Мен...

13 тамыздағы ресми емес мерекеге орай ойға келген сауалнама барысында керекшілердің «икемделулерін» анықтайық.Блог - MERmukhanov: Мен...

Мен...

Бөлісу:

69 пікір

satibaldi
Амбидекстр деген не?
MERmukhanov
википедия деген брітшкем жақсы біледі менен гөрі…
былай енді екеуі де белсеніп қалады ситуацияға орай деген ғой. сондай кісілер бар емес пе
Соңғы түзету:
MERmukhanov
satibaldi
Мен де бітіре алмай отырм… Фонына ең болмаса әдемі қыздардың суретін іліп қоймай ма…
asaubota
қол боста өтіп көрейін. негізі оң қол сынғаннан кейін сол қолдың да біршама қабілеті ашылды. сосын сол қолмен темекі тартса тастап кетуге болады дегенге сеніп, тартып көргем, сөйтсем әдет болып кетті
toha9566
менікі 96% оңқай
Соңғы түзету:
kariim
Қазір сол жерден келдім, 87 пайызға оңқай екенмін.
MERmukhanov
басыңыз онда тышқанды!
менікі 82,2 болды
бұл әлем еркектер мен оңқайларға бейімделіп жасалған...
Соңғы түзету:
kariim
Тышқан жүз пайызды ұрды. Таразының басын сылқ еткіздім-ау демін.
omarbirat
64,2% оңқай, 35,7% солақай екенмін. Сол қолыммен жазамын
omarbirat
Сонда да солақаймын деп дауыс бердім. Негізі, оң қолмен істеуді кейін үйренгенмін.
MERmukhanov
Амбидекстри́я (от лат. ambo — «оба» и лат. dextera — «правая рука») — врождённое или выработанное в тренировке равное развитие функций обеих рук без выделения ведущей руки и способность человека выполнять двигательные действия правой и левой рукой с одинаковой скоростью и эффективностью.[1] У амбидекстров равномерно развиты оба полушария мозга, такие люди достаточно быстро оценивают ситуацию и быстро принимают решения. Обратное явление, когда человеку сложно использовать обе руки, называют амбисинистрией.

Негізі, солақайларды бала жастан қинап оңқай не амбидекстр қылып жібереді, ә?
omarbirat
Мектепке жаңа барғанда бір-екі рет ескерту алдым, ал былайынша қолымды байлап, т.б. қинау дегендерді көрмедім.
Баяғыда «сол қолыңмен шайтан тамақ ішеді» дегенді естіп, қасық-шанышқыларды оң қолмен ұстауды үйренгенмін.
Машинаның рулін бір қолмен ұстағанда, сол қолыммен ұстаймын. Бір күні әйелім «Неге сен машина айдағанда елдер сияқты бір қолыңды сыртқы шығарып отырмайсың?» деп сұрайды. Не дерімді білмей қалдым: шынымен олай отыра алмаймын. Бір аптадан кейін барып солақай екенім есіме түсті  Өзім сол қолыммен рульді ұстап отырсам, оны қалай сыртқа шығарып отырамын?
Боксқа барсам, солақай болады екенмін. Менің стойкам мынадай:
konvict
Маған да ыңғайсыз оң қолмен рөл ұстаған. Бірақ оң қолымды көп қолданамын
Aldeken
Бірақ оң қолымды көп қолданамын
torgai
Оң қолыңды жұбай қылып алмасаң болды)))
omarbirat
Үйленген соң келіншегін «оң қолым» деп таныстырып дейсің ғой
Соңғы түзету:
omarbirat
Абиді болмасын. Сөз орайы солай келіп қалды
kariim
Пернетақтаға келгенде бәрі теңесіп кетеді ғой
Менде оң қолымда бес саусақ, сол қолымда төртеу ғана, сол жақтың бас бармағы ұрмайды пробелды.
satibaldi
сол қолымда төртеу ғана
Амиго, тоқсаныншыларда жүрек жалғаудың қамымен көшеге шығуға мәжбүр болдың ба сен де?
omarbirat
Екі қолымның бармағымен да сатырлата беремін
kariim
Сатекеңнің «тиісіп» отырғанының мәні бар: менде соқыр тәсіл ғой, сол жақ бармағым ғана түкті сезбейді. Оның үстіне, пробелді басу үшін бір бармақ та жеткілікті
Арабшаға да тоғыз саусақ жетіп жатыр.
omarbirat
Оң қолдың бармағымен пробелді ұрғанның сауабы көбірек болады ма?
kariim
Молданы қысқыларың келеді еее!
omarbirat
Қалжың ғой, Кәке
«Нені болса да оң жақтан бастап істеу сүннет болғасын сауабы бар ғой, енді» деген жауап күткен едім, негізі  Тағы да қалжың
kariim
Иә солай ғой. «Алла елшісі (с.ғ.с.) сүйретпесін киетін кезде де оң аяғын алдымен киетін еді» — деген дерек бар хадистерде.
satibaldi
Жалпы менің — өзім де рас,
Сөзім де рас.
dark_nazgul
Мен сол қолмен ваще ешштеңе істей алмаймын, тіпті сөмкені сол жақ иығыма асып жүре алмаймын. Темекі де ұстай алмаймын сол қолыммен, бірақ оң қолыммен зажигалка тұтата алмаймын.
MERmukhanov
Мен сол қолмен ваще ешштеңе істей алмаймын
оң қолыммен зажигалка тұтата алмаймын

