман карате бапкері Казуми атайдан үйренген едім. Табандылық басты қасиет деп үйреткен атай бақшасының топырағын қопартып, туалетін қаздырып болған соң, көлеңкемен төбелес жаттығуын үйретті. Өзі тұра қалып, әлдебір елес адамдарды ұрып жатқандай болды да:

«Көлеңкемен төбелес деген жай ауаға қолыңды сермей беру емес! Қарсыласыңды сезе білуің керек. Көре білуің керек!»- деген соң, үйге келіп, айнаның алдына тұрып алдым да, қарсыласымды көрші Қуаныш қылып елестеттім. Бүге -шүгесіне дейін. Тұрысы, бас киімінен бастап, нәскиіне дейін. Соңғысының иісі мұрныма келе бастағанда қарсыласымның қолынан шап бердім. Ол қолын айналдырып әкеп, өзімнің тамағымнан қыспақ болғанда, мен артқа қарай шалқайып, фляг жасап жатып, табанымның қырымен иектің астынан тептім. "Қуаныш" та шалт екен, басын бұрып қалғанда, аяғым мүлт кетіп, жерге көтіммен қондым.

"Қап, бәлем, тұра тұр". Атып тұра бергенім сол-ақ, "Қуаныштың" сол аяғындағы 43-размерлі берцовкісі көкірек тұсына қарай жүйткіп келе жатыр екен, екі қолыммен ұстап алдым да, тобығын айналдырып жібердім. Қуаныш шыр айналды да, екінші аяғымен самайдың тұсынан көздеп тепті. Бұғып қалдым. Берцовканың баулары құлағымды сызып өтті.

Аяғын жерге қойып үлгертпей, қарсыласты дыхалкідан айналып кеп бір тептім. Бұл Қуаныш менің Уши Гери тебісімнің қаншалықты жойқын екенін білмесе керек. Жерге оқ тиген немістерше сұлап түсті. Қаңғыр-күңгір етіп сынған айнаның дыбысынан түнгі сменнен келген пақаным оянып кетті. Белдігінің дәмі әлі аузымнан кетпейді, ссука."- деді Бердібек 4 жасар мүгедек шәкіртінің екі көзінің ортасынан тіземен гүмп еткізіп. «Сол себепті, біздің оқушылар көлеңкемен төбелеспейді,» деді харизма желі тасынан есіп тұрған бапкер.

«Жарайды, әңгімеңізді жариялайын» -деп, диктофонды өшірдім.

"Інің ертеңнен бастап келе берсін" — деді ырсылдап 87 жасар әжейдің қолын қайырып ойбайлатып жатқан Бекең. «Тірі қарсыласқа не жетсін, шіркін!»

Шығып бара жатып, «Нуи нақ інімді қатыстырмаймын» деп шештім. Ал әңгіменің сиқын өздерің көріп отырсыңдар.

©Gastarbaiter
Бөлісу:

12 пікір

edige
«Тірі қарсыласқа не жетсін, шіркін!»
Шешес-аааай… Көптен бұлай күлмеп едім…
Соңғы түзету:
Dzhonsaken
Жазбаға ырзамын.
Белбеу күресінің тренері Облыстағы ашық біріншілікке баруға дайындық жасап, бір дұрыстау шәкіртінің салмағы асып кеткендігін, сөйтіп жарысқа 220 км жол жүріп бара жатып әлгі шәкіртін 83 кг-дан 77 кг-ға бірақ түсіргенін айтып тігіп жібергені бар еді…
temir1986
Былай күреске қатысып жүрсемде, бір ақ рет жарысқа қатыстым. Қатысқан жарысымның алды — арты сол болды негізі. Ең тамаша жасаған тәсілімде со жарыста болды. Қарсыласым өзім былайда қауіптеніп жүретін адамым еді мектепте. Қашан тиісер екен деп. Омыраудан қатты ұстап, қарсыласты тепе-теңдіктен айырасыңда, өзіңе қарай сүйрей тартқан қалыпта қолайлы аяқтың табанымен іштен тіреп, жата қалып лақтырасың. Пятқа болу керек аты. Осыны іркес-тіркес үш рет жасадым. Ана жігітпен дос боп кеттім.
Gastarbaiter
Біреуді осы пяткіге салып жатқанда, іштен тіреймін деген аяғым тайып кетіп, әлгі жігіт тізесін ең астыңғы қабырғама сүңгітіп қабырғам сынған болатын. Нуинақ пяткіңдіссігейін, қарабайыр жамбас пен прогибқа ештеңе жетпейді.
Соңғы түзету:
asaubota
«Ең оңайы — бедро ғой» деді сайттың бас редакторы 24 жасар Эльвира мен 22 жасар Айжанның бастарын бір-біріне соғып жіберіп…
Blogshy
Соңғысының иісі мұрныма келе бастағанда
Daniar-Alan
4 жасар мүгедек шәкіртінің екі көзінің ортасынан тіземен гүмп еткізіп.
ыхахаха