Еріншектік орға жығар

Ертең, ертең, ертең… Біз білген бұрындары таныс болған бір қатарласың сенен дәулеті мен білімімен қоғамдағы орнымен асып жатса, ішің күйіп тұз жалайтын жағдай әркімнің басынан өткен болар. Кезінде академияны, болмаса универді қызыл дипломға аяқтап, кеудеңе нан піскендей етіп оны ауылдағы ағайын туған көзге көрінетін жерге қойып, үйге көрші қолаң жинала қалса, көрдің бе? менің балам қызыл дипломға бітірді деп мақтанады ау кеп тұрып. Ойлап қарасам сол дипломның өмірде пайдасы түкке тұрғысыз. Сен қартайып, тісің түсіп, шашың ағарғанда сандықтың түбінде жататын құжат қой ол. Ал өмірде өз орның табу тек өзіңе байланысты. Пысықтығың, көрегендігің бұл орайда үлкн рөл ойнайды. Артымнан ерген егіз сіңлілерім бар. Екеуінің музыкалық дарыны мықты. Өнер колледжінде оқып жүргендерінде алғашқы курста ақ, ұстаздарының Бетховеннің бір туындысын ертеңіне сабақ арасындағы үзілістердің бірінде екеуі еш қиналмастан ойнап отырғандығын осы күнге дейін мұғалімдері таңданыспен айтып отырады. Бірі вокал, бірі оркестр дирижеріне оқыды. Алматыға арман қуып консерваториға түсеміз деген болатын. Бірақ бірінің бағы жанды да, бірі оқуға түсе алмай үйге басы салбырап үйге келді. Бұл рет емес, бірнеше мәрте қайталанды. Бүгіндері сіңлімнің біреуі Құрманғазы атындағы жоғары оқу орнында опера мамандығы бойынша 3 курста оқып жатса, біреуі міне 3-інші жыл қатарынан діттеген мақсатына қолын жеткізе алмай жүр. Бірақ сол үш жыл ішінде мектепте музыка пәнінен сабақ беріп, тіпті бір шәкірті республикалық байқаудан 2-інші орын алып келгені ол үшін мақтаныш боларлықтай. Бірақ сол әттеген-ай диплом жоқ. Міне Алматы поезынан кеше түсті. Ойы алыста, еңсесі түскен сіңліме дипломның қай түрі болмасын маңызды емес. Ең бастысы тәжіриби керек. Ал сен ұстазсың. Жас та болсаң қолыңнан іс келетінің көрсете алдың деп сан мәрте қайталап айтсам да, жүрегінде қайнап жатқан от сөнбеді. Ертең ақ бұл сіңлім үшін де жарқырап алдынан күн шығатынын мен білемін. Себебі өмір ақ қызыл жолақтардан тұрады емес пе? Ол үшін барынша ерінбеу керек. Еріншектік орға жығады. Өз — өзімді де ерінбе, ерінбе, ерінбе деп қамышалап келе жатсам да, көкжиектен ертең, ертең, ертең… деп қиқулаған қоңыр қаз көріне береді, көріне береді…
Бөлісу:

5 пікір

satibaldi
сенен дәулеті мен білімімен қоғамдағы орнымен асып жатса, ішің күйіп тұз жалайтын жағдай әркімнің басынан өткен болар.
Өзіңнің кісілігіңді жалпыұлттық сипатқа балағаның қызық болды. Кетші лібә, сондайсың ба сонда не?
bakytzhan
 лібә деген не сөз?
satibaldi
Ерінбейтін «еңбекқорлардың» «жұмыстарын» көріп жүрік нақ. «Стратег стратег дегенге Қытайға соғыс ашыпты» деп ашуланып отырушы еді Харакири сан адмирал Ямамотоны боқтап отырып