бұл қос ақпараттан оттықты өзге бір әдістермен тұтатасыз ба деген ойға келуге болады екен
asaubota
үңгір алдындағы оттан тұтатады?
dark_nazgul
үңгір алдындағы оттан тұтатады
asaubota
немесе былай:


kerekinfo.kz/blog/alsolkezde/11188.html
Соңғы түзету:
dark_nazgul
суреттер тұтас таспамен салынған ба деймін?
asaubota
түзеттім
dark_nazgul
Мен анау үңгірдің алдында отырғандар екен десем.
Rafaello
75% — Оңқай
25% — Солақай
dark_nazgul
82 де 18. оңқаймын.
satibaldi
Қатардағы қарабайыр адамның сипаты. Өмірге келгені де, одан өткені де әлемді онша мазаламайтын
MERmukhanov
әнек.

— 82 де 18.
— қайсысы жасыңыз, қайсысы айкюіңіз?
dark_nazgul
дұрыс емес. менікі 102*102*102*102
Соңғы түзету:
MERmukhanov
102 демекші, 102 ге звондасаңыз болды Сатыбалды мәселесіне орай)
dark_nazgul
звандауға сылтау бар кезде де звандамағам, енді наққа керек?
MERmukhanov
жарайды онда, о кісінің жазасын Шиваның өзіне қалдырдық
dark_nazgul
кет ей, Шиваның сүйген құлы ол
asaubota
әнек:

— бүгін айкью тестінен өтеміз?
— айкью?
— жоқ, жоқ саған міндетті емес екен

p.s айкьюің қанша сенің?
MERmukhanov
125 балл алдым да, тағы бір есепке қалам мен қағаз керек болғасын қоя салдым.)) ресми 125 делік, негізі одан да көп-ау))
asaubota
қойэ, менікі 130 болғанда сенікі одан да жоғары болуы керек қой?

(бірақ мен де күманданып отырмын тест орысша болғасын, жоғары болуы керек қой Мұхтаровтардың қыздарынан туған ұлдарда?  )
MERmukhanov
менікі общий мобщий білім дегендей… сенің кезіңде лидер мидер болған жоқ а так… білмими білмим… мен бала күнімде білгіш болдым средний, бірақ вундеркинд болған жоқпын бір бөлелердей....
Соңғы түзету:
asaubota
сендегі потенциал мықты да просто, қолдана білсең. менің кезімде лидер двацатого века болмаса да кто возьмет миллион болд  бір щеголдар джокер болд телефонмен
dark_nazgul
Енді жұрттың бәрінің пешенесіне сіз сияқты пензесс болуды жазбаған ғой.
Delhi
оң — 32%
сол- 68%
Негізі солақаймын. 1 класқа барғанда мұғалімнен қорқып оң қолмен жазғанмын. Ал басқа шаруалардың бәрін сурет салу, турау бәрін бәрін сол қолмен жасаймын. Сол қолмен нан турап жатсам үйдегілер қорқып отырады «байқашы» деп, соған қарағанда солақаймен жұмыс жасайтындар сырт көзге ыңғайсыз көрінема?
asaubota
шәй ішкенде солақайларға арналған чашкамен ішесіз бе?
MERmukhanov
иә, менің Керекке кеп жатқан кезімде осы пост шығып жатыр еді. Жақсы есімде қалыпты.
Соңғы түзету:
Ottegin
Менде оң -25, сол-75
konvict
Оңқай дегенге әжептеуір нетіп қалмайын ба
MickThatsMyNick
мектепке бармас бұрын оң қолымды сындырып алғаннан кейін, қазір солақаймын.
AKY
Солақаймын. Тек ілмекпен тоқуды оң қолмен үйрендім, еңбек апай солақайға үйрете алмайды екен
a63a1
75% оңқай, 25% солақай
MERmukhanov
Бүгін мейрам екен ғо я, кім дауыс берген жоқ, берҚалыңдар
VKM
иә, сонымен қай қолың жеңді?
Anar70
86,7% — оң, 14,2% — сол
MERmukhanov
Жамағат, мереке құтты болсын!
merekeee
Амбидекстрмін онда. Жағдайға байланысты. Бірақ тез жаза алмаймын.