Плеоназм немесе плеонастикалық тізбек

Мемлекеттік тіліміз қазақ тілінің қолданыс аясы күннен-күнге артқан сайын оған деген қажеттілік те өсіп келеді. Қазақ тілін дамыту бағыты оның мемлекеттік мәртебесін іске асыру қажеттілігімен айқындалады. Қазақ тілін ғылыми салада дамыту үшін іске асып жатқан шаралар жеткілікті десек те, әлі толыққанды шешілмеген мәселелер де бар. Соның бірі плеоназмдық тізбек.

Ол не нәрсе? Қайдан шықты? (немесе, мынау не дейд?)– деген сауал баршаңызды мазалап отырған болар. Ия, атын естігеннен кейін, аты қабағының астымен қараған, беймәлім плеоназм тіркесінің қараңғылығынан сәуле іздеу қызығушылық туғызды. Сүйенішіміздей көретін, қабырғадағы қанатымыз интернеттен де тұшымды жауап болмағаннан кейін, кісі бетіне күліп қарап көрмеген ғылым саласы ма деп ойладым. Айтушы ердің ұстасы болған ғаламтордың етінен ет кессем де мыңқ етпеді.(өләәә) Сөйтіп, қазақ тілінің қайнарынан қанып ішкен, айтулы ғалым-көкжалдарымыздың еңбектерін ақтардым. Сонымен, күннен аптаға созып, қыры жар берместей көрінген плеоназмдық тізбектің сырына жеттім. Құлақ түріңіздер. (тыңдасаңыздар да болады)

Қай тілдің болмасын, тіл байлығының көрсеткіші, сөздік қорының алтын сандық, асыл қазынасы синонимдер екені белгілі. Ана тіліміздің де байлығы мен оралымдығы, көркемділігі мен бейнелілігі, алымы мен кең тыныстылығы синоним сөздердің молдығымен көрініс тапқан. Ғылыми анықтамасына тоқталатын болсақ, синонимдер дегеніміз тұлғасы басқаша болғанымен, мағынасы бір-біріне жуық, бірінің орнына бірі қолданыла беретін лексикалық бірлікті атаймыз.

Синонимдерді зерттеген ғалым Әсет Болғанбаев олардың қолданылу жағдайларын атап көрсетті.(өтеее көп) Солардың бірегейі плеоназмдық сөз қолданысы.

Плеоназм н/е плеонастикалық сөз тіркесі (грек. Pleonasmos-артықшылық, шамадан тыс) қабаттасып қатар қолданылу нәтижесінде бір мағынаны білдіріп, қалыптасып кеткен екі сөз. Өзара мағыналас екі сөз плеоназм әдісімен ұдайы айтыла келе бір сөз есебінде қолданылады. Мысалы, зәулім биік үй, кең-байтақ ел, айдын шалқар көл, қырмызы қызыл жібек, заңғар биік тау, жайдары жарқын мінез, орасан зор жұмыс, құр бекер жүріс, нән семіз жылқы, қызыл жоса қан, кәрі шал, суық аяз, кіршіксіз таза т.б.

Лингвистикада «Плеоназм» терминін түсіндіруде біраз қайшылықтар бар. Бұл мәселе І.Кеңесбаев, Ә.Болғанбаев, К.Аханов, Г.Әжібекованың еңбектерінде (менің блогымда) біршама қарастырылған.

Синонимдерді жекелеп, жалғыз-жарымдап жұмсаудан гөрі плеонастикалық тәсілмен жұптап қолдану әлдеқайда мәнерлі болып ұғынылады. Мәселен, «байтақ жер» дегенннен гөрі «ұлан байтақ жер» деп айту күштірек мән туғызады. Сол сияқты «ғажайып оқиға» дегеннен «таңғажайып оқиға» дегеннің мәні басымырақ түседі.
Қорытынды. Қазақ лексикологиясы қай жағынан болсын нәтижелі еңбек пен атқарылған іс-шаралар нәтижесінде едәуір биікке көтерілді деуге болады. Дегенмен, басы ашылмаған, сараланбай, жүйеге түспей жатқан дүниелер әлі де көп. Тек қана ерінбеген арыстанның аузындағысын алатынын есте шығармайық.

