Рауль Мадрид. Соңғы матч

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Рауль Мадрид. Соңғы матч
Рауль. Бұл адамды танымасаңыз, футболды көрмей кетсеңізде болады. Бірақ, Реалдың періштесіне баланған Раульды білмейтін адам жоқ шығар. Сол Реалдың мәңгілік капитаны саналған Рауль кеше футболдағы соңғы матчын өткізді басқаша айтқанда карьерасына нүкте қойды. Сантьяго Бернабеуде өткен «Саньтяго Бернабеу кубогы» үшін Реал Мадрид пен Катардың Аль Садд командасы кездесу өткізген еді.

Матч есебі 5-0
Голдар: 1:0 — Рауль (23), 2:0 — Иско, 3:0 — Бензема (79, с пен.), 4:0 — Хесе (82), 5:0 — Хесе (88)

Ассистент: 1:0 — Ди Мария

«Реал Мадрид»: Касильяс (Лопес, 46); Арбелоа (Карвахаль, 46), С. Рамос, Начо, Марсело (Пепе, 46); Каземиро, Модрич (Озил); Ди Мария (Хесе, 46), Кака (Иско), Роналду (Бензема, 46), Рауль (Мората, 46)

«Аль-Садд»: Саад аль-Шиб; Хассан, Касула, Халид, Леандро; аль-Блуши, Набиль; Ахмад (Рауль, 46), Закария, Бельхадж; Ли Джон Су

Арбитр: Карлос Веласко Карбальо

Матчтың басты оқиғасы ретінде Раульдың Реал үшін ойнауын айтуға болады. Рауль өз карьерасын осы жерде бастап, Реалмен 16 маусым өткізді. Көптеген жетістіктерге жетті, жеңістер мен жеңілістің ащы дәмін де татты. Бірақ, атын әлемге шығарған осы Реал еді. Кешегі матчты көргендердің армандарында шек жоқ шығар.

Енді матчтан кішкене бейне-шолу:


Раульдың өмір жолынан шамалы мәліметтер бере кетсем: 1977 жылы 27 маусымда Мадридте дүниеге келген. Әкесі, бүкіл отбасы қызық болғанда Реалдың Мадридтегі басты қарсыласы Атлетиконың жанкүйерлері еді. Раульде бала кезінен сол Атлетиконың футбол мектебінен тәлім ала бастаған еді. Алайда 90 жылдардың ортасында Атлетиконың футбол мектептерінде реформа жүргізіліп Рауль мектептен шектетіліп қалады, кейіннен талантты футболшыны Реалдың скауттары байқап командаға әкеледі. Міне осы жерден, Раульдың нағыз футбодағы жолы немесе Атлетиконың өмірлік өкініші басталған еді. Рауль Реал сапында 16 маусым өткізіп, 6 рет Испания чемпионатын, 4 рет Испания суперкубогын, 3 рет Чемпиондар лигасын, 1 рет УЕФА суперкубогын жеңіп алды. Тек Реалда жүріп бағындыра алмаған белесі-Испания кубогы еді. Реал үшін барлығы 854 матч өткізіп, 361 гол соқты. 2010 жылы әлемді таңқалдырған трансфер Раульдың Шалькеге ауысуы болды. Ол жақта да көптеген жетістіктерге жеткені белгілі.

Кешегі матчтан суретті шолу:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Рауль Мадрид. Соңғы матч
Раульді қарсы алу сәті
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Рауль Мадрид. Соңғы матч
Рауль және трофейлері
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Рауль Мадрид. Соңғы матч
Касильястың Раульге деген құрметі. Рысбек саған Кас
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Рауль Мадрид. Соңғы матч
Жанкүйердің перфомансы
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Рауль Мадрид. Соңғы матч
РАульге деген құрмет
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Рауль Мадрид. Соңғы матч
Раульдің Касильясқа аманаты

Нағыз жанкүйерлер:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Рауль Мадрид. Соңғы матч
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Рауль Мадрид. Соңғы матч
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Рауль Мадрид. Соңғы матч

Ал мынау Реал үшін ең соңғы матчындағы соңғы голын соққан сәті:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Рауль Мадрид. Соңғы матч

Атақты 7-ші нөмерін Роналдуға қайтарып беру сәті:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Рауль Мадрид. Соңғы матч

Комментарийсіз:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Рауль Мадрид. Соңғы матч
Енді Раульдің Реалдың болашақ тренері ретінде ғана көре аламыз.
ХАЛА МАДРИД
Бөлісу:

15 пікір

asaubota
сүйікті ойыншыларымның бірі. шынымен Раул Мадрид еді!
Ispek92

Эль Класико-да, Ноу Кампта соққан голдарын осылай атап өтетін. Кәдімгідей қимайсың Раульды
Ispek92

осындай төрт ұлы бар Рауль неткен бақытты
Adiletshu
Өкінішті! Испанияның жеңістерін сырттан тамашалауға мәжбүр болды. Сол кезде Испания ұлттық құрамасында ең мықтылардың бірі еді. Реал Мадридтен кетуге мәжбүр болды. Шалькені қалай сүйрегенін көрдік. Реалдың основасында ойнауға күш жігері жетер еді.

Нағыз капитан! Хала Мадрид!
Ispek92
Испанияның триумфты кезінде құрама алмау себебін тренерлерден көрер едім, Арагонес Раульды жақтырмайтын, әйтпесе сол кездегі ойын жүйесіне Рауль әдемі келіп тұр еді. Ал Дель Боскенің жүйесі Барсаның жүйесі еді, ол жерде Рауль ойнай алмайтын.
Adiletshu
Балалық шағыма қуаныш силағаныңа рахмет, Рауль Гонсалес Бланко!
omarbirat
Футболды баяғыда қойып кетті деп жүрмін ғой мен мұны.
Ispek92
Жоға ағасы, 36 жасында кеше аяқтады карьерасын. Реалдан 2010 жылы кеткен соң(16 маусым), Шальке де 2 маусым, Аль Садд-та 1 маусым өткізді.
nurik_muzei
Раулдың құрметі…
Соңғы түзету:
AybekBeken
men: Raul seni tanimaganima okindim..keshir meni
janimdagi kisi: Ol ozi kim ort sondiru kizmetkeri medi?
Rafaello
Қазір қайда жүр? Шалькеден Катарға кетіп пе еді?
Ispek92
Карьерасын бітірді кеше. Шальке де 2 маусым, Аль Садд-та 1 маусым өткізді.
Ispek92
РАУЛЬ дегенде Ь әріпті ұмытпайық
ZhasulanOmarov
Бала кезімде кумирим болатын!
Onlasyn
Менің де жақсы көретін ойыншыларымның бірі осы — Рауль