Бір дезаның тарихы
Кеше әлеуметтік желі арқылы бір деза жібергем «Ақтөбе» туралы. Ешқандай сілтемесіз жәй ғана өзімнің ойым ғой. Орысшаға Nurgisa аударып берді әдемілеп. Сосын екеуін ФБ және ВК арқылы жібере қойдым. Нәтижесі көп күттірген жоқ. Бәленбай лайк, комент, бөлісулер. Бір спорт порталы жекеге шығып сұрады мән-жайды. Ал біреуі тіпті соны жаңалық қылып шығарып жіберді. Негізі солардан күткем, «осылар шығарып жібереді ау» деп. Оларды ақпарат көзі қылып орыстілді спорт сайттарының ең ірісі Спорт.Сру да шығарды. Өкініштісі бұл ақпараттың команда бапкеріне, ойыншыларға жетуінде. Жаңағы қайғы-спорт сайты осы сұрақты қойыпты бапкерлерге
Ақпаратты тексермей ұра беретін тек қазақтар ғана емес екен қысқасы
Енді осы дезаны талдап көрейік:
Деза бірнеше бөлімнен құрастырылды. Ішінде бір шын ақпарат бар. Ол Фенердің шынымен соттасып жатқаны. Бұған сенеді, бұл өтеді. Одан кейін Фенердің орнын басушылар туралы да ақпарат шындыққа жақын. Фенердің алдыңғы қарсыласы Зальцбург былай да өтіп тұр Еуропа Лигасына. Енді деза кетеді. Оның орнына рейтинг бойынша бірінші тұрған Қазақстан командасы өтеді. Міне осыған жұрт сеніп қалды. Дезаны әрі қарай күшейту үшін соңғы сөлйем жазылды. Ол егер Ақтөбе өз күшімен өтіп кететін болса оның орынна рейтингте 2-ші тұрған Румыния командалары келеді деп. Бұдан кейін ешкім тексергісі келмей кетеді. Дезаның тәттілігі сонша ешкім мұны тексермей сенгісі келді. Иә, түсінемін жанкүйерлер бұған сенгісі келеді. Ал ақпарат таратушылар алдымен тексеруі керек қой?
Айтпақшы, мен де лайк басқандардың бірі едім. Деза екенін қайдан білейін.
онша дұрыс емес тірлік болды бұл. Әшкерелеу жөн шығар, оған Ақтөбені пайдалану, елдің эмоциясы мен сенімімен ойнау — нот гуд.
мұндай ақпараттарға өз басым тексеріп алмай сенбес едім, түк логикаға келмейді ғой.