ПыСы: Мұның бұл жерге өтпейтінін білем. Бірақ, өліп қалған өтірік жазбалардан гөрі, миларыңызға құнды бірдеме болатын жазба деп ойлаймын. Айтпақшы, ізеп сарылып жүргендер, рефераттық нұсқасы керек болса жекеге хабарласыңыздар…
Бөлісу:

51 пікір

007
Қазақ тілінің болашағы жоқ, ол тілде тек көшеде темекі сұрап алуға ғана болады © Сатыбалды Кербабаев
Sikosha
Мен олай ойламаймын…
Adiletshu
Қазақтар дін, діл, тіл тақырыбын неше-түрлі позада зорлап бітірген. Мүмкін жаңа бірдеңе жаздым дерсің… Оқымадым, көп әріп, миға ауыр. Жаңа абзацтан бастап, араларынан бір-бір жолдан қалдырып кетсең оқуға жеңіл болады.
Соңғы түзету:
Sikosha
бөліп қойдым, оқып шығыңыз…
MamaAya
біреу орысша жазса, оған жабылып шығасыңдар, қазақшаны дамыту керек деп, ал енді дамытуға ат салысқан адамды шалып жатқандарың, ұяяяят қой, достар… Не деген керемет! Мен оқып, бірнәрсемен таныстым, бұрын әсерелеп жеткізу деп ойлап жүргенім-плеоназмдық тізбек екен. Рахмет саған…  мақтанам қазақың сен сияқты қыздары үшін!!!
Соңғы түзету:
bake
Бірден ескертейін, пікірім барлық тіл мамандарына қатысты емес. Авторға тектес қазақ тіл мамандарына өкпен қара қазандай десем, артық айтпаймын. Ғылыми ізденіс жасаған дұрыс-ақ, ойлары биік, көздеген мақсаттары жоғары. Жерде жүрген бізді ұмытып кетеді. Еске алсақ. Алғаш қазақ -орыс сөздігін құрастырған кімдер, соның ішінде математикті табасың. Қызық көріп тіл мамандарына жүк түсіріп көргенмін. «Механик, құрылысшы, дәрігер емеспін тіл маманымын меннен не сұрайсың?» дегендері бар. Кәсіби қазақ тілін үйрететін қазақ тіл мамандары жайлы әңгіме қозғасам…
өтірік жазбалардан гөрі,
Егер автордан «тілге жуық болсаң сенен… шықпайды» дегенді естісем таң қалмаймын. Көп нүктенің орнына инженерді, дәрігерді, құрылысшыны т. с. с. маман иелерін қоя бер.
Соңғы түзету:
Sashok
Оқымадым, бірақ қазақ тілі туралы жазған екенсің, неге қате жазасың? Мынау бөлек жазылуы керек:
қажеттілікте
Басқа қателеріңді қарамадым, Иіспекке қалсын.
Соңғы түзету:
Adiletshu
Ондай-ондай ханның қызында да болады
Ispek92
НАҚмет, үйреніпсің ғой сенде. Мәләдес!!!
Sashok
Нені үйреніппін?
Ispek92
Сәшоктің Александрок екенін
Sashok
«Көтті қысқан бір прием» деп, артқы жағыңды қысып ұстау рекоменделеді.
Ispek92
НАқмет деп жіберіппін ғой, қажеттілік бөлек жазылады деп кім айтты? Егер мұны мен қос аяқтап қолдайды десең, кет НАҚ
Sashok
Қажеттілік те. Те — шылау, бөлек жазылады (сен сияқты надандардың қаперіне). Мені үйреткенің қызық болды, ептібайымайд.
Adiletshu
Ужссс! Саған да жұққан ба
Ispek92
микроб-ау, ол жерде қосылып жазылады. Мен надан болғанда білетін надан екенмін, соғанда ЩҮКІР
