Фэнтези Чемпиондар лигасы 2013/2014
Кезекті Чемпиондар лигасы маусымымен қатар УЕФА-ның ресми сайтындағы Фэнтези ойыны да басталғалы жатыр. Ережелер бұрынғыдай: сізге берілген виртуал 100 еуроға 15 ойыншы таңдап, ұпай жинайсыз.
Команда құру үшін: ru.uclfantasy.uefa.com
kerekinfo.kz лигасы да құрылды, оған қосылу үшін мына кодты енгізіңіз: 194978-500665
Қазір ең көп таңдалған ойыншылар:
Команда құру үшін: ru.uclfantasy.uefa.com
kerekinfo.kz лигасы да құрылды, оған қосылу үшін мына кодты енгізіңіз: 194978-500665
Қазір ең көп таңдалған ойыншылар:
Осында принтскрин жасап салайық командамазды
өзгерттім
Ұпай жағын білмедім енді
запасқа ең арзан адамдарды алыңдар да ақшаның қалғанын алғашқы он бірде ойнайтындарға құртыңдар. бірінші күні ойнайтындарды сағат 00:00 шамасында УЕФА сайтынан қарауға болады, ал екінші күні ойнайтындарды енді жаңалықтардан нету керек болады. трансферлер 00:30-да жабылады, соған дейін үлгеру керек.
бүгін команда құрып қойдым, бірақ ойын күні қайтадан ауыстыратын шығармын.
әр тур сайын 1 трансфер тегін жасауға болады, қалған трансферлерге 2 ұпайдан алып кетеді. сондықтан барынша топтан шығатын командалардан алған дұрыс. Пепе сияқты қаямбастарды алмаңдар, сары қағаз үшін минус береді. бір турда точно гол жібермейтін командалар бар болатын болса солардың қорғаушыларын алған дұрыс, 6-7 ұпай береді тап-таза.
Бірінші постулат: ойыншының дардай атына қарамаңдар!!! Ұзақмерзімді перспективада тұрақты ұпай алып бере алады-ау деген бес-алты ойыншыны анықтап алыңдар. Мысалы, Барса мен Баварияның нападениесінен гөрі, защита мен қақпашысын алған реальныйлау: жалпы, қақпашы мен дефендерлердің түсінікті себеппен гол жібермейтіні жақсы. Одан соң шабуылғажиі араласатын қорғаушыларға көз сала жүріңдер.
Қорғаушылар негізі көп ұпай әкеледі, жақсы таңдай алсаң. Олар соққан голға 6 ұпай беріледі, оған қоса гол жібермесе плюс төрт, голевой пас берсе плюс үш. Яғни, бір ойында потенциалды түрде он үш, кейде одан көп жинап бере алады. Қорғаушыңа уверен болсаң, оны капитан етіп сайла, алған ұпайларыңды екі еселейді.
Сондықтан, форвардтардың атына қызығып топырлата бермей, 5 қорғаушы, 4 мидфилдер, 1 форвард схемасын ойлап көріңдер.
Одан соң тағы бір бағалы кеңес: фентези ойнатылымында бір мәрте ДЖЕК ПОТты ойнатуға болады: ешқандай ұпайды шегертпестен құрамды толықтау жаңалауға болады. Бұны қарсыластарыңа айтып қоймаңдар, тссс )) Негізі, екінші не үшінші турдан кейін қолданғанды дұрыс көрем осы мүмкіндікті, неге екенін бір екі жылдық тәжірибеден кейін ұғарсыңдар
Одан соң, стандартты моменттерді орындайтындардан таңдаңдар, олардың не гол соу не голевой пас беру ықтималдылығы жоғары.
Айтпақшы, запастағы 4 адамды не үшін беретінін түсіндім. Егер основадағы ойыншылар қандай да себеппен ойынға шыға алмай қалса, тур біткеннен кейін компьютер автоматты түрде алаңға шықпай қалған ойыншының орнына запастағы ойыншының очколарын есептейді. Егер, запастағы ойншыны алаңға шығармасаң, мейлі ол реалда 20 очко жинасың саған түкте берілмейді. Сондықтан запасқа арзан ойыншыларды алып, основаны дұрыстаған жөн екен
Өткен тур жалпы ұпайға сараң болмады. Кейде турдың орташа баллы 20-30 болатын кездер де болған. Сондықтан алда тым төмен алып қалдым екен деп суицидалды қам-қарекетпен өздеріңді жегідей жемегейсіңдер.
Бүгінгі матчтар туралы.
Торғайдың қатесі өзіне жақсы сабақ болуы керек. Және ойынға енді кірісіп жатқан басқаларға да. Джокерді, немесе жалпы трансферлерді, мүмкіндігінше ойын болатын күні, ойыннан бірер сағат бұрын жасаған мақұл. Оған дейін бекітілген команда құрамын, кімнің шығып-шықпайтынын біліп алуға шанс бар.
Джокер істер болсаңдар ұзақмерзімді перспективаға қараңдар. Келесіде аз трансфер істеп, тұрақты ұпай жинап берер еңбекқорларға көз тігерсіңдер, бәлкім.
Кешке қолым тимеуі мүмкін, трансферлерімді бүгін түсте қарармын, жасасам екі-үш айырбас қана жасармын. Сұрақтар болса қоя отырыңдар, ойынның бас жүлдесі арамызағы біреуге бұйырсын.
бүгін Роналдушылар күтіп отырған шығар, 1-2 гол соғады деп. соқпайды ау?
Көтенкаген дірілдеп, әзер тұрса.
Роналдуды капитан етері хақ,
Көрегендер сонысын сезер болса ))
munara.kz/2013/10/22/chempiondar-ligasy-3-tur-1-kun-oyyndaryna-sholu/
Бавариядан Алаба тағы гол соқты. Баварияның ойынын көргендерің Алабаның защитада емес, атакада көп жүретінін байқаған шығарсыңдар. Роббен мен Рибери жақсы жинап жүр. Бірақ масқара қымбат қып қойыпты.
Роналду 3 турда 7 гол соқты. Туринде гол соғады деп ойламаймын. Сондықтан Роналдуды сатып орнына Ибра, Кавани немесе Левандовскийді алған дұрыс болады. Бэйл кегелі бері Ди Мария Кураж ұстаған сияқты.Ди Марияға тиіспес едім. Мықты пас береді жарықтық
Челси 2 ойында гол жіберген жоқ. Лондонда да жібереді деп ойламаймын. Голкипер мен Защитасынан бөлек Оскар мен Лампард жақсы жинап жүр.
Барселоның защитасы фэнтезида ең қымбат. Жарақат алып қалған Альбаның орнына зпастағы Адриано ойнап жүр. Соны әбизөк қосып қойыңдар. Основной защитник болмағаны үшін 4-ақ млн. тұрады. Месси Миланға тағы бір гол соғатын шығар. Капитанды Месси қылар едім
мынадай болып сайтқа кіре алмай отырмын, не істеуге болады?
Мынаған не дейсің, брат?!