Еркектер неден қорқады?

Жаны нәзік аруларға қорған бола алатын жігіттерді ештеңеден қорықпайтын батырдай көреміз. Шын мәнісінде олар қорқады. Тек сыртқа білдірмеуге тырысады. Сонымен еркектер неден қорқады, топтастырып көрелік.
Блог - aikarakoz: Еркектер неден қорқады?

Жоқшылық қорқынышы
Кез келген еркек өзін сүйген қызының не отбасының алдында асыраушы ретінде сезінеді. Солай да. Олар кенеттен жұмысынан, табысынан, бәрінен-бәрінен айрылып қалудан қорқады. Сондықтан олар демалыссыз жұмыс істей алады, кезекті еңбек демалысынан да бас тарта алады, қосымша табыс көзін іздейтіні де сондықтан.

Ауру қорқынышы
Ауру деген не? Ауру ол — шарасыздық. Еркектер дәрменсіз қалудан қорқады. КӨп еркектер дәрі-дәрмек ішуден үзілді-кесілді бас тартып, ауруын жасырып қалуға тырысады. Олар ауру үшін жұмысынан, жұмысы үшін табысынан айрылып қалудан қорқады.
Байқасаңыз, еркектердің көбі жүрек ауруымен ауырады. Майда-шүйде ауру деп көзге ілмей келген кей сырқаттары жиналып, жүректен бір-ақ шығып жататыны содан.

Ақылсыз көрініп қалу қорқынышы
Еркектер өзінің ақыл-ой, санасы туралы әзілді онша көтере бермейді. Өйткені, олар ақылсыз, ойсыз көрініп қалудан қорқады. Бұл — көбіне толықққанды біліміне сенімсіз, өз комплексі бар жігіттерде кездесетін жағдай. Қыздар, сіздерге аздаған құпия (!), кей жігіттерге ұнағыңыз келсе, оның қандай ақылды екенін айтып, "әсіресілтеп" мақтап-мақтап жіберіңіздер. Бітті, жігіт алдыңызда жатады

Әлсіз көріну қорқынышы
Қызметінде де, қара күшті қажет ететін тірлікте де, қаржы мәселесінде де әлсіз көріну — еркектер үшін қорқынышты жағдай. Әсіресе, төсекте әлсіз көріну олар үшін мүлде сұмдық сияқты. Сондықтан оның сексуалды қабілеті туралы сын, мін, ескерту айтуды ойға да алмаңыз.
Олар жеңілгенін, біреуден әлсіз екенін мойындағысы келмейді.

Абыройынан айрылып қалу қорқынышы
Кез келген жағдайда өз пікірі маңызды екенін сезіну керек. Тіпті болмайтын майда-шүйде істе де өз позициясын ұстанып, тұрып алады. Өзінің сөзі, ең болмаса, бір адамға өтетінін, абыройы жоғары, жұртқа өзін сыйлата алатынын үнемі сезініп жүру керек. Сондықтан «сенікі дұрыс» дей салсаңыз, жеңілмейсіз

Әйел қорқынышы
Иә, еркектер әйелдерден қорқады. Әсіресе, ер мінезді қажырлы, тым өзімшіл, өз күнін өзі көріп отырған белсенді әйелдерден қорқады еркектер. Кейбір деректердің көрсетуінше, еркектер әйелдердің логикасын, сезімін, жалпы әйелдедің өзін мүлде түсіне алмайды, ешқандай сөзбен суреттеп бере алмайды. Сол үшін өзі түсінбей жүрген әйелдің өзінен ақылды, өзінен ақшаны көп табатын, тәуелсіз боп кеткенін қаламайды. Еріңізбен жарысам деп ойламаңыз

Үйлену қорқынышы
Жігіттер қыздар секілді ұйып отырған отбасын елестете алмайды. Олар жауапкершіліктен қашады. Еркіндігінен айрылып қалудан қорқады.

Әшкереленіп қалу қорқынышы
Осы қорқыныштардың бәрі, тіпті, біразы бар еркектер бәрібір оны мойындамайды. Олардың ең басты қорқынышы — сол қорқынышы туралы біреудің біліп қойғаны. Егер еріңіздің бірдеңеден қауіптеніп жүргенін байқап қалсаңыз, дым түсінбегендей сыңай таныта салыңыз. Қайта еріңіздің қандай мықты екенін, қорған бола алатынын айтып, мақтап-мақтап алыңыз. Сәттілік!
Бөлісу:

