Стақандастарым. Ақыншаның үш ерлігі. #1

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Ақыншаның үш ерлігі. #1

Бір күні саған да: "Әкелш ал Туаймайтэннің ең ішкіш адамын! Қалай ішуді көрсетейін оған!" деген әпербақан әрі күпір ой келуі мүмкін, және ол заңды да. Себебі ондай ой кезінде барлығымызда болған. Бірақ ой түрінде қала берген.

Сонда да қоймай, "әкелш ал, әкелш!" деп, тасымды жеп маза бермейтін болсаң, әрине, жұқа жұртшылық саған қарсы бірмұрыннан Ақыншаны жіберер еді. Тартжіверу жарысы басталмай жатып, Ақыншаның аузынан шыққан этил буларынан шиқылдап көңіл айтқан мүсәпірге айналар едің. Себебі Ақынша кезінде…

***
Ақынша кезінде Түркістан Әскери Округінде отан алдындағы кредитін төлеген екен. Содан күрестен жарыс ұйымдастырылыпты. Командарм нағыз орыс шовинистінің өзі екен. Қаззақ балуандары барлығын жығып тастаса да, «техника жоқ, әншейін қара күш қана, Мәскеудегі жарысқа жарамайд!» деп, орыстарды тықпалай береді екен. Ашынған қаззақ жауынгерлері сұрақты төтесінен қойыпты:

— Сонда қаззақ өтуі үшін не істеуіміз керек, а нақ?

Осы жерде командарм да бетпердесін сыпырып тастап, былай жепТ:
— Қаззақтар мені ішуден жеңген күні ғана Мәскеуге жарысқа барад! Ал ол мүмкін емес! Сондықтан қайқайыңдар!

Жігіттер күңкілдесіп-бұрқылдасып тарасып жатқанда, Ақынша жалғыз қақшиып тұр дейді.

— Саған не, бәрінен көп керек пе не нақ? — депті шовинист.

— Жаңағыңыз рас па? — депті Ақынша.

— Рас, офицердің сөзі: менімен ішуден жарыстан ұтсаңдар, Мәскеуге қаззақты жіберем — депті шови.
— Онда, — депті Ақынша әлүмин торсығын ашып жіберіп, — бастайық!

— Мәссаған! Ал бастасақ — бастасақ бастайық, мұрынбоқ! — депті шови.

Сонымен, Ақынша амигос екіжүзграммдық қырлы стақанға толтырып құйыпты да, шімірікпестен жұтып қойыпты, тіпті қаумалаған жұртта жаңағы мезет шынымен көз алдымызда болды ма, әлде жаппай психозға ұшырадық па деген күдік пайда болыпты. Сосын босаған стақанға тағы да сонша құйып, шовиге беріпті.

— Лібә, орыспен орыстың водкасын ішіп жарысқан сендер де! — депті шови, — тігесіңдер нақ! Кәнеки, гаупвахтаға дайындала беріңдер! Қазір нақ!

Кекетіп-мұқатып болған шови стақанды бір-ақ көтеріп жұтпақ болған. Бірақ алғашқы тамшыларынан-ақ стақанды лақтырып жіберіп ауаны қармай береді. Столдың үстін қирата-пирата қолына іліккен сұйықтықтардың барлығын аузына құя беретін көрінеді. Қақалып-шашалып, көзден де, көттен де ағып-тамып болғасын, жан бітіп:

— Бұл не? — депті Ақыншаға.

Сүйтсе Ақыншадағы ұшақтың терезесін қатып қалмасын деп жуатын спирт екен.
— Ертең Мәскеуге дайындалыңдар, ептібайымайдтар! — депті шови есінен танып бара жатып, — өңешім өртеніп барад, ойбай-ай, ойба-а-а-а-а-й!..

* Иллюстрация: Василий Шульженко
Бөлісу:

11 пікір

nurik_muzei
— Ертең Мәскеуге дайындалыңдар, ептібайымайдтар! — депті шови есінен танып бара жатып, — өңешім өртеніп барад, ойбай-ай, ойба-а-а-а-а-й!...
Gastarbaiter
«Метанол ішіп көрдің ба?» деп мақтанатындарын естіп едік.
Anar70
дааа, нағыз шови сволош…
ken
Ақынша неге өлмеді??
JangirBokeiuly
тіпті қаумалаған жұртта жаңағы мезет шынымен көз алдымызда болды ма, әлде жаппай психозға ұшырадық па деген күдік пайда болыпты.
Ойласам керемет сюжет
MERmukhanov
сатыграмманың жалғасы.

Фиу-фиу, зың-дың фонтан болып,
Қалады мойным босап, арқам кеңіп.
Бесеуіміз батядан бесем бе едік?
Алтауымыз анадан алтам ба едік?

Ары қарай жетем боп туатындай,
Проставитца етіп ол жуатындай…
Ақынша өлең төгейін алып ұрған,
Ақынша ішкен спирттің қуатындай!
asaubota
қазақта қашан да түрлі-түрлі ұлтшыл батырлар болған ғо
bazuka
обал болған екен шовиге
zholantai
бірі-бірінен өтед
AKA
жұқа жұртшылық саған қарсы бірмұрыннан