Тағы бір індет

Бағана сабақтан шығып, «Береке» сауда орталығына барып едім құрбыммен. Кенет топталып жиналып алған ағайларды көріп қалдық. Істің бетін ашу үшін сәл жақындадық. Сөйтсек, ағатайларымыз құмар ойынының құлдары екен. Өзіміз де сол ойынға қызығушылық танытқандай кейіп танытып қарап тұрдық.Кенеттен бір ағай: Ол банкоматта ақша жоқ. Мынаған салып ойнаңдар" деп бізді екінші банкоматқа алып келді. Ол кісі қалай ойнауға болатынын бізге көрсетіп берді. «Бұл жерге тек 500 теңгеден бастап ақша сала аласыздар» деп қояды. Өзі күнде осы ойынды ойнамасам жүре алмаймын деп бізге ағынан жарылды. 80 000 теңгеге дейін ұтылғанын айтып берді. Азартқа кіріп ойнайтынын, бізге бұған жоламай-ақ қойыңдар деп кеңесін де берді." Мен бір кіргеннен шыға алар емеспін" дейді. Кенет тағы бір бейтаныс ер кісі қосылды. Кейін самайына ақ түскен қазақтың қарапайым анасы қосылды. Солай адам саны көбейе берді. Біреуі ұтып жатса, екіншісі қомақты қаражаттарынан айырыла бастады. Бір қызығы банкоматтың сыртында 21 жасқа дейін балаларға қолдануға болмайды деген жазуы бар екен. Бірақ, мектеп оқушылары да студеттер де осы ойынға құмар болып, ойнай бастады. Қалталарындағы қалған ұялы телефондарын сатып, ақша жасаудың амалын қалай да табу жоддарын іздестірген жас балалармен де жолығысып қалдық. Бақылап, қарап жүрген ешкім жоқ. Банкомат сыртында жазылған сенім телефонына хабарласып едік «бізге рұқсат берілген, заңды түрде» деп тіл қатты. Әрине, заңды болса да қазақ қоғамының ортасына тағы бір індеттің қосылғаны шүбәсіз, анық!Блог - Ayazhan: Тағы бір індет
Бөлісу:

5 пікір

007
лахатрон, букмекер дегендер шыныменде бір кесапат болды,,қаншама студенттер солардың жетегінде жүр, тіпті ауылдан ата-анасы оқуға төле деп берген ақшаныда салып жіберетіндер бар
Adiletshu
«Банкомат» емес «ойын автоматы» шығар
Ispek92
Мен, Аяжан Кеңесбек ҚарМУ-дің журналистика бөлімінде оқимын. Поэзия, проза десе ішкен асымды жерге қоямын.
Ол банкоматта ақша жоқ
 тағы бір журик
Adiletshu
Бала, қой! Бұл қызды мен танимын
MickThatsMyNick
онлайн-казиноға тәуелді бола жаздадым, онда жинаған ақшаңды алу үшін 1-2 аптадай күтеді екенсің, ол ақшаны алғанша шыдай алмай, ақшамды көбейтемін деп қайта ойнай бастайсың, сонда барлық жиған-тергеніңнен айырыласың, онлайн-казино, рулеткаға жоламаңдар!