111 пікір

aikarakoz
Еркек қорқақтар дейін бе?
araika
Бұлай десең, Адидасты ойлаймыз
Ispek92
 өзіңіз осы жазылғандармен келісесіз ба?
Edu
Бар қорқынышы әйелдерге қатысты екен.
konvict
Жоғарыдағылардың ешқайсынан қорықпайды екенмін
neoman
Үйленуге қатыстысымен ғана келіспейді екем, қалғандарын қолдауға болады, жалпы. Қыздарға да тән қорқыныштар ғой
aikarakoz
Ойбай, какие люди! Сәлем!
neoman
Ойбай, какие люди! Сәлем!
деген кезде не деп жауап берем дегенге ұқсас қорқыныштар болады ия… Сәлем)
Aidakonya
толық келісемін, олар сондай
Daniar-Alan
Иә, еркектер әйелдерден қорқады. Әсіресе, ер мінезді қажырлы, тым өзімшіл, өз күнін өзі көріп отырған белсенді әйелдерден қорқады еркектер.
неге? белсенді әйелдер әрқашан менің жанымда болған, барлық салада. сенімді серіктерім  мен қорықпайды екенмін
Соңғы түзету:
aikarakoz
Менен қорықпайс па не?
Daniar-Alan
жоқ  тек сенен емес, тағы 2-3 нәзік жыныстылар бар. Солардан да қорықпаймын
asaubota
мен туралы жазыпсың ғой, соңғы үшеуінен басқа
dark_nazgul
Мен бір құпияның бетін ашайын ба? Әйелдер де осының бәрінен қорқады. Тек ешкімге айтпайды, өтірік тарақан-парақан, ит-мысықтан қорыққан болып жүреді.
Rafaello
Толығырақ енсеңіз екен тақырыпқа. Мүмкін бір күні мен де үйленіп қалармын.
dark_nazgul
енді, кейбір қорқыныштар әйелдердің аналық инстинктімен де байланысты. Мысалы, жоқшылықтан көп әйелдер балам аш қала ма деп қорқады, аурудан да, мен ауырсам, баламның күні қалай болады деп. Әйелдерден де қорқады, негізі қатын қатынға жау ғой.
Gastarbaiter
Қатын қатынға жау деп ойлайтын әйелдер әдетте өздері қатындар арасынан өзіне жау тілеп жүретініне көзім жетті.
Zhan
Қатын қатынға жау деп ойлайтын әйелдер әдетте өздері қатындар арасынан өзіне жау тілеп жүретініне көзім жетті.
Гаста, мына сөзіңе келісемін. Мысалы мен әдемі киініп алған и еще әдемі қыздардың бас-аяғына дейін қарап шығамын. Яғни талғамы қалай, үйлесіп тұр ма, интеллектісі қаншалықты, қаншалықты отбасын ұстап тұра алатын әйел, жақсы ана шыға ма, жоқ па, қиындыққа қаншалықты төзімді екен, басына бір проблема түсе қалса дәл осылай сәнденіп киініп шыға ала ма, жоқ жүнжіп кете ме соны ойлайды екем көбінесе. Ал өзіме ешуақытта жау іздемеген сияқтымын.
dark_nazgul
Жезде, жауды тілемесең де, жар астында, қай кезде де «чекта» болу керек.
Бір кездері, мен «күйеуіме сенемін» дейтін кезде, тәжірибелі апайлар «күйеуіңе сенсең де, өзге қатындарға сенбе» дейтін. бірақ, мен сорлы, сонда да сенетінмін.
Gastarbaiter
Cену сенбеуіңе қарамайды ғой ондай нәрселер.
dark_nazgul
Соңғы түзету:
dark_nazgul
Айбыройынан айрылу қорқынышы мен әшкере болу қорқынышы уапще, на генном уровне.
Rafaello
Еркектің қорқыныштары бұлардың қасында бала ойыншығы сияқты
konvict
Меніңше, әшкере болудан қатты қорқатын секілді әйелдер.
Aya
өтірік тарақан-парақан, ит-мысықтан қорыққан болып жүреді.
 рас, рас
dark_nazgul
Әсіресе, ер мінезді қажырлы, тым өзімшіл, өз күнін өзі көріп отырған белсенді әйелдерден қорқады еркектер.
сол ғой, сол… қанша жерден ырбиып, қорғансыз бола қалайын десем де, болмайды нақ…
Daniar-Alan
 бар, бар ондай әйелдер
MickThatsMyNick
өз басым қобалжудан, қорқудан қорқам.
Gastarbaiter
Барлық қорқыныштар тән екен/ тек кейбірін жақында ғана онда да жартылай еңсердім.
torgai
Пікір жазуға қорқып отырғаным. Мұны қайсысына жатқызамыз? А?
Ottegin
Соңғысына қатысы бар ғо дим
Ottegin
Жігіттер қыздар секілді ұйып отырған отбасын елестете алмайды. Олар жауапкершіліктен қашады. Еркіндігінен айрылып қалудан қорқады.

