Уаххабшының бастан кешкендері немесе мен қалай уаххабшы атандым. Парт ІІІ

Жалғасы, әрі Соңы
Кіріспе: Басында екі партпен шектермін деген оқиғаларым көпіре келе үшінші партқа жүк болды. Амал не. Осымен бітеді Құдай қаласа.
Жоспар бойынша Шардарада бір апталық жұмысымыз қалды дедім ғой. Міне, енді Шардараға келіп жеттік. Жетісайда көрген құқайымыздан жүрек шайлығып қалғандықтан Санатқа талап қойдық: Не әкіміят қызметкері жанымызда жүреді, болмаса біз жұмыс жасамаймыз. Содан Шардараға кіре бірінші әкіміятқа тарттық. Ол жақ РайОНО-ға тапсырма беріп, әр ауылда жергілікті мұғалым қасымызда жүретін болып шешілді. Енді қонақүй мәселесін шешіп алу керек. Жұрттан сұрап жүріп біреуін таптық. Шекесіне алюкобондтан қырқып жабыстырып қойған үш жұлдызынан басқа қонақүйге ұқсайтын түгі де жоқ. Ең қарапайым кран жоқ. Бірінші қабатқа, баняға түсіп жуынасың. Туалет те сыртта. Жиһаздары КСРО-ның алғашқы жылдарындағы болса керек. Қозғалмай жатып ұйықтайтын барлаушы тәрбиелеуге арналғандай. Бір ғана артықшылығы далада немесе машинаның ішінде ұйықтағаннан дұрыс.
Сөйтіп, келесі күні Тұрысбеков ауылында болдық. Ол жерде шалдар: Сендер сияқты тексерушілердің кесірінен балаларымызды мақтаға шығара алмай, жұмысшыны ақыға жалдауға мәжбүр болып отырмыз — деп, ұрып жіберу ниеті бар екенін ашық айтқаны болмаса Уаххабшы деген құрметті атақтан аулақ болдық әйтеуір. Тек келесі ауыл — Көксуға барғанда бір қызық жағдай болды. Уаххабшылар туралы әңгіме Шардарада да болғанымен Мақтааралдағыдай ушығып тұрған жоқ екен. Тек жәй ғана құлақтары шалған. Көше кезіп, жұмысымызды жасап жүрсек бұрын Орыс тілі мұғалымы болып, зейнеткерлікке шыққан бір әйел айқайға бассын:
— Бұлардың уаххабшы емес екеніне көздерің жетеді ма сендердің? Танымайтын біреулердің жанына еще мектептің мұғалімін қосып беріпсіңдер. Ертең балаларымыз жоғалып кетсе сендер жауап бересіңдер ма?
Мектеп мұғалімі ақталып әуре:
— Апай-ау, менің не кінәм бар? РайОНО-дан маман келіп, бір мұғалім шықсын депті. Директір маған барасың деді. Содан соң жүрмін.
Блог - GALEKE: Уаххабшының бастан кешкендері немесе мен қалай уаххабшы атандым. Парт ІІІ
Анау апай да қайтпай қалған екен. Сол ашумен барып мектептің деректірін сілкіп алыпты. Ертең біреуімізге бірдеңе болса сенен спрос болады, епті деген ұқсайды. Әр ауылда ең заңқой, пәлеқордың дәл осы орыс тілі мұғалімдері болатын әдеті ма дедім өзім. Апайымыз ашуланып келіп, көршілерінің ақша алып, анкета толтырғанын білген соң соларды улай бастады:
— Бүгін алған 200 теңгелеріңе мәз болып отырсыңдар ма? Ертең келіп тағы бірдеңе береді. Артынан балаларыңды сұрайды.
Деееп жатқанда бір көршісі басу айтып жатыр:
— Ей, апай, қорқатын түгі де жоқ. Анау көшеде жаңағы көкөніс сатып жүрген машинадағылар Жетісайдан екен. Солар айтты, сол жақта көше кезіп жүрген төрт уаххабшыны ұстап, қамап қойыпты. Енді тынышталыпты.
