Қайрат Нұртастың жанұясы

Тек қана қазақша сөйлейтін әнші))
Бөлісу:

12 пікір

kariim
Бұл Қайратымыз қоғамға не берді? Қандай пайда келтірді?
ken
«бұрын қазақша ән тыңдамайтындар енді Қайраттың қазақша әндерін тыңдап жүр» десем, қалай?
Соңғы түзету:
kariim
Бар пайдасы осы ма? Қазақ тілінің дамуына үлес қосып жүр екен ғой? Қазақ тілінің мұғалімі лайығырақ қой бұған…
VIX_Xristabergenovich
Бұл Қайрат Нұртас қазақ тіліндегі ән айтқанымен көптеген әншілер сияқты орысша сөйлейді. Бірде, Вконтактедегі аккаунтына кірсем, барлық жазбасы орысша. Сосын айттым қазақ тілінде ән айтасың, қазақтардың арқасында көтерілесің, бірақ қазақша сөйлемейсің деп едім, жауап бермей қойды.
kydyrbai
телеарналарда қай бағдарлама да болсын қазақша сөйлеп жүр еді ғой
VIX_Xristabergenovich
Телеарналарда қазақша бағдарлама болған соң қазақша сөйлейді ғой енді. Бірақ былай сыртқа шықса болды орысшаны басады.
konvict
Қайрат әлеуметтік желіде отырмайды
VIX_Xristabergenovich
Білмейм, бірақ соңғы концерттерді хабарлап, әйелінің аккаунтын көрсетіп, тағы оншақты әншілермен аккаунтты дос болатын. Салтанат Бақаеваның өзі де соның аккаунтының сілтемесін беріп жыртыңдап жүретін. Өзі отыратын сияқты.
edige
Тек қана қазақша сөйлейтін әнші
Кейінгі кезде шыққан әншілердің көпшілігі арнайы білімі жоқ немесе сырттай оқып меңгеріп аламын деп жүргендер…
Мұнда «Ақан сері, Біржан сал универде оқымаған ғой»т.с.с. деп кететін қыртпа аргумент айтылуы да мүмкін. Басқа тілді біліп тұрып тек қана қазақша сөйлесе ол МАҚТАНЫШ болар ма еді.
Мүмкін басқа тілді білмейтін болар, басқа елдердің тілінде де ән шырқап шет елді бағындыратын қабілет болмаса бұл мақтанатын себеп емес. Қазақстан ішіндегі сындарда әділқазылар сол орындаушының "Әнін не сөзін жазғандар" болғандықтан ол есепке кірмейтін сайыстар.
Менің оған гендік тұрғада жауласқан дәнеңем жоқ. Әйтсе де информбюро сұхбатында: концертке кешіктік деп келе жаткан кісілерге машинада отырган жерімде
-«Келіңіздер, менімен суретке түсіп алыңыздар» — деп айтқан дарақы рont ұнамады…
007
ал мынаған жәнемынаған қараса пост иесінің пікірі өзгерер
kydyrbai
мен Қайраттың «табынушысы» (фанат) емеспін, тек көп сұхбаттарын қазақша өкізетін болғасын жаздым.
бірақ 1-бейнекөрініс досы екеуінің қалжыңы екені айтылған,2-сі ашылмады
dark_nazgul
Біздің де отбасы тек қана қазақша сөйлейді.  менің мамам да Қайраттың мамасы сияқты орысша дұрыстап сөйлей алмайды. Менің інімнің орысшасы Қайраттыкінен де жаман.