Орайы келгенсін:
Сократтан үйленген жақсы ма, әлде бойдақ болған жақсы ма деп сұраған екен, сонда ол олай да, бұлай да жасауға болады, бірақ, түбінде өкінетін өзіңсің депті.
Adiletshu
Келісемін. Осындаймын.
omarbirat
Жалпы, келісемін. Тек:
Ақылсыз көрініп қалу қорқынышы
деген тармағы түсініксіздеу екен.
Korkem
Ақылсыз көрініп қалу, яғни қыздың өзінен ақылдырақ болғанын қалмайтындығында болса керек. Жігіттердің сол үшін ақымақтау қыз таңдап (яғни, өзінен 5-10 жас кіші), оны тәрбиелеееп, ақыл айтеееп жүретіні рас па?
Ottegin
Жігіттердің сол үшін ақымақтау қыз таңдап (яғни, өзінен 5-10 жас кіші)

Мынауыңыз, енді, шедебір ,
Gastarbaiter
Кейбір сондай имамобразный бір ақсақалдар бар, типі жас әйел усиқы арам емес, ойы таза болады, дұрыстап тәрбиелеймін деген аргумент айтатындар. Бұтақты жей беред.
Просто, жастау қыздарға бұты қаттырақ тұрад да. Соны да әспеттеп.
Korkem
ее есіме түсті, менің бір ағам өзінен біршама жас қыз аламын, әйтпесе кейін бала туған соң менен кәрі көрінетін болады дегенді. Әйелі өзінен үлкен көрінетін болса о да қорқыныш болса керек, жолдастарым прикол ұстайт деп.
Gastarbaiter
Ағаңыз да қорқатын нәрсе тапқан екен.
ken
массаж простатыдан қорқады
Aya
оның қандай ақылды екенін айтып, "әсіресілтеп" мақтап-мақтап жіберіңіздер.
сақтавалдым есіме
rymbek
Бұл постта еркекті даттаудан көрі, мақтау көп екен )
aikarakoz
Оның да астарында саясат жатыр ғо, бырат
Daniar-Alan
екі еркектің ортасында отырм деЩ
Aldeken
Жаңалық емес… жынысына қарамастан кез-келген саналы пендеде кездесетін комплекстер мен фобиялар… ))))))))))))
Бар айырмашылық, нәзік жыныстылар бұл қорқыныштарын көрсетуден қысылмайды, еркектер керісінше… Бірақ, ол да қатып қалған стереотиптердің жемісі… опшым, бәрі шарттылық…
asaubota
негізі бұдан да басқа қорқулар бар  мысалы: біліп қалу, ұстап қалу, шантажға түсіп қалу деген сияқты
aikarakoz
Оларды да жазғым келген. Зашым деп ойладым
MERmukhanov
Түнде какой то наркомандар арқадан біз сұғып кетіп, мен не қаша алмай, не тебе алмай, бұл жарқын дүниеге келген адамзат алдындағы миссиямды толық атқара алмай кетіп, халқым сорлай ма деп қорқам!!!
Zhan
Дәл осы айтылған қорқыныштардан қорқып жүрген еркек болсын, әйел болсын, ол значить түбі жауапкершілікті сезініп, осындай болып қалмасам екен деген игі ойы ғой. және солай болмауға тырысқанының өзі жақсы. Ал енді ештеңені ойланбай, көп басын қатырмай жүре беретін жауапсыз жандардан өз басым қорқамын.
AKY
кудряшка Сью, жақсы айттың!
MERmukhanov
Сақал қойғаннан қорыққанша, Құдайдан қорықпағаннан қорық.
asaubota
менің қорқатыным да сол, Құдайдан қорықпайтындардан қорқамын. ал ана қолған қорқыныштардың бәріне амал бар.
e_zhalgas
Бітті, жігіт алдыңызда жатады
Zilola
Бітті, жігіт аСТыңызда жатады
satibaldi
Менің мына музоннан тасым қалтырап қоя беред:


