Қарғыс, мистика немесе кездейсоқтық

Футбол, тек қана футбол!: Қарғыс, мистика немесе кездейсоқтық

Көбімізде мынадай сұрақ бар: Қарғыс(проклятие) пен Мистиканы футболмен байланыстыруға бола ма жалпы? Футбол деген ойын емес пе? Ол жерде тек мықтылар мен күштілер жеңеді, бірақ қарғыс пен мистиканың спорттың бұл түріне не қатысы бар дерсіз? Алайда, футбол тарихынан бері белгілі болып келе жатқан жәйттер мен дәлелдер қарғыс пен мистиканың футболда орын алатынын(жалпы спортта да) көрсетіп отыр. Сонымен, футболды осынау қызықты да түсініксіз жағдаймен байланыстыруға не себеп болуы мүмкін?!

Гугл атайдың көмегіне біраз сүйініп қызықты(қорқынышты болуы да мүмкін) нәрселер таптым. Ендігі сену мен сенбеуді сіздің құзырыңызға қалдырдым.

Футбол тарихындағы ең қызықты да түсініксіз, қорқыныш пен үмітке толы қарғыс Гуттманның қарғысы болып саналады:
Бела Гуттманның қарғысы

Футбол, тек қана футбол!: Қарғыс, мистика немесе кездейсоқтық
Гуттманн 1962 жылы Португалиялық «Бенфикамен» үш маусымда екі бірдей ел чемпионаты мен сол кездегі белді турнирдің бірі Еуропа чемпиондарының кубогын(қазіргі ЧЛ) 2 рет ұтып алды, сол еңбегі үшін бар жоғы өз жалақысына үстеме қосылуын сұраған еді. Алайда басшылық тарапынан талабы қабылданбайды, соған ренжіген бапкер клубтан кетерде«жақын аралықтағы 100 жылдықта бірде-бір Португалиялық команда екі бірдей Еуропа чемпиондарының кубогын жеңе алмайтындығын, ал Бенфика болса бұл кубокты ешқашан ұта алмайтындығын» айтқан деседі бейресми ақпарат көзі. Бұны қарғысқа балауға мына жағдайлар себеп: Гуттманн кеткеннен соң Бенфика ЧЛ-ның финалына 5 мәрте шықса да, барлығын да ұтылып қалып отырды, оған 1983 жылғы УЕФА кубогының(қазіргі ЕЛ) финалындағы жеңіліспен 2012 жылғы ЕЛ финалындағы жеңілісті қосыңыз, кездейсоқтық па? Ал Португалиялық команданың Еуропа чемпиондары Кубогын ұта алмайды деген қарғысына Жозье бапкердің 2004 жылы қалай жауап бергенін білеміз. Бенфиканың қарғысынан құтылу үшін, яғни 1990 жылғы ЧЛ-ның финалындағы Миланмен өтер ойын алдында атақты португалдық ойыншы Эйсебио Гуттманның қабірінің басына барып кешірім сұраған еді, алайда еш көмек болмады, тағы да жеңілді. Сіз қалай ойлайсыз?

Бұдан басқа да көптеген түсініксіз жағдайларды мысал ретінде келтіруге болады:

Футбол, тек қана футбол!: Қарғыс, мистика немесе кездейсоқтық
— Бразилияның футболдан Олимпиадалық құрамасының қарғысы: Бразилия құрамасын пентакомпиеондар деп атап, ӘЧ-тын 5 мәрте ұтқанына қарамастан Олимпиадалық құрама 1952 жылдан бері осы туринрде топ жара алар емес, финалда 2 рет ұтылып, күмісті місе тұтса, 3 рет қоланы қанағат етіпті. Кездейсоқтық шығар…

Футбол, тек қана футбол!: Қарғыс, мистика немесе кездейсоқтық
— Германия құрамасының қарғысы: Германия футбол құрамасы қай турнирде болса да топ жаруға тиесілі құрама қатарына жатады, алайда олардың жолында Италия құрамасы кездеспесе ғана. Германия әлі күнге ресми матчтар есебі бойынша Италияндықтарды жеңіп көрмепті, соңғы өткен ЕУРО-2012-де не болғанын да білеміз. Кешегі өткен жолдастық кедесудің де кезекті дәлел секілді көрінді…

Футбол, тек қана футбол!: Қарғыс, мистика немесе кездейсоқтық
— Англия құрамасының қарғысы: Германия секілді Ағылшындар құрамасын да қарғыс жайлаған секілді. Англия құрамасы қай турнир болса да пенальтиде тек ұтылумен келеді. Кезіндегі ең мықты пенальтист саналған Алан Ширер заманында да осы жағдай орын алып отырды. Ағылшындар 1990 жылғы ӘЧ-ның жартылай финалында, 1996 жылғы ЕЧ-ның жартылай финалында, 1998 жылғы ӘЧ-ның 1/8 финалында, 2004 жылғы ЕЧ-ның ширекфиналында, 2012 жылғы ЕЧ-ның ширек финалында пенальтиден қарсыласқа есе жіберді. Мүмкін бұны ағылшындар сапында ұзақ жылдар бойы жақсы әрі сенімді қақпашының болмауымен байланыстыру керек шығар…

