ТУЫЛҒАН КҮНІҢМЕН, БАУЫРЫМ!
Дәке дүние есігін ашқанына, міне, бүгін 23 жыл өтсе де, күні кешегідей көз алдымда. Ол туғанша бес жасқа дейін жан баласы бетімнен қақпай, әкемнің мойнына мінгізіп, еркін өсірген, 32 жасында көрген жалғыз ерке қызы едім. Айы, күні жақындағанда мені әжеме тапсырды да, әкем анамды перзентханаға алып кетті. Бір апта дегенде сүйінші хабар жетті бір кеште. Қазан көтеріліп, демде үй қонаққа толды. Ол 1990 жылдың 20 тамызы болатын.
Әкімшіліктің шаруасымен әкем күндіз-түні далада жүрсе де, кеш қайтса да, әдетінен жаңылмай, маған күнде-күнде кітап немесе ойыншық арқалай келетін. Сол күні де қолында пакеті бар екен… Маған жаңа көйлек әкелген болар деп, алдынан шығып, ұмтыла беріп едім, әкем ерке қызына бұрылып та қарамады. Жүзінен бақыт пен шаттықтың нұры төгілген күйі жанымнан өте шықты да, қолындағы пакетін үстелдің үстіне қойып, әрі қарай қонақтармен арқа-жарқа болып кетті. Шауып жетіп, ашып қарасам, іші толған түрлі-тісті кеме, аю, якоръ т.б. суреттері бейнеленген ползункилер екен. Сол күннен бастап әкем ұлына сыйлық тасуға ауысты. Фотоаппарат, домбыра, энциклопедиялар… ))) Осылайша, Даниярдың дүниеге келуі біздің үйдің тәртібін, менің балалық шағымның көкжиегін бір-ақ кеште өзгертті…
Бұл суға сиген қояншық болып, шолжаң өскен маған өмірден алған алғашқы психологиялық соққы болды) Әке-шешемнің назарының ініме ауып, енді басыбайлы әжемнің қызы атанып, «ескіріп» қалғанымды қабылдай алмай, ренжіп жүрдім. Ой, не болмады дейсің?! Дәке қырқынан шығатын күні рогаткадан атылған тас құсатып, әуелі аспанға әуелетіп, коляскадан ұшырып түсіргенмін. Анам «періштесі қақты» деп жатты жерден жанұшыра көтеріп алып жатып. Жүрегім су ете түсіп, алғаш рет қатты қорыққаным да сол кез шығар. Үні шықпай жатырған балаға анам мен кіндік шешесі асханадан жүгіріп жеткенше қаққан қазықтай, орнымнан қозғала алмай, қарап тұрдым. «Аға бор, іні тас» дейді қазақ. Расымен де тас болып шықты, дым болмады, ыхххаха Дәке құттайында салмақты, борсықтай томпиған, сүйкімді, жылауды білмейтін өзгеше бала болды. Әсіресе сүтке езілген «САДКО» атты печеньені жақсы көретін. Дәкені тамақтандырып отырып, анама көрсетпей жартысын өзім жеп қоятынмын. Ғығығығыыыыы, кешірші, Данияр! Енді қайталамауға уәде беремін. Бүгін кешке айыбымды өтеймін.
Әкем перзентханадан шыққан күнінен-ақ ініме Қадыр атамыз бастаған түрлі қазақ ақындарының өлеңдерін, батырлар жырын оқып отыратын. «Ештеңке түсінбейді ғой, әлі сәби» деп анам оған күлуші еді. Бүгінде Данияр бір кісідей білімді де білікті азамат болып ер жетті. Мен білмейтін Африкадағы шағын мемлекеттердің тарихын, саясаткерлердің өмірінен жатқа соғады)))Былтыр дипломын алып, бүгінде «Жалын» жастар денсаулық орталығының меңгерушісі болып қызмет істеп жүр.
Інісі бардың — тынысы бар. Артымнан ерген жан дегенде жалғыз бауырымды бүгінгі туған күнімен құттықтап, ақ тілегімді білдіргім келеді. Өмірің тек бақытты, қуанышты сәттерден ғана тұрсын. Қызметте де, өмірде де осы құлшыныс, белсенділігіңнен таймай, еліміздің көркеюіне үлес қоса бер! Еңбегің жансын! Ал, мен тілекшің болып жүре берейін, бауырым!
Мен көрмесем деп ем,
Төккенін көзіңнің мол мұң,
Шыққанын сөзіңнің солғын,
Менің өмірім бір кітап десем,
Үлкен ғой онда өзіңнің орның.
Бар күйі шертілген жоқ
Жастықтың сазының да әлі,
Жайлауым жазы құмындағы,
Сен бір қызық тараусың, інім!
Өмірімнің мазмұнындағы!!!
Қой, тортымды арқалап, үйіме жорғалайын.
Сендей әпкесі бар қандай бақытты іні бұл!
«теңдесіз» болып келіп, «теңдессіз» болып кеткенді айтщищ