Қазақша! Тек қазақша!

Блог - aru: Қазақша! Тек қазақша!

Қазақша, тек қазақша
Аймалашы, сүйіп! ©  

Бір жақсы адамға  комплимент айтып, ара-тұра мақтап қояйын деп едім. Бірақ, тілімнің ұшына тек орысша сөздер орала береді.  Ал, менің орысша арқылы шын ниетімді жеткізуге құлқым жоқ.

Таза қазақ тілінде еркелету, комплимент айту, мақтау сөздеріңізді ортаға сала отырыңыздаршы, жақсы адамдар. Алдын ала рахмет айтамын!
Бөлісу:

86 пікір

Marco
"І-і-і-і" ден бастай бер
dark_nazgul
Білмим. Тек қазақша өзімде.
asaubota
қазақ жалпы еркелеткен кезде мал шаруашылығы мен астрономиялық атаулардан әрі аспайды ау деймін. менің мысалы фантазиям жете қоймайды.
dark_nazgul
«Жақсысың» еді, естіген комплименттерімнің ішіндегі ең жақсысы.
MERmukhanov
айналып қана кетейін, сендей…
satibaldi
Менің көздерім-ақ кез келген тілде айтады.
Anar70
қазір модно «жааан» деп еркелету))))))))))))))
Sebastian
апашка, маған да ұнамайды осы сөз. өтірік, тым жасанды сөз
Anar70
айтпа, ауыздарын қайыстап "«джааан» деп тұрғандарын естігенде бастарынан қойып қалғың келеді))))))
dark_nazgul
фуууу… «жаным» деймін, бірақ, енді.
Rafaello
Жаным — қазақша еркелету сөздердің ең мықтысы деп ойлаймын. Құдай жаны, Құдай жаным, Жанысы сияқты түрлі нұсқалары да бар. Жааан, Жаник, Жанчик дегендер ерсілеу шынымен

Мына ән саған бүгін жақсы көңіл-күй сыйлайды деген ойдамын. Қабылда!

Жаным,
Таң самалым
Жалғыз сенсің
Ансағаным
Жаным,
Жасыл бағым
Асыл жарым

Shah
Психлогиялык тұрғыдан ептеп зерттедм, жазған жазбаның пошымына, соз саптауына қарадым. Аса орысша ойлайтын адамға мүлдем келмейді, лексусты да бағана байкап қалдым, ол суретті ашкерелегенды де көріп тек ептеп ел алдында ерекшелену мен ауылдан келген Гүлімның Гуля болу синдромын байкадым.
aru
Орысша ойлаймын деп, бәлсініп тұрғаным жоқ. Жатталып қалған сөздер бар, автоматты түрде кетіп қалатын.
Shah
онда қандай көмек керек?
Gastarbaiter
Шах, да у тебя же… ДИСКОМФОРТ!!!
Shah
Дискомфорт деген ана әйелдердің пракладкысын жарнамалағанда айтатын?
bsheraly
Общым еркелетпей-ақ қойсаңдар болмайды ма?! ))))))))))
Aldeken
иии, жүректің майы дейтінім бар…
omarbirat
Еркелетпейді екенмін, керек болса өзі келіп еркелейді деп тұрсаң
Sebastian
нағыз еркек сүйіктісін өз атымен атайды. телефонға да атын жазып қояды!
Zhan
нағыз еркек сүйіктісін өз атымен атайды. телефонға да атын жазып қояды!
 Келісемін, 100 пайыз!
Gastarbaiter
Арчи, бояндарға салайын ба мынаны:
"Қазақтар бір-бірін қалай еркелетеді?"
asaubota
сал, сал. біздің бояндар әлі де құндылығын жоғалта қойған жоқ.
VKM
Керектің жігіттері қазақша еркелету білмейді екен,«милая, любимая» дейтін шығар жеңгешкаларды
satibaldi
Оккультизмді тағы да бастағансың ба?
VKM
жәй, ерігіп отырм)))))оккультизмге келмит қой менің жазғаным
satibaldi
Бал ашыватсың ғой енді.
mercedes
Мен қыздарды көбінесе «Жүрегім менің» деп еркелетем))
burkitshi
Менің бір жиен ағам жеңгемізді
қатын
деп еркелетіп отыратын. Басында ерсі көрінетін "қатын", "қатын" деп отырған. Қазір ойласам соған жететіні жоғ-ау деп қоямын.
VKM
фууууу(((((((((((
satibaldi
Не болд саған, сіңлім? Реверанс жасап сөйлесуге үрйеніп қалып па едің?
VKM
ну енд....қатын деген біртүрлі дөрекілеу естіледі
kariim
Қатын (خاتون / хатун) деген тәп-тәуір сөз. Көпше түрі (خواتين / хауатин). Ханым (госпожа, дама) дегенді біліреді. Өз дәрежелеріңді өздерің аяқ асты етіп не көрінді сендерге?! "Әйел" — ең төменгі ұрғашы ретінде қолданылған ғой керісінше.
burkitshi
Қазір ойласам соған жететіні жоғ-ау деп қоямын
осыны естігеннен кейін келген ойым ғой.
burkitshi
Жеңгем нөмірі жиен ағамда "қатын" деп тұрса, ал жеңгеміздің ұялысында ағамыздың нөмірі «жан» деп тұратын
bizbike
бір танысымыз келіншегін ақ кемпірім деп еркелетеді
Соңғы түзету:
dark_nazgul
«маладес, қатын» дегенді естісек, төбеміз көкке жеткендей болатын өзіміздің…
Anar70
біз қатынашка десе мәз боламыз))))
Sebastian
БДСМ-ші отбасылар бірін бірі әке-шешеден боқтап еркелететін шығар?
Daniar-Alan
алтыным, ботам, көтенай, кідәй-кідәй, дааан, дадандадан…

