WOCS: Бұл - капоэйра!


Төменде — аталған жекпе-жектің видеосы:
Жеңімпаз туралы аз-мұз ақпарат:
Жулио Сесар Невестің туған жылын файтерлердің ең беделді базасы саналатын Sherdog.com білмейді екен. Бразилиялық әйтеуір

Үлкен промоутерліктерде әлі өнер көрсете қоймапты. Бірақ 26 рет жекпе-жек өткізіп, 17-сін (техникалық) нокаутпен, 7-еуін қарсыласының берілуімен жеңіп, екеуін ғана төрешілердің шешімімен ұтыпты. Бір де бір рет жеңілмеген, итжығыс болып та көрмеген. Мықты. Ірі промоутерліктер қайда қарап жүр?
Дегенмен, мына жеңілген қарсыласы Денер дос Сантостың рекорды онша емес екен: 9 жеңіс, 6 жеңіліс. Бізбен құрдас көрінеді.
***
BONUS:
Ақыры ММА жарыстарындағы капоэйра туралы жазып қалған екенмін — тағы да сондай нокауттарды тізбелей кетейін:
Axe Capoeira (Аше Капоэйра)** мектебінің өкілі «профессор Баххаозиньо» Маркус Аурелио
Кайро Хоша
— *португалша: Morceguinho
**Бұл мектептің шәкірттерінің бірінің Алматыда капоэйра мектебі бар. Бразилиялық екен деп қалмаңдар — қазақ (Ақтөбенің жігіті)!

Ақтөбе бастады, кейін жақсы тарап кетті. қазір білмеймін, бірақ бұрын мықты ақпараттық сайттары да болды.
Жаттықтырушы жігіт өте жақсы сөйлейді екен.