Қай кітаптан үзінді?
Үзінді:
Авторын немесе кітап атауын тапқан адамға — 500 қалаған операторының бірлігі.
...Қорғандардың үстіңгі жағынан номадтардың оригиналды кесенелерін жиі байқауға болады. Бүкіл өмірін жеңіл де жылжымалы үйлерде өткізеді де, ал бірақ өлгендеріне ауыр һәм көне үнді үлгісіндегі, бірақ өзінің оригиналдығымен де ерекшеленетін, ғасырлар бойы бұзылмай тұра беретін ғимараттар тұрғызады. Бұндай ғимараттар төртбұрышты пирамидалардың формасында құрылады. Олардың жоғарғы жағы күмбезбен көмкеріліп, сазбалшықтан жасалған торлы қоршаумен айнала қоршалған. Беткі жағында – жартысына дейін қаланған, мал кіріп кетпеу үшін, кіреберістегі есік орналасқан; кіреберісінің жоғарғы жағында көбіне балшыққа салынған оюлармен өрнектелген биік фронтон (маңдайша) бар. Мұндай бақуатты кесененің жан-жағында плита және саркофаг түрінде жасалған кішігірім ескерткіштер жайғасқан. Осындай мазарат алыстан қарағаныңда көзіңе ерекше бір зәулім болып көрінеді. Далалық мираж, әсіресе күннің шығып келе жатқан сәтінде, қиялыңызға құпия мен жұмбақтарға толы жоғалған әлемдердің қалаларын бейнелеп тұрғандай әсер береді.
Бейіттердің кіреберісінде түрлі-түсті шүберектер мен ат құйрықтары байланған қадаларды жиі көруге болады; маңайларында жерлеу кезінде берілген аста желінген қошқарлардың мүйіздері мен жануарлардың бассүйектері шашылып жатады.
Ауылдары қаншалықты алысқа көшіп кетсе де қырғыздар өлгендерін міндетті түрде өздерінің ортақ әулеттік мазарларында жерлейді. Кейде киізге оралған өлі денені жүздеген шақырым қашықтықтан алып келуге тура келеді. Мазарлар маңайынан сондай жерлеуге бара жатқандарды жиі көруге болады: алдыңғы жақта салт атты адам — өлгеннің ұрпағы — мұңды үнсіздікпен көшті бастап бара жатады; иығында мылтық, жанында қылышы салбырап тұрады, басында үшкір малақайы бар; оның артында түйенің арқасына өңгеріліп, кілеммен қапталған сигараға ұқсас ішінде өлі денесі бар орама шайқалып келе жатады; оның артынан құрбандыққа сойылатын қойларды айдап өлгеннің атқа мінген туыстары, дос-жарандары мен таныс-тамырлары келе жатады. Жол-жөнекей кезіккендер оларға құрметпен сәлем беріп жатады, және көп жағдайда, кенеттен, олар да жерлеу рәсіміне ілесіп кете барады, тегін тамақ үшін…
Авторын немесе кітап атауын тапқан адамға — 500 қалаған операторының бірлігі.
Мен Сатыбалдыға тіктім
Авторы — Николай Каразин. Кітаптың атауы — «От Оренбурга до Ташкента». Оқимын дегендер мына жерден жүктей алады.