Қарсы алыңыздар - Aidakonya
Aidakonya — 08.11.1992, Қазақстан тумасы. Мамандығы: гандболшы
— КерекИнфоға қалай келдің?
— Елден алыста жүргенімде қазақтармен араласып, ой бөліскім келетін, сол кезде КерекИнфоның бұрынғы қолданушыларының бірі кеңес етті, ол кезде бірден тіркелмедім кейін депрессияда жүрген едім, сол қолданушы Керекинфодағы жазбаларды «ем» ретінде оқытты, бірге күлетінбіз, сосын тек пікір жазу үшін тіркелген едім, солай біртіндеп кете барды…
— КерекИнфода не ұнайды, не ұнамайды?
— Ұнамаса тіркеліп, қолданушысы болмайтын едім, бір ғана нәрсе, ол кейбір «приколдарды» түсінбей қалатыным :(
— Керекке сыннан қорқып көп адамдар кіре алмайды. Жалпы Сынды қалай қабылдайсың? Қанша түсіністікпен қабылдадым дегеннің өзінде, іштей «қыртпаш нақ» дегендей қарсы ойлар мазаламай ма?
— Табиғатымнан сынды қабылдай алмаймын, өте ауыр қабылдаймын, бірақ спортта жүргендіктен кішкентаймынан сын естіп келемін, етім үйренді, бірақ жүрегімде ұзақ уақыт ауыр жүк боп жүреді, әрине қарсы пікірім, ойым болады, оны ашық жазбаймын, себебі одан да ауыр сөздер естимін бе деп қорқамын, кейді пікірлерді оқып, маған қатысты жазылса мен қайтып «керекке» кірмес едім деп ойлап та аламын.
— Байлыққа қызығасың ба?
-Байлыққа қызығамын және өзімді баймын деп есептеймін, 9 сыныптан бастап өзімінің тапқан ақшам болды, ол тіпті кейде ата-анамның қос жалақысынан да көп болатын, бай, ақшалы болған жақсы, тәуелсіз боласың, комфорт, бірақ барлығы салыстырмалы түрде, байлық мен үшін Басты емес, бірақ Бастылардың қатарында, рухани және материалдық тұрғыдан әдемі өмір сүргім келеді…
— Біз білмейтін, бала кезде қалып қалған қандай өнерлерің бар?
— Өнерім деп айтуға келмейді, бірақ біздің отбасының дәстүрі бойынша барлығымыз ұлттық аспаптарда ойнаймыз, мен қобыздан сабақтар алдым, қобызда ойнаймын, ол соңғы жылдары қалып келеді, бірақ жылына бір рет болса да әкемнің туған күніне «есеп беру концертіміз» өтіп тұрады, сол кезде бәрін еске түсіреміз.
Қобызды домбыра-патиде тартып бересің бе? Қашан?
— Тартып бергім келеді әрине, ДП-ның домбырашыларымен қосылып тартқым келеді, бірақ қазір ондай мүмкіндік жоқ, мүмкіндік туа салысымен орындаймын.
— Болашаққа жоспар құрасың ба, әлде өмірдің ағымымен «Болуы тиіс нәрсе өздігінен болады» деген ұстаныммен жүресің ба?
— Болашаққа үлкен жоспарлар құрмаймын, бірақ алдағы 1-2 аптаға иә, бәрін шегелеп қоямын, одан ауытқағанды ұнатпаймын…
— Ешкімді көргің келмей, телефон бәрін ажыратып өзіңмен өзің 1-2 күн қалғың келетін кез болады ма?
— Әрине болады, бірақ дәл сондай кездері жақындарым мені жалғыз қалдырмайды, ішімде түсініксіз, себепсіз «қуыс» орын алады, оны немен толтыратынымды білмеймін, кейде орынсыз айқайлап тастаймын, ренжіп қаламын, бірақ жиендерімнің бір күлкісі, «ляля сағындым» дегендері, әкемнің «айналайын» дегені біртіндеп қалпыма келтіреді, ал тіпті болмай бара жатса бәрінен құтқаратыны ол менің сүйікті гандболым :)
— Ер мен әйел дос болуы мүмкін ба?
— Екеуінің де ессіз ғашықтары болса, иа, бәрі де мүмкін, мысалға менің достарым өте көп… :)
— Керекинфоның алдағы 5 жылдық ішіндегі болашағын қалай елестетесің?
— Әуесқойлық сайттан кәсіпқой сайтқа өтсе. Мен барған жерлерде блогтармен өте көп қаржы табады. Мұндағы жігіттер білімді, 1-2 жылда осылай боларына сенемін.
Қазақстанның қай жеріненсіз?
Ақтөбем, арайланған асыл қалам,
Байлық пен қазынаға тұнған далаң!
Бар әсем сұлулықты бойға жинап,
Көз тартар ғимараты жаңа салған.
Онда осы сұрақтан туындайтын сұрақ: егер, Сіздердің жеке өмірге (яки, жігітпен киноға баруға һәм парктерде жүруге) уақыттарыңыз болмаса, шет елдерде жарыстарда жүрсеңіздер, онда Ачқтарыңыз көне ма осыған?
— Ұнамаса тіркеліп, қолданушысы болмайтын едім, бір ғана нәрсе, ол кейбір «приколдарды» түсінбей қалатыным
тек сезім емес
деген соң осында көшіріп қойдым ))
сәәәән, Айдаконя, қандай күшті 24 сағ жаттығу деген. қызығып кеттім ғой. жұмыстың жұмысы болмаса, маған салса мен де 25 сағат жаттығар едім. эхххх арман ай
тағы қандай жерлерде болдыңыз? жапооония, корееея деген сияқты жерлерде жаттығу жасауға барып жүрген жоқсыздар ма? қандай елді көргіңіз келеді? өзіңізге ұнаған ел қайсы и неге?