Заман-ай
60 жыл бұрын қазақ жерінде алғашқы сутекті бомба жарылды. Ол Хиросимаға тасталған АҚШ-тың «Кішкентайынан» 20 есе қуатты болған деседі. Семейдегі 500-ге жуық жарылысқа жол ашқан бұл бомбаға Кеңес Үкіметі «Изделие – РДС-6с» деп ат беріпті.
Семипалатинск полигонындағы сынақтар қазақ даласына, халқына қаншама зиян әкелгенін есептеу мүмкін емес. Әлдебір сандар айтылып жатса да, мен сенбеймін. Зұлмат алапат болғаны анық. Зардабын әлі күнге татып жүрсек те таң қалмаймын. Бізден кейінгі ұрпаққа да әсері бар шығар.
Жалпы, зардапты есептегеннен не пайда? Оны білгеннен мүйіз шықпайды. Кеңес Үкіметінің мұрагері болған Ресей Федерациясынан да есемізді даулай алмаймыз. Түкіргені бар олардың бүгінгі Семейге де, ұрпағыңа келген зиянға да.
Бүгінгі орыс мемлекеті үшін Семейдегі сол жарылыс «технологиялық өрлеу» ғана. Бұл сөзді жанымнан шығарып отырғаным жоқ. Дәлел міне. Ресей Үкіметі жаңағы бомбаны жасаған Саров атом орталығының ардагерлері мен қызметкерлеріне құттықтау жолдапты.
Д. Медведев. РФ Премьер-министрі.
«… Бұл технологиялық өрлеу отандық мамандардың – ғалымдар, инженерлер мен құрастырушылардың ғылыми ізденісі мен еңбегінің арқасында жүзеге асты.… Сіздерге жаңа жетістіктер мен барлық жақсылықты тілеймін.»
Әрине, бұл бомба адамзат тарихындағы ең қатерлі қару ғана емес үлкен ғылыми жаңалық болғанын да мойындаймын. Қазір, ірі державалар арасында соғыс туып кетпеуіне де осы қару кепілдік болып тұрған да шығар. Алайда, оның зиянын неге қазақ татуы тиіс еді?
Бүгін де орыспен біргеміз ғой. Одақтаспыз. Алайда, олар Семейдегі алғашқы жарылыс күнін тойлап жатқанда, біз не істеуіміз керек? Әлде, қай кездегідей қонақжайлылығымызды, толеранттығымызды алға тартып, қосыла тойламасақ та, қабақ шытпай отырамыз ба?

Суалған көл, шөл басқан жатыр далаң.
Не дейсің? Неге айрылдың десе келіп?
Көрден басын көтеріп батыр бабаң.
Құлдық сана асқынған мүлдем қорқақ
Не деп жауап бересің «басыңа» кеп
Не қалдырдың десе егер келер ұрпақ?
Иа ақкөңіл, жомартпыз!
Шешесініңң… бүйткен ұлылықтың!
эххх біздің қазақтар не көрмеген…
талай сырлар ішімде жатыр өліп
ешкімнің де бетіне қарсы келіп
көргенім жоқ, үлкендер кездескенде
бала ғой деп алдайды-ау тәтті беріп...
тағдырымнан көрем де, 4 жылдан соң
тұрмыс құра бастайды-ау қатарларым...
семейде көшеде урод, ақыл-есі кем адам көрсем, «полигоннан шығар» деп ойлап кетем…
-Қымбаттым, бүгін жұмысыңда қызық бірдеңе болды ма?
-Иә, менің бомбам керемет боп шықты. Айтпақшы, сендердегі әнебір қызылша жұқтырған баланың халі қалай?"
Война и мир Курта Воннегута