La-La-La
Naughty Boy атты британдық әншінің Sam Smith-пен бірге айтатын La-La-La-La әні биыл хит болып тұр. Naughty Boy-дың шын аты — Шахид Хан (Shahid Khan), Лондонда Пәкістандық отбасыда дүниеге келген. La-La-La арқылы танымал бола бастады. Осы әннің клипінің мағынасын интернеттен іздеген едім. Тапқан ақпаратымды сіздермен бөлісейін.
Клипте әкесінен зәбір көрген бала далаға қашып шығады. Жолда бір үндістің итін алып кетеді. Содан кейін би клубында шаң-шаң болып, музыка қосып беріп отырған шалды ертіп алады. Екеуі көшеде жол көрсетіп тұрған түсініксіз адамды да өздерімен ертіп кетеді. Үшеуі бірге бір тауға келіп, таудағы үңгірде баламен қоштасады. Бала үңгірдегі ешкібасты құбыжықпен жалғыз қалады.
Бұл сюжет бір Боливия аңызын негізге алған екен.
Аңыз бойынша құлағы мүкіс бала зәбір көре бергесін үйінен қашып кетеді. Бір қаңғыбас ит тауып алып, екеуі көшеде өмір сүре бастайды. Көшеде оның бір қабілеті ашылады. Бала өзінің орасан дауысының арқасында науқас адамдарды емдей бастайды. Дауысының қаттылығы торнадо немесе жерсілкіністей болған екен.
Бір күні ол жұрттың барлығы мазақ қылып жүрген бір шалды тауып алады. Өзінің дауысы арқылы шалды емдейді, жүрегін жаңартып береді (Клипте шалға жүрек сатып алып береді)
Кейін олар қоғамнан аластатылған қорқынышты адамды кездестіреді. Оның айтуынша ол әулие болған адам екен. Оны «Эль-Тио» деп аталатын жын өзіне бағынбағасын лағынеттеген. Тауда өмір сүретін бұл жыннан бәрі қорқады екен және оған құрбандық әкеліп, үңгірге тастап кетеді екен.
Үшеуі бірге жын тұратын үңгірге барады. Жынды тек сол бала дауысымен жеңе алады немесе ол да құрбандық болып қалып қояды.
Жалпы ән осы аңызды негізге алып, жамандық пен жақсылық туралы айтады.
Әннің мына сөздерін оқып көріңіз:
I’m covering my ears like a kid
When your words mean nothing, I go la la la
I’m turning off the volume when you speak
Cause if my heart can’t stop it, I finally to block it I go
Кішкентай сәбише құлағымды жабамын
Сөздерің түк мағынасыз болған кезде, Ла ла ла деп өлең айтамын
Сен сөйлеген кезде дауысыңды басып тастаймын
Жүрегім егер тоқтата алмаса тосқауыл қоямын да Ла ла ла деп өлең айтамын
тау басынан инктердің қатып қалған құрбандыққа шалынған балалары табылып жатады.