Өзім көп боқтамайтын басым ішімнен Шешесссс деуге ғана шамам келді. Күлкіден жарылайын деп тұрмын. Жұмысты аяқтап бәріміздің басымыз қосылғанда жігіттерге күндіз естіген әңгімемді айтып бердім. Төртеуіміз әңгіменің кім туралы болып тұрғанын айтпай-ақ түсінгендіктен төрт жаққа құладық. Жақсылап күліп алдық. Бір жағынан күлкім келгенімен бәрібір уаххабшы атанып кеткенімізге ішім ашады, әкесінің.
Кейін Сырдария, тағы бірнеше ауылға барып, жұмысымызды аяқтап елге қайттық. Шіркін, жұмысың бітіп, елге қайтуға не жетсін?! Жолай өзімізше ауылдағы ағайынды кешіріп келеміз:
— Енді, түсінуге болады ғой. Діни сауаттылығы төмен. Білімді, жақсы имамдар қалада қалады да, ауылдағы ағайын өз ішінен біреуді курсқа жіберіп, оқытып алады. Болды. Көп нәрсе содан түсініксіз болып қала береді — деп.
Шымкентке де жеттік-ау әйтеуір. Сырттағы оқиғалардан кейін өз үйің түгілі Шымкенттің өзі тас қорғандай болады екен. Тыныштық. Рахат! Ешқандай қауіп те, қатер де жоқ. Осының өзінен ләззат аласың. Үйіме келіп, бауырлармен сәлемдесіп, хал сұрасып жатырмыз:
— Қалайсыңдар? Қалай барып қайттыңдар? Дұрыс па бәрі?
— Шүкір, жақсы. Бітті әйтеуір. Өздерің қалай? Тынышсыңдар ма?
— Қайдағы тыныш. Бір аптадай болды, Шымкент шулап жатыр. Уаххабисттер Құрбан айтқа құрбандыққа балалар ұрлап жатыр екен деген өсек сұмдық болып тұр.
ШЕЕЕЕШШШШЕЕЕЕССССССС!!!
P.S. Сол «саяхаттан» кейін біраз уақыт өтіп кеткен. Бір күні "әріптесім" Мейіржанды көріп қалдым. Жағдай сұрасып болған соң маған қарап ыржиып, дейді ғой әлгі:
— Саған бір қызық айтайын Ғалеке. Өткенде бір мелки ХУЛИганствамен ментураға түсіп қалдым. Бұрын жауапқа тартылмаған ба, ментурамен тірлігі болмаған ба деп, базаны ашып көрді да, менттің көзі бақырайып кетті. Сен бұрын экстремизм, терроризм бойынша жауапты болған екенсің ғой — деді. Очком ойнап кетті. Бәрін түсіндіріп айтып едім, ол түсінді да, енді сондай бір сигнал түссе бірінші кезекте осы базада сондай статьямен тұрғандарды мазалап, тексеріп тұрады деді.
ШЕЕЕШШШЕЕЕСССС ІІ
Осымен тәмәм!
Бөлісу:

8 пікір

asaubota
ол өсекті біз де естідік. сонда сендер болып тұрсыңдар ғой
GALEKE
Ол біз емес. Тек епті жігіттер бізге артып, елді тыныштандыруға пайдалана салған ғой
Adiletshu
Үшіншісін жарияламай-ақ қоюың керек еді. Көбәріп. Нашар
GALEKE
Фікіріңізге рахмет Асқар Сүлейменов мырза! Шынымды айтсам үшіншісін жазғым келген жоқ өзім де. Тек басында сол сапарды толық әңгімелеуді мақсат еткен соң ғана жаздым. Үшінші бөлім жәй ғана қорытынды.
Gastarbaiter
нормально, ноормально емес, күшті шыққан. Прологың да бәрі де үйлесіп тұр. Тағы жаз!
UlykbekAliakbaruly
Басқаларға сабақ болу керек бұл, ия ол кезең расында да ел ішінде сондай алып-қашпа әңгіменің әсері үлкен болатын
omarbirat
Мына әңгіменің желісімен қысқа метражды болса да бір кино түсіру керек екен