Мундиальға баратын 32 құрама
Бразилияда өтетін әлем чемпионатына баратын 32 құрама анықталды. Енді қызық болатыны, әрине, жеребе, Жеребе тарту рәсімі 6 желтоқсан күні Бразиляның Мата-ди-Сан-Жуан қаласында өтеді дейді ресми ақпарат көздері. Жолдама алған 32 құрама 8 топқа бөлінетін болады, жеребенің жолдас немесе жолдас болмауын анықтайтын ең қызықты сәт.
Алдымен 32 құрама арнайы ФИФА ережесіне сүйене отырып 4 кәрзеңкеге бөлініп салынады. Салыну реті былай болмақ: алғашқы кәрзеңкеге жарыс қожайыны, сонымен қатар қазан айындағы ФИФА-ның ең жоғары рейтингін жинаған 7 құрама кіреді. Қалған кәрзеңкелерге ФИФА заңдарына, географиялық принциптерге сай құрамалар таратылатын болады, қысқаша айтсақ бір топта бір құрлықтан екі құраманың болуына жол берілмейді. Сонымен, алдына ала болжам бойынша кәрзеңкелер былай бөлінуі мүмкін:
1-ші кәрзеңке
Бразилия
Испания
Германия
Аргентина
Колумбия
Бельгия
Уругвай
Швейцария
2-ші кәрзеңке
Голландия
Италия
Англия
Португалия
Грекия
Босния и Герцеговина
Хорватия
Россия
3-ші кәрзеңке
Франция
Чили
Эквадор
Кот-д'Ивуар
Гана
Алжир
Нигерия
Камерун
4-ші кәрзеңке
Жапония
Иран
Оңтүстік Корея
Австралия
США
Мексика
Коста-Рика
Гондурас
Бұл жолғы ӘЧ мықтылардың барлығы жолдама алған секілді, ешқандай сенсация боларлық жағдайды байқай алмадық. Өзіңіздің жанкүйерлік ететін құрамаңыздың кіммен түскенін қалар едіңіз? Ой бөлісіңіз.
Менің жанкүйерлік құрамам — Француздар. Мен мысалы, француздарға Бразилия, Грекия мен Мексиканың түскенін қалар едім.
Бір нәрсе қате сияқты. Бір топта бір құрлықтан 2 құрамадан артық болуға болмайтын шығар?
2-ші сұрақ: егер жеребе тарту кезінде 3 команда түсіп қалса қайтадан өткізеді ма?
Бразилия фаворит
Көлемі сай келетін қазіргі сәнді формасын таба алмай жүрмін.( ал мынау мендегі ескісі
Колумбия 2014 жылғы біріншілікке қатысушылардың арасында қызығушылығымды туғызып отыр. С тобында Ивуарлықтармен, Жапониямен, Грекиямен ойнайды.
Осы екі топ болмаса, қалған топтар дәстүрлі құрамалардан тұрады. Үнемі бір-бірімен кездесіп жүрген командалар.
Сол голдардың бәрін Джеко соққан шығар