Жайдарманда 2 күндік финал

  • КВН
КВН: Жайдарманда 2 күндік финал
Биылғы Жайдарман финалы 2 күн өтетін болды. Бұл туралы Мұнара сайтына «Қазақстан КВН Одағы» Президенті Есен Елеукен хабарлады.

Жоғары лига екі күнге бөлініп ойнайды. Басқа ойындардағыдай уақыт жағынан командаларды қысқымыз келмейді. «Жайдарман» бағдарламасына берілген трансляция уақыты тоқсан минуттан аспауы тиіс. Сондықтан екі күнге бөлуге тура келді. 29-қараша күні: «Сәлемдесу», «Бессайыс», «Бейнесайыс» және «Бір әуен аясында». 30 қараша күні «Еркін сайыс», «Ширату» және «Әуенді үй тапсырмасы».
29-30 қараша күндері Жоғары Лига финалына қатысатын командалар:
— ЖасНар (Алматы)
— Демеушіміз Болашақ (Астана)
— Назар аудар (Орал)
— Қорқыт құрамасы (Қызылорда)
— ҚазҰУ құрамасы (Алматы)

Ал Премьер Лига финалы 17 қарашада өтеді. Бір ерекшелігі бұл жолы үй тапсырмасына әр команда өз қойылымында Жоғары лигада ойнап жүрген танымал бір ойыншыны қосып ойнайды.

Финалға қатысушылар:
— Алғабасар (Жуалы)
— АЭСА (Алматы)
— Жастар (Аякөз)
— Тұңғыш Астана (Қызылорда
— ХҚТУ тарифы (Түркістан)
— Тереңөзек құрамасы (Қызылорда облысы)
Бөлісу:

5 пікір

MickThatsMyNick
Не де болса мықты жеңсін, бірақ Назар аударға аударам назарымды. ҚазҰУ-дың орманда, джунглиде адасып кететін қойылымдары аздап жалықтырып жібереді. Бірақ солардай ешқай команда қоя алмайды. Демеушіміз Болашақ та солай адасуын бастап жүр Амазонка джунглилерінде  не деген фантазия солардың соңғы қойылымдары, керемет.
elton_kz
«Назар аудар» командасының ойындарын көріп тұрамын. Жігіттер жарап тұр! Сәлем айт!
ArailymKalen
Осы жылы «Назар Аудар» жеңімпаз болады деп ойлаймын!) иә, Жайдарман жанданып,өсе берсің, деп, тілеймін! Тек қана алға Жайдарманшы топтар!