Шүкіршілік...

Негізінен адамда қанағат, шүкіршілік ең басты қасиет. Соны дұрыс түсінбейміз де, сосын қиналамыз. Адам дүниеге ешқашан тойған емес. Бәрі де керек, керек емес зат жоқ. Бәрін иемденгіміз келеді. Негізі ойлап қарасақ, өмірге дымсыз келіп, дымсыз кетеміз, солай емес пе? Кім анасынан туылғанда қолына бірдеңе ұстап туылды, өлгенде қабіріне не алып кетіп еді? Дүние жима, кедей бол демеймін. Мұсылманның дәулетті болып ешкімге қол жаймағаны дұрыс. Ол жайлы пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да айтқан. Тек ашкөздікке салынып, артық кетпеу керек. Адам маңдайына жазылған ризықты тауыспай өлмейді, тағдырыңда жазылғанды көресің.
Мына бейнебаян аяқ киімінің жыртығына өкпелеп, мүгедек жандардың бар екенін есінен шығарған бала жайлы...

Бөлісу:

2 пікір

kariim
Әсерлі.
satibaldi
Мұңдасыңды тапқан сияқтысың