Сізді футболдан суытатын адам түрлері және сипаттамалары
Құдайға шүкір, Қазақстан Премьер(!) Лигасы аяқталатын уақыт жақындап қалып, Еуропа елдерінің чемпионаттары басталып кетті, Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасы да келіп қалды. Келесі жылы мүмкін Бразилиядағы Мундиаль да болатын шығар? Түнімен футбол қарап, жұмысқа ұйқылы-ояу келетін кездер басталады енді. Қандай керемет түндер күтіп тұр, иә? Алайда барлық футбол ләззатыңа үлкен дәрет сындыратын адам түрлері болады. Солардан алыс жүргенің дұрыс. Оларды таны!
Мазаққұмар қалқанқұлақ
(Суреттегі Реал фанатының басын кесіп тастапты ана Барса фанаты)
Сүйікті командаң жеңіліп қалған кезде уақыт түнгі 03:30 болса да бірден телефон соғуы мүмкін, SMS жазады бірлігі аз болса. Әлеуметтік желілерге Рунеттен тапқан мем, демотиваторларын лақтырады. Түскі асқа дейін бүкіл лентаңды мал қылады. Бұларға игнор қойған дұрыс, еш жауап берме, реакция көрсетпе. Назар аударылмағандықтан асылып өлуі мүмкін, жаназасына барған кезіңде өзіңнен өзің күліп қойма, жақындарынан ұят болады.
Кәсіпқой бәс тігуші, статистикашы
Ойналған футболдан еш хабары жоқ, тактикаға қойған үлкен бұтағы бар. Бірақ бұл албастылар командалардың соңғы ойындарын, соғылған гол сандарының орташа есебін, шамамен қай минуттарда көп гол соғатындарын, қос команданың соңғы 10 жылдағы өзара ойындарының нәтижелерін, қанша рет бұрыштан доп тебетіндерін, қанша ескерту алатындарын, бәрін айтып береді. Бұлармен футбол қарама, бәстері шықпай жатса сенен қарыз сұрайды. Берме.
Әйелдер
«Біздікілер қайсысы?», "Өй, Қазақстан жеңіліп қалады", "Қызылдар ұтатын сияқты", «Бекхэм ойнап жатыр ма?», «Осы ана тістері андай бар еді ғой, Рональдиньо ма, сол қайда?», "Қашан бітеді?", "Қазақстанға қойып көрші, Ананди басталды ма екен?"
Таныс сөздер ме? Мазохист болмасаң әйелдермен футбол қарама.
Ереже білмейтін дос
Бұлар негізі жаман жігіттер емес. Бірақ футбол қараған кезде зайыбыңды шығаратын типтер. Досың болса да бір ұрғың келіп кетеді. «Осыны ұтса енді кіммен ойнайды?», «Ана жақта 1:0 болып ұтса шығады ма?», «Неге?». Бұлар түк ереже білмейді (қақпаға доп кірсе гол екенін біледі әрине). футбол жаңалықтарын оқымайды. Кубок немесе плей-офф ойындарындағы сырталаңдағы гол үстемдігін, есебін білмейді. Түсіндірсең де түсінбейді. Мұндай жолдаспен бірге футбол қарама, қарайтыныңды айтпа, «шаруам бар еді» деп құтыл. Достықты уақытша үзе тұр.
Фанатик қыздар
Олардың альбомдерінен бастап, профиль суреттеріне шейін футбол! Стадионға да фотоға түсу үшін барады. Футбол олар үшін басқа қыздардан бөлектену, назар аударту құралы ғана. Өте қауіпті типтер. Өйткені жоғарыда аталған 4 түрдің үшеуінің барлық қасиеті бұларға тән. Статистика — математика ғылымының бір бөлшегі болуына байланысты саналары дұрыс меңгере алмайды, ал бәс тігу, ақша құртудан әлбетте қорқады әйел заты болғандықтан. Мұндай қыздармен футбол қарауын қарап қаларсың, бірақ өмірлік жар қылып алатын түрден емес.
P.S
Ең дұрысы — кішкентай балалармен қарау. Олар көп сөйлемейді, түсінбегесін қарап отыра береді, ұйықтап қалады.
Осы қауымнанбыз.
сіздің үйден саған жұққан ба? Мәдөк аман ба?
Ойылда кезінде 100 теңгеге Шұғыла жақтағы командадан Масатов-сай жақтағы командаға трансферім болған. 1995-96 жылдың шамасы болса керек, Ақтөбе жасыл формада Болатты (Теміртау) 9:0 ме, 8:0 ме қып жеңді. Мұрат жездемізге еріп алғаш стадион көрген мен Периот красные деп айқайлаппын. Ол кезде қызыл түсті жақсы көріппін. /қазір керісінше, жасыл/ Кетай, жасылға болыс деп еді сонда айналадағы шалдар.
/Сөйтсем, баланың аузына пиеріште салған екен, қызыл болды ғой кейін формасы ақтөбенің/.
1998 жылңы ӘЧ — есім біліп, қызығып қараған тұңғыш турнирім болды. Эххх…
Мәдөк аман. Алматыда. Болашақ архитектор-құрылысшы деп отырмыз.
Әлі күнге дейін қақпашымен бетпе-бет келіп соғылған доптар неге оффсайд емес, гол болып есептелетініне миым жетпейді. «Оффсайд деген не?» деген сұрағыма көп адамдар берген жауапқа сәйкес келмейтін әрекет
осындай күйде болдым кеше. жұмыста оффсайдты түсіндіріп көруге тырыстым.