Gravіdіtas


Фотограф Леннарт Нильсон ұрықтың пайда болуынан тууылуына дейінгі эволюциялық дамуын таспаға жазып алу үшін өз өмірінің 10 жылын сарп еткен.
1965 жылы LIFE журналы адам эмбрионының 16 беттен тұратын фотосуреттерін жариялады. Фотосуреттер сол мезетте Stern, Paris Match, The Sunday Times сынды салмақты басылымдарға және басқа да журналдарға шығып үлгерді. Мұның барлығы да фотограф Леннарт Нильсонның атын шығарып, танымал етті.
Адам денесінің сұлулығын жасушалық деңгейде паш етуді көздеген, және сол мақсатына жеткен Нильсонның микроскоп пен фотоаппаратқа деген құмарлығы бала кезінен басталған болатын.
Ол адам ұрығының фотосуреттерін 1957 жылдың өзінде-ақ түсіруге мүмкіндік алды. Бірақ, ондағы фотосуреттер жалпақ жұрттың назарына ұсынуға жарамайтын еді. Сапасыз.
Айқын әрі әсерлі түсірілімдер жасауда цистоскопты пайдалануға тура келді. Цистоскоп — қуықты ішінен қарауға мүмкіндік беретін медициналық құрылғы. Жатырға кірудің жолын таппай жүрген Нильсон цистоскоптың басына камера мен жарық өткізгішті бекітіп, сәбидің жатыр ішіндегі дамуын бақылауға қол жеткізді. Тек бақылап қана қоймай, мыңдаған суреттер түсірді.
Осылайша, Леннарт Нильсонның шебер қолдары: адамның пайда болуы деген құпия әлемнің сырын ашып, жұртшылыққа көрсетті. Таңдайын қақтырды.

Аналықжасушамен жүздесу үшін жатыр түтігі бойымен асыға жылжып бара жатқан сперматозоид.

Аналықжасуша

Тесіккөпірдегі тарихи жүздесу

200 млн сперматозоидтың тек біреуі ғана аналықжасушаның қабықшасын жарып, ішіне енді.

Сперматозоид тілініп жатыр. Қайқайған басында барлық генетикалық ақпар сақтаулы.

Арада апта өткен соң, жатыр түтігі бойымен төмен қарай сырғыған ұрық жатырға орналасады

Тағы бір аптадан кейін эмбрион жатырдың шырышты қабатына бекиді

Эмбрионға 22 күн болды. Сұр түсті зат — болашақ ми

18-ші күні ұрықтың жүрегі соға бастайды, лүп-лүп-…

Ұрықтанудан кейін 28 күн өтті.

5 апта. Ұзындығы 9 мм. Ауыз, көз бен танау тесіктерінің саңылаулары бар бет "әлпеті" айқындала бастады.

40 күн. Ұрықтың сыртқы жасушалары жатырдың борпылдақ үстімен бітісіп, бала жолдасы (плацента) түзіледі

8 апта

10 апта. Көз қабақтары жартылай ашық. Бірнеше күннің ішінде толықтай қалыптасады.

10 апта. Айналасын танып-білмекке тырысқан сәби қолдарын қозғалта бастайды.

16 апта

Жұқа тері астына жасырынған қантамырлар көрінеді

18 апта. Ұрық сыртқы әлемнің дыбыстарын қабылдай алады.

19 апта

20 апта. Бойы шамамен 20 см. Басына шаш шыға бастады.

24 апта

6 ай

36 апта. Бір айдан кейін сәби дүние есігін ашады, іңгәлап…
1965 жылы Нильсонның «A Child is Born» атты фотосуреттер кітабы шықты. Бірнеше күнде сатылып кетті.. Қаншама рет қайта басылды. Бұл кітап — осы тектес фотоальбомдар қатарындағы ең көп сатылған кітап ретінде тарихта қалды.
Леннарт Нильсонның жасы 91 -де. Әлі күнге дейін ғылым мен фотография саласынан алшақтамай, өзі сүйген ісімен айналысып келеді.
мында мықты бейнеленген