Бұдан басқа қарғыс немесе мистика саналған, кейіннен өзгеріске ұшыраған мынадай жәйттер бар:

Футбол, тек қана футбол!: Қарғыс, мистика немесе кездейсоқтық
— Аарон Ремзи
Арсеналдың бұл ойыншысының гол соғуы әлемдегі белді немесе атақты тұлғамен қош айтысуға әкеп соқтырған кездер болды. Сенбесеңіз;
1. 01.05.2011 Рэмзи «Манчестер Юнайтедке» гол соқты, келесі күні Усама бен Ладен бақилыққа аттанды.
2. 02.10.2011 Ремзи «Тоттенхемге» гол соқты, 3 күннен соң Стив Джобс қайтыс болды.
3. 19.10.2011 Аарон «Олимпикке» гол соқты, ертесіне Муамара Каддафи жарық дүниемен қош айтысты.
4. 11.02.2012 Рэмзи «Сандерлендке» гол соқты, сол түні Уитни Хьюстон ақтық сапарға аттанып кетті.
5. 22.03.2013. Рэмси Шотландия құрамасына гол соқты, келесі күні Борис Березовскийдің өлімін әлем естіді.


Футбол, тек қана футбол!: Қарғыс, мистика немесе кездейсоқтық
— Кешегі өткен Еуро — 2012-ге дейін Ағылшындар Шведтерді ресми матчта ұтып көрмепті. Соңғы өткен ЕУРО-да Шведтерді 2-1 есебімен жеңіп, қарғыс немес мистиканың соңына нүкте қойылды деген осы, мүмкін басқаша…

Футбол, тек қана футбол!: Қарғыс, мистика немесе кездейсоқтық
-Атлетико Мадридтің де Реалдықтарды сонау 1999 жылдан бері ұта алмай келгенін де мистикаға санауға болатын секілді, кейіннен «матрасниктер» бұл қарғысқа да нүкте қойды, соңғы өткен 2 матчта Реалдықтар жеңілуге мәжбүр болды. Бұл жаңа мистиканың бастамасы болмаса екен…

Футбол, тек қана футбол!: Қарғыс, мистика немесе кездейсоқтық
Бейресми дереккөздері және әсірелеп жазатын журналисттерге сенер болсақ, Реалдың жаңа ғасырдағы белді ойыншыларының бірі болған Макелеле клубтан кетерінде мен кеткен соң команда ешқашан ЧЛ-ды ұта алмайды депті.

Бұдан басқа да футбол әлемінде тағы қандай жағдайды білесіз?
Бөлісу:

11 пікір

torgai
Бахтияр Байсейітов Қазақстан құрамасынан кетерде осындай бір қарғы айтып кетпеп пе өзі? Біліп берші. Өтініш…
Сосын
4. 11.02.2012 Рэмзи «Сандерленду» гол соқты, сол түні Уитни Хьюстон ақтық сапарға аттанып кетті.
«Сандерлендке» деп аударуды ұмытып кетіпсің
Соңғы түзету:
asaubota
тақырып өте қызық. футболда да мистика болады деп ойлаймын, соған сенгім келеді

иә, Байсейітов те қарғап кетті ме екен?..
Ispek92
Қарғауы мүмкін емес-ау, нағыз қазақ болса…
temir1986
қыртымбай
Ispek92
Ме бе? Жазба ма?
temir1986
Жазбадағы оқиғалар
Ispek92
Цүнікті, мен кездейсоқтық десе тек Ремзидің жағдайын айтар ем… Қалғаны қызық енд, мистика немесе шынымен қарғыс
torgai
Мистика. Тағы іздеп көрші. Біздің құраманың қарғысын тапсақ, дұға оқитын адамды мен-ақ табайын…
Massa
Е.Ертісбаев: "Қазақстан 2050 жылға дейін Әлем Чемпионатына шықпайды! "
SaZhaM
Бір жерімен бал ашып… малтасын езген екен! Жалмауызымыз болса да жалғызымыз, үміттіміз ғой бәрібір құрамамызға…
SaZhaM
Қызық тақырып екен. Айтпақшы, есіме африкалық командалар арасындағы кездесу есіме түсіп отырғаны. Сол ойында найзағай ойнап, жалт тек қарсылас команданың барлық ойыншыларына түскені бар. Мистика немесе қарғыс емей немене? video.day.az/view=kxii6vtb