Кенет әділет қайтадан — жекпе-жекпен ғана орнайтын заман келсе қалай күнгөрем деп қорқам, темекі-арақ денсаулықты сауып кетті шешесс… Алып бара жатқан үрей… Әне, әне келе жатыр олар…
Соңғы түзету:
dark_nazgul
қорықпаңыз, сіз ол күнді көрмейсіз.  өйткені
темекі-арақ денсаулықты сауып кетті
Gastarbaiter
" Арыстандарым! Ана жағада бізді не күтіп тұр білесіңдер ме? Өшпес атақ! Шауып тұрып аламыз, нақ!"
Соңғы түзету:
dark_nazgul
Әсіресе, төсекте әлсіз көріну олар үшін мүлде сұмдық сияқты.
сосын келіп алып, симулянткалар қайдан шығады дейді.
asaubota
жоқ, біз сенеміз. шын
dark_nazgul
ну да, сенім деген тыныштықтың кепілі ғой.
dark_nazgul
Еркектер өзінің ақыл-ой, санасы туралы әзілді онша көтере бермейді. Өйткені, олар ақылсыз, ойсыз көрініп қалудан қорқады.
аха, жатпай-тұрмай халық даналығы туралы кітаптар мен әйелдерге арналған журналдарды оқып алады да, содан кейін «ақылды» ойларын орынды-орынсыз қойып қалып, қарап отырады.
dark_nazgul
Сол үшін өзі түсінбей жүрген әйелдің өзінен ақылды, өзінен ақшаны көп табатын, тәуелсіз боп кеткенін қаламайды.
ал егер түсінетін болса қорықпас еді.
Ispek92
Осының бәрін бір пост қылып жаза салғаныңызда пікірлеріңізді
Gastarbaiter
Небір естеліктер есіне түсіп, сүйікті тақырыбын тауып жатқанда сен де мазасын алмай қоя тұр енді, рухани бітірвалсын.
Ispek92
 қойдым онда, рухани кедергі үшін жат жүректен кешірім сұрадым
dark_nazgul
айтпа, жезде. Еркектердің бәрі қорқақ екенін біліп, өзімнің олардан артықтығымды сезініп, шынымен рухани бітірватырм.
abzalsariyev
1-2еуінен қорқады екем…
satibaldi
Ең болмаса петуния егіп көрсеңдер нетті
dark_nazgul
Нарцисс еккем, он бес жыл бұрын, әлі өсіп тұр.
satibaldi
Далаға егуді айтам нақ. Пікірлер көрсеткен түйсіктеріңе қарағанда, екінші күні ешкі жеп кететін түрі бар.
dark_nazgul
Есік алдына еккем нақ.
satibaldi
Қыста үстіне киетін тоқыма тоқып бергем деш.
dark_nazgul
қыста үстіне күл төгіп қоям.
satibaldi
Солай — 15 жыл?
aikarakoz
Сатекем қартайды ма, қайдам, соңғы кезде сөзден тосылып қалып жүр
dark_nazgul
қашан «кел» дер екенсіз…
Shah
Қыртқандық, еркектерді бір шепке тұрғызып бірдей сипаттама беру деген ақымақтық. мына жердегі бір де бір қорқыныш бойымда кездеспейді.
asaubota
қыршымаш
Shah
ол не зат?
Daniar-Alan
тігіл деген сөз мал әнәң
Zilola
өздерің тіркеліп алып басқа никпен, өздеріңмен шекісіп отырмысңдар
Gastarbaiter
Дәл мынандай боқжағыстан өсіп кететін уақыт болған сияқты. Кім болса да семіз екен
Daniar-Alan
зайыпты шығармаш. Еске алып отырм
dark_nazgul
Жүрегің мыстан ба, әлде қоладан ба?
Shah
Жоқ менікі кәдімгі адами жүрек. Еш айырмашылығы жоқ басқалардікінен, міндеті қан айналдыру.
dark_nazgul
бірақ, жүрегің міндетін дұрыстап атқарып тұру үшін арасында эпиляция жасап қоятын шығарсың? Әйтпесе, қалың түк тамырларға бөгет жасамай ма?
Shah
Кеудемдегіні де қырмаймын)))
Sashok
Gastarbaiter
Біреуге көтін ашып күлгенге жақсы смайл екен
aikarakoz
Ондай емес қо
Жүрегің тастан ба еді, мұздан ба еді?
Әлде менен басқа бір қыз бар ма еді?
Көңілімді суыттың үнсіз қалып,
Мен де айналсам жұмбаққа, қызғанба енді
Rafaello
Рас!
dark_nazgul
Жаным, қорықпа, мен фобияларыңа көз жұма қараймын.
ken


осыны көріп отырып бұтыма жібере жаздағаным әлі есімде
Gastarbaiter
Бір сақалды мүйізді аташкіден қорқатынмын күнде түнде көз іліне сала қылқындарытн