2 тур. Ла Лига

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 2 тур. Ла Лига
Кешегі ойынның қорытындысы, бұл жолы да тігіліп айтқан болжамым желге ұшты немесе Реал өз ойынын таба алар емес. Сырт алаңда Гранадаға қонаққа барған Реал 0-1 есебімен терлеп қайтты, терлегенде де ұтып терледі. Жеңіс оңай келді дей алмаймын, әрең дегенде жеңді. Реалға не болғанын Ванганың өзі де айтып бере алмас еді, тірі болса да. Қонақта соғылған жалғыз голдың авторы француздық қисықмерген Бензема. Енді ойынға келер болсақ:

Ойын жайлы:
«Гранада» — «Реал Мадрид» 0:1 (0:1)

Гол: 0:1 — Бензема (10)

Ассистент: 0:1 — Роналду

«Реал Мадрид»: Диего Лопес; Арбелоа, Пепе, Серхио Рамос, Марсело (Начо, 61); Модрич, Ди Мария (Карвахаль, 88), Иско, Озил (Каземиро, 65), Криштиану Роналду; Бензема.

«Гранада»: Роберто Фернандес; Ньом, Диакате, Майнц, Ангуло; Х. Йебда (Фран Рико, 68), Итурра, Пити, Брахими, Дани Бенитес (Буонанотте, 76); Эль-Араби (Рики, 45).

Арбитр: Хавьер Эстрада Фернандес

Ескертулер: Пепе (36), Марсело (38), Пити (55), Итурра (79), Брахими (86), Майнц (86).

Анчелотти бапкер алаңға нашар құрама шығарды дей алмайсыз, кез-келген Еуропаның топ командасын тігіп тастайтын құрамамен шыққан Мадридтіктер өздері тігіліп қала жаздады. Негізгі құрам мынадай болды:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 2 тур. Ла Лига

Ойыннынң бейне шолуын мына жерден қарасаңыз болады
Бенземаның Роналдудан ұрлаған голы:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 2 тур. Ла Лига
Гранада командасы Роналдудың есінен ешқашан жоғала қоймасы анық, неге десеңіз өткен жылғы маусымда Гранада қонаққа барған Реал ол жақтан ұтылып қайтқан еді. Жай ұтылса жақсы ғой, ойындағы жалғыз голды Роналду соқты және анау-мынау емес өз қақпасына(бұл Роналдудың карьерасындағы ең алғашқы автоголы болатын). Қызық үшін қарай салыңыз:


Ал ойынды өзімше сараптап көрсем:
1. Тағы сол Касильястың қосалқы құрамда қалуы мен түгілі Шиваны да таң қалдыру үстінде. Анчелотти бапкермен келісе алмаймын.
2. Бұл жолы қорғаныстағы жігіттердің керемет ойынын атап өткен жөн секілді. Рамос пен Пепе нағыз баптарына жақындап келеді
3. Өзілдің флангте ойнауын өз басым ұнатқан емеспін, бірақ Анчелотти өзі білер не істеу керегін, алайда Өзілдің өзі бүгінгі ойынға ырза болмай кеткеніне мынау дәлел бола алатын секілді:

4. Сонда да айтарым, 2 турдағы ойынымыз нашар болса да осы жолғы Ла Лигадағы бастауымыз соңғы 4 жылдағы старттардың ең сәттісі саналатынын ұмытпағайсыз
5. Анчелотти практика жасаудан қорықпайтын секілді, кешегі матчта жаңа схемамен тәуекел еткені белгілі:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 2 тур. Ла Лига
6. Қанша моменттерді наққа жіберседе осы кісіге жат көңілден нақмет деймін өз басым:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 2 тур. Ла Лига
7. Үздік ойыншы деп Модрич немес Ди Марияны атар едім.

Ойыннан аздаған фото шолу:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 2 тур. Ла Лига
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 2 тур. Ла Лига

Осы ойыннан соң корольдік клуб 4 орынға мықтап жайғасты, әзірге көш басында каталондықтар.

_________________________________________________________________________________________________

2 турдағы басқа ойындар нәтижесі:
Эльче – Реал Сосьедад 1:1
Эспаньол – Валенсия 3:1
Вильярреал – Вальядолид 2:1
Атлетико – Райо Вальекано 5:0
Малага – Барселона 0:1
Леванте – Севилья 0:0
Бетис – Сельта 1:2
Хетафе – Альмерия 2:2
Атлетик – Осасуна 2:0

_________________________________________________________________________________________________

Бөлісу:

14 пікір

asaubota
Арда гол соқты ма АМ-да?
konvict
АМ-дар айырып алыпты көршілерін. Арда біреу соқты. Вилья әлі лигада гол соға алмай жүр.
Ispek92

ағасы мынау Арда Тұран дегенге сенер ме едіңіз?
konvict
Реалдың ойыны жүрмеуінің басты себебі — Хаби Алонсоның жоқтығы. Оған танк Хедираны қос. Роналду әлі бабына келмеген тәрізді. Сосын Касильяс деңгейін жоғалтып алған секілді. Лопес бекерден бекер қақпада тұрып жүрген жоқ.
Ispek92
Тап сол Алонсо мен Хедира қажет болатындай қарсыластармен ойнап жатқан жоқ деп ойлайын десем, Мессисіз Барсаның Малагага қанша гол соққанында көт көрді. Соған қарағанда айтқаның рас секілді
Ispek92
Саған мына видеоны ұсынамын
Adiletshu
ОЗил оң қанатта нашар ойнайды. Реалдың орнында болсам Озилді МЮ-ға сатып жіберер едім.
Ispek92
РЕалдың орнында болмағаныңызға қуанып отырмын мен
Adiletshu
Озилдан гөрі Модрич әлде қайда жақсы ойнайды. Озил 90 минутқа шыдамайды, шаршап қалады.
Ispek92
Негізі тактикаға салар болсақ, Өзіл шабуылдың таптырмас ойыншысы болса Модрич шабуылмен қатар қорғанысты да алып жүре алады. Сонда да Өзілді сатпас едім өлсемде, ойыны алдағы уақытта жүре жатар.
Ispek92
Барса әзірге 1-ші орында және көңіл-күйлері керемет секілді:
Adiletshu
ортада қол шапалақтап отырған кім
Ispek92
Қателеспесем Дос Сантос болу керек, қателесуімде мүмкін…