Шайтанды жеңген бала
Әкем аудандық, облыстық жарыстарда бәйге алып жүрген ауданға белгілі шахматшы. Өзінің шахматтас шалдары бар. Ат беріп ойнап, бәрін жеңіп отырады. Бүгін де дастархан басында бәріміз жинала қалдық.
— Алыңыз, алыңыз, Мәке. Бұл — шайтанды жеңген Мәкең ғой,- деп қалды Мәкеңе жиендігі бар жастауы.
Бәріміз елең ете қалдық.
— Он алты-он жеті жастағы кезім,- деп Мәкең әңгімесін бастады. — Әкем көрші ауылға жұмсады. Елсіз құмды дала. Атыммен шауып келем. Жолай иесіз қыстау бар. Жақындай бере қыстаудың алдында тұрған ауылдас Қазым ақсақалды көрдім. Қасына барып, атымнан түсіп, амандастым. Ол әй-шәйға қарамай:
— Әй, бала, күресесің бе?- деді. «Нағашылы-жиендігі жоқ үлкен кісінің күресесің бесі несі?»- деп ойлап жатпастан, күресе жөнелдім. Екеуіміз әрі-бері алысып, бір-бірімізді ала алмай, ұзақ күрестік. Ақыры болмағасын, тарқастық. Атыма мініп, қош айтысып жүріп бара жатып, артыма қарасам, ол маған асқан бір суық көзбен қарап тұр екен. «Япырмай, мен бұл кісіге не жазып қалдым? Күресесің бе деген өзі» деп ойладым. Шауып келем. Алыстан бір қара көрінді. Құйындай ұшқан ақ боз ат көзді ашып жұмғанша қасымнан өте шықты. Бір мезгілде аспанда ұшқан аққу көрінді. Ол анадай жерге барып қонды. Діттеген жеріме жетіп, шаруамды бітіріп, үйге қайттым. Әкем сыртта жүр екен. Оған иесіз қыстаудан Қазым ақсақалды көргенімді, екеуіміздің күрескенімізді айтып, үйге кіріп кеттім. Кірісімен жатып қалдым. Ұйқыдан оянсам, үй іші толған адам. "Құдай баланы мықтап сақтаған екен",- деп жатыр біреу әкеме. Әкем Қазым ақсақалды көріпті. Сол күні ол ауылдан ешқайда шықпаған екен,- деп Мәкең де әңгімесін аяқтады, біз де ет жеп болып, орнымыздан тұрдық.

ПыСы: Келе жатқан қасиетті жылқы жылы құтты болсын!)