дықұя ғо…
aikarakoz
Дудар-айым, дудым,
Бір сен үшін тудым
Daniar-Alan
осы қызық, мысалы мен сені Айеке немесе Элеке дей аламын, сен де мені Дәке тб.
Амангелдіні не деп қолпаштайсың?
aikarakoz
Әбеке деймін дә
bizbike
арманым, аңсағаным, жүрегім, бүйрегім, бауырым, жапырағым, ботам, самалым, сағынышым, құмарым, асқарым, жолбарысым, арыстаным, күнім, айым, жұлдызым, құндызым, серігім, маралым, тәттім, нәзігім, бұрымдым, қарақатым,
Құдай жаным, әппағым, ақ патшам, әльдау-әльдау, құдай жүрек, балым, шекерім
туууууууу толып жатыр ғой сендерге не болған түге
Daniar-Alan
жолбарысым, арыстаным,
 бұл еркелету неге байланыстырып?
bizbike
арысым, арланым деген мағынада ғой
Arys_arlany
arys_arlany шығып тұр ғой мына сөзден, қалай ия адамның фантазиясы ))))))))))
Sashok
Құдай жаным, у көкесі, көкем, у жүрегім.
Sashok
Алдау-алдау
ken
Арбау-арбау
MamaAya
)))мен де түсінбедім, алдау-алдау деп айнала ма?
ken
сендердікі де біртүрлі көрінді, әсіресе көтеніңнен бір тебетіні)))
Соңғы түзету:
MamaAya
)))) нормально былай))) Үйреніп кетесің… Теппеген кезден қорқу керек, демек бірнәрсе не то!)))
bizbike
қызымды сағынып кеттім ғой, тұңғышым, тұнығым, сәулем, жарығым, жүрегім, жапырағым, жапалағым, алтыным сол, қуыршағым, құлыншағым, әппақ лағым, жұмсағым, домалағым, тәттім, ботам, әппақ қозым, қарғам, ханшайымым, бауырсағым, сұлуым кішкентай, ақкөтенім, қаракөзім, кідәй-кідәй, жаным менің, балапаным, қонжығым, мысығым, күшігім
Соңғы түзету:
bizbike
аңсағаным, ғашығым, асылым, көжегім, көгершінім
Daniar-Alan
көжегім
менің нұсқамда гүжігім
bizbike
гүжігім ерсілеу ғой
MadinaKerimkulova
Құдай бере салған, түрінен сол
Adiletshu
Қадамың құтты болсын
kariim
Оншақты жыл болып қалды ғой үйдегі кісімен отау тіккелі. Бір ғана сөз ұнайды ма деймін әйел адамға. Байқағаным мынау — «ЖАЛҒЫЗЫЫЫЫМ!» деген сөзден басы айналады ма деймін жұбайыңыздың.
Соңғы түзету:
aikarakoz
Кәрім аға, сіз мачо-мучачоның исламиланған түрісіз ше
Gulistan
Өзім еркелете алмайтын сияқтымын, жарылып кетсем де бәрі ішімде
Бірақ мені еркелетсе, құлағыма майдай
kariim
Иә, "әйел құлағымен сүйеді" дейді ғой орыстар. Сіздей кісілерді зерттеп айтқан ау солар.
dark_nazgul
«Сарғатын» деп еркелетуші еді бір ғашығым… сол сөзін сағындым…
aikarakoz
Ойбай, satibaldi «Алкоголичка қарағатын» дейтін маған  Не еркелеткенін білмейсің, не ұрысқанын
dark_nazgul
«Сырғалым» деуші еді… эх…
bizbike
Сүлеймен сұлтан Хюремге қандай сөздер айтып еркелетеді, қандай хаттар жазған. Қандаааааай махаббат, Алла, Алла!
MamaAya
"Қатын" сол менің де еститінім, «солнышко» деуші ед баяғыыыда, «жаным» да деген бұрыыыыын))) Қаз тек ауызша айналу, еркелету, мақтау, жұмсау алдын айтатыны "Қатын", ал іспен еркелеткені көтеннен бір тебу.
Мен айтам енді «Жаным сол, Қазанбасым менің, Жұп-жұмсағым менің» и т.п.
Dzhonsaken
Қамшыны сығымдап отырып: "Әй, ептібайымайт-ай!" — деп еркелетгенге не жетсін…
bizbike
Қамшыны неліктен сығымдайсыз? Қандай сезімді білдіреді ол?
Dzhonsaken
Еркелетіп жатқаныңды қатының білмей қалу керек екенін білдіреді өз ойым.
bizbike
Егер ол еркелетіп жатқаныңызды білмей, тек өзіңіз біліп тұрсаңыз, оның несі еркелету?
Dzhonsaken
Бәрібір сезеді Ол…
bizbike
сезгені жақсы ғой, сезбесе, несі жақсы
MamaAya
Соны айтам-ау))) Еркелетесің бе, мойныма шығад, басыма шығад, дандайсып кетед, за падло демей рахаттанып айналып, айналып алу керек қой. Ойымды оқып ал! демей)))
Dzhonsaken
Әрине! Әйеліңді рахаттанып айналып аласың ғо. Ал қара мақпал биемді осылай қамшымен сипап отырып еркелетпегенде не істеймін?
bizbike
Ой, Құдай, бәсе қамшы неге керек деп қоямын.