Sashok
Шешең аңы қосылып жазылады, 5-кластың қазақ тілін қолыңа алып қарап шық.
Ispek92
 Мортал Комбаттағы Шоу Канның дауысымен: НАДАН WINS
Sashok
Нақылдатып жіберем ғо, щегол. Балаға да, шағаға да нақылдайтын әдет тапқан екенсің.
Ispek92
Бұл мен үшін виртуальды әлем, нақ-ты өзіңе тойыс жүрегіңе ауыр қабылдайтын болсаң айтып қой. Жүрегі әлісіздермен ойнайтын әдетім жоқ, гәршөгімді ары ап кетемін ғой
Adiletshu
5-нші скорыспен келе жатып бірден артқа сала салады екенсің, а
Sashok
Байқадың ба, бұл өзінен әлсіз-ау дегендерге өзінше сес көрсете ма, бірдеңе. Сондай кезде боқтап-боқтап жіберсең, қыса қалады жаман кәндік иттер құсап. Жә, менікі не, осымен болды, кеттім.
Ispek92
Жеңіліп те, микроб-ау. Білгіштің де білмейтіні болады, Сәшок болғасын ғой…
Adiletshu
Төрелігін «Жылдың ең ұрысқақ блогері» атағына үміткер — MamaAya айтсын
Ispek92
Маған ПОХ деуш едік бала кезімізде, МамаЯ-ны щакыр. Өзі бастады, мен аяқтадым, кәдімгі тенденция түсіне білгендерге… Сосын бірден айта кетинш брат саған, Сатыбалды ағасы Қылизаманды қалай ұнатпаса менде СӘШОК-ті (немесе Александрөкті) солай жек көрем әрі ұнатпаймын. Біліп жүрсін, жеткізе салш. УФФФФ, бір жеңілдеп қалдым ғо
Sashok
Менi қайдан жақсы көресiң, өйткенi мен сен сияқты бiреуге оң бетiн, бiреуге сол бетiн беретiн шкураларды бiрден таним. Бетiңе айттым да. Сауатсыз екенiңдi көзiңе шұқып тұрып көрсеттiм. Кiмге қалай жағынуды жақсы бiлесiң.
MamaAya
 қойшы мен ұрысқақ емеспін… мен грамматика жағынан жақсы дамымағам, сол үшін пас!
Sikosha
Болады ондай, түзеттім…
Ispek92
 Шынымен сол жерде бөлек жазылады деп ойлаймысың, қарындас апай? Егер мені қазақ орта мектебіндегі апайларым СӘШӨК-ке(мүмкін, Александрөкке) қарағанда жақсы оқытқаны рас болса, ол жерде қосылып жазылады, міне былай: ҚАЖЕТТІЛІКТЕ. Ол орыс қой, сенбесең жоғарыдағы пікірлерді оқы, қарапайым надан қазақтың шала қазақ Сәшокті қалай жеңгенін көресін...
Sashok
Да, де, та, те деген шылау бар. Ол әрқашан бөлек жазылады; -да, -де, -та, -те деген жатыс септігінің жалғауы бар, ол бірге жазылады.
Атау септік: кім? не?
Ілік септік: кімнің? ненің?
Барыс: кімге? неге? (қайда?)
Табыс: кімді? нені?
Жатыс: кімде? неде? (қайда?)
Шығыс: кімнен? неден? (қайдан?)
Көмектес: кіммен? немен? (қалай?)
Сенің кешеден өзеуреп отырғаның осы жатыс септігінің жалғауы, ептібайымайд. Жаттап ал ананы, мал атаңәнә.
Ispek92
Вот, міне осылай десей ағасы немесе апасы. Тек шешеге бармайық, сен секілді.
Жаттап ал ананы, мал атаңәнә.
ептібайымайд.
