Мұнайшылар мерекесі!
Қыркүйек айының алғашқы жексенбісі — мұнайшылар күні! Биыл білім күнімен қатар мұнайшылар мерекесі де қатар келді. Мұнайшылар жұмысы оңай жұмыс емес. Әрине барлық жұмыстың да өз қиындықтары бар. Мұнайшылардың жұмысын өзім күнде көріп жүргенсін айтып отырмын. Кейбіреулер мұнайшылардың айлығы көп деп, көре алмаушылықтарын білдіріп жатады. Меніңше олар адал еңбектерін алып отыр.Ақщаға қызықсаң сен де жаса, сол жұмысты, бірақ қиындығына төзе аласың ба? Елімізде мұнайшыларға толықтай жағдай жасалмай келеді. Төбелерінен май саулап, тәулігіне 12 сағаттан жасайды,(басқа елде 5-8 сағаттан аспайды),қол жұмысы көп, экологиялық зияны көп. Еліміздің негізгі табыс көзі мұнай болса да, мұнайшылар несие алып қарызданып жүр. Әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларын жасауға мемлекетіміздің жағдайы жетер еді, егер мұнайды дұрыс пайдалана алса. Мұнайды өңдеп білмегесін шет елге арзан шикілей сатып, кейін одан өңделген тауарларды қымбатына сатып аламыз. Мұнайды өз елімізде өңдесе, мүмкін пайдасы көп болар ма еді шығынынан гөрі.Айта-айта жауыр болған тақырапты осымен қояйын…
Мұнайшылар мерекелеріңмен! Еңбектеріңнің жемісін көрің! Аллаһ жанұяларыңа бақыт, береке берсін!
29 қыркүйекке дейін әлі біраз бар.