Әлеуметтік жағдай қанның құрамын да өзгертеді

Ақшаның бұзбайтын қамалы жоқ емес пе, әлеуметтік жағдай адам бойындағы қанның құрамына да әсер етеді екен. Яғни, бақуатты жандардың бойында басқа қан, әл-ауқаты төмен адамдардың бойында басқа қан ағып жатыр…
Блог - aikarakoz: Әлеуметтік жағдай қанның құрамын да өзгертеді

Адам денсаулығы мен қоршаған ортаның мәселелерімен айналысатын Еуропалық орталық мамандары осындай қорытындыға келіп отыр.
Дәрігер мамандар әр түрлі әлеуметтік жағдайдағы өкілдердің қанын барынша зерттеген: әуелі қанның құрамын, кейіннен ол қан тұрмысы қай деңгейдегі адамға тиесілі екенін анықтаған.
Әл-ауқаты төмен адамдар қанының құрамынан ауыр металл және оның қосындылары табылған. Бұл — олардың өнеркәсіптік кешендері бар лас аудандарда өмір сүріп, денсаулыққа зиянды өндірістерде жұмыс істеп, сапасыз және жартылай фабрикатталған тағамдармен жиі қоректенетінінің нәтижесі.
Қалтасы қалың адамдар қанының құрамынан да улы заттар табылған және олар да өте қауіпті екен. Мысалы, байлардың қанынан бензофенон-3, таллий, перфтороктанды қышқыл және фталаттар (қымбат косметиканың салдарынан), сондай-ақ күшән мен сынап (қымбат теңіз тағамдарының салдарынан) табылған.
Адамның жағдайы қандай деңгейде болса да, ол өз денсаулығын күту керек…
Бөлісу:

8 пікір

abzalsariyev
Астананың адамдарына алаңдаулымын…
dark_nazgul
Эмиль Золяны оқымағаның көрініп тұр.
Sebastian
қазіргі заманда адамдардың қаны бұзылғаны рас қой. қан қарайып кеткен
Abilakim
Неймардың қаны азайып кетіпті.
Aikona
ортасында қалқып жүре берген дұрыс екен ғой))
AKY
суретті айтшиш
Sebastian
суретті әдемі қоя алатын тек 1 адамды білемін және 1 қызды, Айқаракөзге әңгіме жоқ қо
torgai
Өзімді екеуіне де қимай отырғаным