осыларды қолданып үйрен, рахаттанып қаласың, кет нақты да үйреніп ал, ал ана жерде қосылып жазылатынын кеше мойындап ең ғой…
MamaAya
өзің де шала қазақ, надан қазақ деген сөздермен адамның құқығын таптауға правоң жоқ екенін ойлансаңшы, Шала қазақ болса осында таза қазақ болуы үшін кірген шығар. Таза қазақ кішіпейіл, қонақжай болған, қонағын кекетіп-мұқатып отырмаған. Ақылды қатты айтады кенсің, білсең де, білмесең де шабалай бермесеңші, «апасы» депсің, рахмет апа болуды, әже болуды маған нәсіп етсін… апаңның кеңесі деп қабыл алғайсың, баласы, олай қақбас, қазымыр, жағымсыз бықсып отыратын шалға ұқсамасаңшы, әлі баласың ғой… Білем, білем дей беретіндер, обычно ештеме білмейтіндер боп шығатынын да ұмытпаш, плииз. Сәлемнен Апаң!!!
Соңғы түзету:
Ispek92
 ау-апасы, анау тұрған стрелканы қарасайшы, мен немене сізге айтыппын ба бұл пікірді? Сіздің әлі үйренеріңіз көп екен…
MamaAya
неменене жетісіп куле бересің? сен үйретпей ақ қойшы, мен мұнда маған жазды деп жауап жазбадым, жалпы ешкімді ол шала болсын, таза болсын келеке етуге правон жоқтығын айттым, ұятқа қаласын деп жазыпсын, мен үшін уайымдама… мен өзім үшін өзім жауап бере аламын…
Sashok
Ей, ептібайымайд, «Жеңілген күреске тоймайды» деп, далаға лаға бермеш.
MamaAya
Бөлек екен, грамматиканы шашпасам да солай болатыны көзге ұрып тұр. Түсініктірек болу үшін былай түсіндіріп көрейін, Мысалыға :
оған деген қажеттілік те өсіп келеді.
дегенде қажеттіліктің қасына мұқтаждық деген оның синонимін алып көрейік. Сонда- оған деген қажеттілік те, мұқтаждық та өсіп келеді. болып шығады, ал оларды қосып жазғанда қате екені дауыстап оқығанда көрініп тұр… Біреулердің Шивасы ұрып кетсе де, осындай вывод жасалды, ары қарай ұрыспай-ақ қояйықшы....
Sashok
Сикоша, ай эм сорри. Енді қайталанбайд.
Ispek92
5-інші скорыспен келе жатып бірден артқа сала салады екенсің, а
Sashok
Аташев Серік ағай жүр ме әлі аяқ киімінің басына қарап?
Sikosha
иии мәәә, қайдан танисыз???
Sashok
Біздің ағай ғой.
Sikosha
Серік ағайдан Sashok Sikosha деген, с дан басталатындар білім алама дейм…  Тағы кім бар?
Adiletshu
Рахмет! Плеоназмның не екенін білетін болдым. Екі сөзбен жеткізуге болатын нәрсені түсініксіз сөздермен неге мыжи бергенсің. Посттыңды оқысың десең қарапайым тілмен жазсаңшы.
Arys_arlany
Плеоназм дегенді бірінші рет естіппін. Тақырыпқа кіре алмадым, дегенмен осы туралы жаза берші, түсініп аламын
Gastarbaiter
Іспек92- 22-дегі жігітсің, баланың былдырын соғып отырсың.
Соңғы түзету:
Ispek92
 Дамымай қалып кеткем ғой кішкене кезімде, әлі де солай
Ispek92
Сосын не ғой, ағасы сіздің Берік деген ініңіз бар ма еді?!