Шоу бизнестегі белгілі тұлғалардың біз білмейтін қырлары (кейбіреулер білетінде болар)
Белгілі «Денар» тобы барлық әндерін кәдімгі моншада жазады екен. моншаны дыбыс жазатын студияға айналдыру сол моншаның иесі, топтың ән әрлеушісі Бақыт Шалабаевтың ойына келіпті. Топ жетекшісі Ернар Жұматаевтың айтуынша, бұл туралы жоба мүшелері айтуға қысылады екен, әйтсе де ең жақсы әндері осы жерде пайда болатын көрінеді. «Денар» тобына танымалдылық сыйлаған қазақ тіліндегі алғашқы «Қара көйлек» әні осы моншада жазылыпты.
Ресейлік 29 жасар әнші Прохор Шаляпин 57 жастағы зейнеткер әйел Лариса Копенкина мен отбасын құрмақшы. Лариса Копенкина жылжымайтын мүлікпен айналысатын милионер кәсіпкер. Бұл күнде екі ғашық Мәскеудің ортаңғы бөлігінде 3 бөлмелі пәтерде тұрады. Олардың махаббаты мәңгілік дегенге Копенкина толықтай сенімді түрде келіседі.
69 жасар кинорежисер Джордж Лукас пен 44 жасар әйелі Меллоди Хоббсон балалы болып жатыр. Бірақ бала суррогатты анадан дүниеге келді.
Эдриан Гренье «Таблетка арқылы қалай ақша жасайды» деген деректі фильм түсірді. Фильмге 50Cent, Сьюзан Сарандон, Вуди Харрельсон и Эминем сынды жұлдыздарда атсалысып жатыр. Фильм барысында Эминем өзінің Викодин деген таблеткаға қалай тәуелді болып, оның мөлшерін көбейткеннен ажал құша жаздағанын баяндайды.
Американдық белгілі әнші Мадонна өзінің 55 жасын атап өтті. Мадонна Луиза Вероника Чикконе 1958 жылы 16 тамызда Мечиган штатындағы Бэй-Сити қаласында дүниеге келген. 19 жасында шоу-бизнес әлеміне аяқ басу ниетімен Нью-Йорк қаласына келеді. Ол кезде оның қалтасында небәрі 35 доллар ақшасы болған.
Верка Сердючка есімі мен белгілі әртіс Андрей Данилконы «Россия 1» арнасы гомасексуализмді насихаттағаны үшін эфирден шеттетіп отырған көрінеді. 40 жасқа келген әртіс әлі күнге дейін отбасын құрмаған және оның әйел заты мен болған махаббаты туралы да еш жерде ақпарат жоқ.
Американдық поп-әнші Бритни Спирс ең үнемшіл әнші ретінде танылды. Оның өткен жылғы кіріс қоры 14 милион доллар болса, шығындары осы соманың жартысын ғана көрсеткен.
дереккөз
дереккөз2
— шылау мен жалғауды айырмаймыз ба?
Аха, ілмектер қосу керек.
Жазба жаман емес.