Жолын сілтеп жіберші...

Қуыс-қуыс. Қалтарыстары таусылар емес. Шимай-шатпақ. Бір мәселенің үстіне екіншісі кеп құлап жатыр…
Мына біреуін енді түзеймін бе деп жүргенімде, әне тағы да бір шешілмеген түйін қылтиды. Бәрін де қолдан жасап алып, өзім шешімін таппай жүремін сосын.

Кейде бәрін тастап, ауылға қашып кеткім келеді. Жан баласымен араласпай, ешкіммен хабарласпай, өзіммен-өзім жабайы өмірге еніп кеткім келеді. Қайдағы қашқан… Ойлаймын да, қоямын.

Тым сенгішпін.
Адамдарға сенем — жанымды түсінер деп, өзіндей көріп.
Тағдырыма сенем — тосыннан сыйлайтын бақытын жасырып жүр әзірше деп.
Өміріме сенем — бәрі күні ертең-ақ тамаша болады деп.
Достарыма сенем — қателігімнің бәрін еркелігім ретінде қабылдайды деп.
Дұшпаныма сенем — мені жеңу оңай емес екенін біледі деп.
Сенем… Сенем…
Тек өзіме сене алмаймын… морт кететін сияқты болам да тұрам.

Түрлі ойлар көбейіп, іште уайым шектен тыс артқан кезде қандай амал қолданасыздар, адамдар?

Блог - aru: Жолын сілтеп жіберші...
Сурет
Бөлісу:

17 пікір

Marco
Ананың бәрін керісінше істе! Өзіңнен басқа ешкімге сенбе. Тіпті өзіңе де сенбе. Әйтпесе, «мен анандаймын, мен мындаймын», — деп тағы да дым істемей қоюың мүмкін.
Adiletshu
Ару. Қандай қиыншылық болса да шыда. Бұл өмірде қатты қиналсаң одан кейін міндетті түрде қуаныш болады. Өмір солысымен қызық. Біраз уақыт өтіп кеткеннен кейін қарап отырсаң сол қатты қиналуға себеп болған нәрселеріңнің болмайтын нәрсе екенін көресің. Өзіңді басқа нәрселермен алдай тұруға тырыс. Қызық позитивті кинолар қара, суға шомыл, тек өз ойыңмен жалғыз қалма, көп ойланба. Көптен бері сөйлеспей жүрген достарыңмен сөйлесіп көр, кездесіп көр. Кез-келген адаммен әмпей-жәмпей араласып кетуге тырыс.
MERmukhanov
озиниз де сау сиырдын богы емессиз-ау… © фольклор
сабыр гой. сабыр. баска тук шешим жок.
барибир олемиз, несин киналасын?
Sashok
«Зекет бер, сабырмен намаз оқып жәрдем тiле». ҚҰРАН. Сабыр сөзi Құранда неше рет қайталанады екен? Әйтеуiр көп айтылады. Садақа беру адамды көп бәледен құтқарады. Аллаға дұға қыл. Обшым, құтыласың.
kariim
Сабыр сөзi Құранда неше рет қайталанады екен
Иә, мына жерлерде айтылады:
САБЫР — Фурқан:20, 42.
САБЫР – оның әсері. Әли Имран:120, 125; Ниса:25; Әнғам:34; Әнфәл:65-66; Юсуф:90; Ибраһим:5; Нахл:126-127; Лұқман:31; Сәжде:24; Сәбә:19; Шура:33, 43; Хужурат:5; Аср:3.
САБЫР – ол арқылы жәрдем сұрау. Бақара:45, 153.
САБЫР – оған әмір етілгендігі. Әли Имран:200; Ағраф:87, 128; Әнфәл:46; Юнус:109; Һуд:49, 115; Нахл:127; Кәһф:28; ТаҺа:130, 135; Рум:60; Лұқман:1; Сад:6, 17; Ғафир:55, 77; Ахқаф:35; Қаф:39; Тур:48; Қамар:27; Қалам:48; Мағариж:5; Мүззәммил:10; Мүддәссир:7; Инсан:24.
САБЫР – пайғамбарлардың сабыры. Әнғам:34; Юсуф:18, 83, 90; Ибраһим:12; Әнбия:85; Сәжде:24; Саффат:102; Сад:44; Ахқаф:35.
САБЫР – оның сауабы. Бақара:153, 155-157; Әли Имран:17, 142, 146; Ағраф:137; Һуд:11, 115; Юсуф:90; Рағд:22, 24; Нахл:31-32, 96, 110; Хаж:35; Мү'минун:111; Фурқан:75; Қасас:54, 80, Анкабут:58-59; Ахзаб:35; Зумәр:10; Фуссиләт:35; Инсан:12; Бәләд:17-18.
САБЫР – көркем түрде сабыр ету. Юсуф:18, 83; Мағариж:5.
САБЫР – сынақтарға сабыр ету. Бақара:177, 214; Әли Имран:286; Ағраф:126; Ибраһим:12, Анкабут:2-3, Мұхаммед:31.
САБЫР – тамаққа сабыр ету. Бақара:61.
САБЫР – отқа сабыр ету. Бақара:175; Ибраһим:29; Нәмл:24; Тур:16.
САБЫР – ілім ізденудегі сабыр. Кәһф:65-82.
САБЫР – құлшылықтағы сабыр. Мәрям:65; ТаҺа:132.
САБЫР – соғыстағы сабыр. Бақара:249-250; Әли Имран:139-140, 146; Әнфәл:65-66.
САБЫРСЫЗДЫҚ . Мағариж:19.
AselRahimova
ОЗГЕГЕ ЕМЕС ОЗИНЕ СЕН!!! ОЗИНДИ ЖАКСЫ КОР! ОЛ ОЗИМШИЛДИК ЕМЕС СОНЫ УМЫТПА! АЛЛА ТАГАЛАГА СЕН!!!
Blogshy
Кейде бәрін тастап, ауылға қашып кеткім келеді
Егер ауылдан болсаң, ауылдан қалаға кеп өз жолын табуға тырысқан (ешкімнің көмегінсіз) әрбір адамның басында болатын сезім немесе жағдай. Сөйте сөйте әккіленіп, азуың шығып, өзге түгіл өзіңе де сенбейтін, 2 шұқып 1 қарайтын адамға айналасың, сәл шыда, уақыт бәрін өз орнына қояды.