Хореография

Мектепте сабағына қатыссам да жиіркенішпен қатысып, барғым келмей барып жүрген 2-пән болды. Біріншісі — дене шынықтыру, екіншісі -ХОРЕОГРАФИЯ.
Мектеп көпсалалық гимназия болды. Тіл, физика, математика, музыка т.б. тереңдетіп оқытатын сыныптар бар-тын. Біздікі — музыканы тереңдетіп оқытатын сынып болды. Мен баян сыныбына бардым. 6-жыл оқып (негізі 5-жылда береді, мен 1-сынып қалып қойдым


Сольфеджио, музыка теориясы секілді сабақтармен қатар хореография да болды. Құдай ау, айдаладағы испан биінен бастап өзіміздің қазақ билерін, кейде өзбек, тәжік, грузин барлығын үйрететін.
Биге туғалы ебім болмады. Әлі де жоқ. Біреу сүйрегендей болып баратынмын.
4-сыныпта хореография мұғалімі болып жас, әдемі апай келді. Құддай басқа салмасын мегера екен. Сәл шуласаң, сәл дұрыс емес қимылдасаң қолындағымен жіберіп ұрады. Аяу дегенді білмейді. Қазақшасы да шала-пұла. Қолына мүлдем ештеңе ілікпесе туфлиін шешіп лақтырады


Онан соң бір ағай келді. Грузин биін үйретті. Өзі ортасына тұрып алады да қолына белдігін шешіп ұстап алады. Біз айналып билейміз. Дұрыс емес қимыл, көтеніңді белдік шымм еткізеді. Қимылы қыз секілді біреу-тін…
10-сынып. Орыс тілінен сабақ беретін мұғалім «Жыл мұғалімі» конкурсына қатысатын болды. Көрсететін өнерлерінің ішінде япты балл биін таңдапты. Таңдау маған түсті. «Ештеңені білмеймін, билейсің» деп сынып жетекшім өз қолымен апарып берді. Орыс тілі пәні мұғалімі ну енД, жас-тін. Былай коридорда алдында емес, артында жүруге тырысатынбыз бәріміз.
… ұялам ана апайдан


Бір жолдас балам бар. Сол сұрай береді қайта-қайта: «че, қалай, небобатр» деп. Бір күні соған менің орныма билейсің ба десем қуанып кетті. Соны күтіп жүр екен өзі. Сонымен әлгі конкурста жолдас балам биледі очм.
Мектепті бітіргенде музыкаға бармаймын деп шештім. Тарихшы болдық сомен

не в тему, сонда да әңгіме болсын