Керектен 1 квадрат орын да бұйырмады.

Кіргеніме көп болмады, ысырып үлгерді бұл қасқалар! Әншілер де көтере алмайтын шығар мындай минустарды. Қаламының сиясы таусылған ақын құсап, пікір де жаза алмай қалдық. Қит етсе, минус! Сынақтарыңыз ауыр екен. Неде боса төземіз ғо. Бірақ үндемей отыра алмайт кем. Қасқырлардың арасына бір жілік ет тастағандай боп қалдым ғо. Қашанғы созлат кен?!..
Бөлісу:

59 пікір

MERmukhanov
Минустрациялары кеп жүреді-ау үнемі осылардың
danakyz
недддеген сәуегейлік, әулиемедіңіз? қай жеріңізбен бал ашасыз?
Sashok
Сәуегей емес, сауатсыз десей.
MERmukhanov
Десей, сен шынымен, мұнда орфографиялық қате бар деп ойлап тұрсың ба? Пфф, проблема сенің қабылдау қабілетіңде-ау деймін. Прострациядасың сен /қазір ренжиді простатит деп жатыр деп/ ))
toha9566
мені минустаудың қажеті қанша күлкі арсыз ғой
ken
Просто сен анадай жазбаларыңды қайта-қайта жариялап, отстойға кіріп кеттің. Оған бір кіргесін қайтып шығу оңай емес. Бірақ шығуға болады.))
Мысалы, Әбіләкім де бір кезде осылай саған ұқсап жүргені есімде. Майқұдықский әзілдерін қайта-қайта жазады, басқалар «мамбет-мамбет» деп тастайды, әсіресе Сатыбалды. Бір жолы кезекті бір әнегіне «ну и мамбет же ты» дегенін оқып күлген едім. Сол Әбіләкім қазір қандай? Үздік ондықтың үшінші орнында тұр.
Сондықтан мұңайма))

Мынаны да оқи сал))
Соңғы түзету:
aikarakoz
Түууу, байқұс бала-ай! Әбден қиналдың-ау
Енді еркелікті қой да, керемет постыңмен таң қалдыршы бізді
Aya
өз басым минустағанмеспін
satibaldi
Пензесс ақ қарға нақ. 37-де сельсоветке өсек тасудан қолы тимеген
Aya
Не ме не?! Қашшшан?! 37-де Әлөштермен бірге алдыңғы шепте атылып кеткен болар едім девойлам))
Adiletshu
То гавно, что засохло — больше не всплывет.
Откроешь рот — получишь туда свежий Твит.
А ты пока своди дружков на свидание,
А мы тебе споем: «Давай до свидания!»
Ottegin
Керектен 1 квадрат орын да бұйырмады.

Оның рас, рас. Формалинге салып, Кунсткамераға қойып тамашалайды, бір тілім квадрат бұйырмақ түгіл
Соңғы түзету:
meirzhan
Назарб аудармай, жаза бер.
aza
Сені мұндай тез беріледі деп ойламаппын))) Сәл салмақты болсайшы, қатын құсап жылай бермей, қасқырлардың қан көргенде құтыратынын білесің ғо…
Tyulpan
nurbolhan, мында келіп, минусталғандар әр түрлі жылайды, жылаудың енді түр-түрін көрдік. бірақ сіздің мойымай, берілмей, юмор араластырып сөйлейтініңіз ұнап тұр. сәттілік не де болса!
aza
Жағымпаздық!
Abilakim
Cіздің сөзіңізге қосылайын десем менің тарапымнан жағымпаздық болып кетеді ме деп қорқып отырмын
Tyulpan
жаман жағымпазданғым кеп отыр да ))))))))))

не ғой, ана алдыңғы жылағандарға қарағанда, бұңкі нәрмәлні сияқты… еще «ары қарай көрик» деп отыр ғой, кете қояйын деп емес))) әсіресе, бір ақынсымақ жігіттің жылағаны есімде қалып кетіпті )))
dark_nazgul
Керектен бір-бір квадрат орын тек анау төбеде тұрған ондыққа қана бұйырған.
aza
Өзі он-ақ шаршы метр орын, ол ондықта, мұның дамбалын көрдің бе дисіз ғо, сол баяғы
satibaldi
ОЛ қойня нақ, өлген соң екі аршын жер де бұйырмайтын сияқты: крематорий — урбанизация талабы деп жатыр демографтар.
dark_nazgul
не ғой, Сатеке, өсиет хатыңызда, күліңіз салынған урнаны маған берсін деп тапсырып кетіңіз, иә?
Aldeken
Шыңғыс хан секілді, қайда көмілгенін білмей өтетін болармыз Сатекеңнің де… деген ойлар келіп қояд біздің кәллаға…
dark_nazgul
Моласының үстінен мың жылқы айдатып жіберсе…
Daniar-Alan
Моласының үстінен мың жылқы айдатып жіберсе…
Көмгендердің бәрінің көзі жойылса…
nurbolkhan_
Заман талабына сай крематорий боса көнеміз ғо!
konvict
Бәріміз алғаш келгенде минусқа кіріп келгенбіз. Мені мойындамайды деген пікірден аулақ болу керек. Мұнда ешкім жұлдыз емес. Лайықты пост жазбаса Есағаның өзін минустап тастайды
nurbolkhan_
Менің Керектен бұрыннан хабарым (КТК, НТК, Қазақстан) бар! Сыну деген бізге жат!
danakyz
мәләдес! бірақ көп понтшаламай сөйлеш, өзіңді шлии жұлдызша санайтын сиақты боласың да тұрасыңғо ә?
nurbolkhan_
Сіз понт, жұлдызға жабыстыңыз да қалдыңыз ғо! Бұны, Шымкенски аксент демеушімед
danakyz
ажыратжіверсии) аксентіңді ұрайын)
nurbolkhan_
Ол үшін қан ауыстыру керек!
Adiletshu
Иә, бұл жерде тепкілегенге шыдағандар ғана қалады. Сатыбалды маған әнектер арнап еді
konvict
 есімде есімде
Tyulpan
)))))))))) қазір Сатыпалдының өзіне әнек шығарам девқойыңыз  

негізі, осылай жаңадан келген біреуге тиісе бастаса, бәрі бұрын қалай таяқ жегендерін естеріне түсіріп алады.
toha9566
минусқа ренжіме, қайта шыңдала түскенің дұрыс болар
ken


Осы жақта минус-плюс туралы айтылған сайын есіме осы өлең түсіп кете береді.
Janasil
Бұл жерге талай ақИық ақындарда симай кеткен.
nurbolkhan_
АқИықтылардың жолы бомапты онда!
AKY
есесіне қараиықтардың жолы болып кететіні бар. иықтың түсіне бұтақ қойған замандар болыпты деседі ел артындағы аңыз.
nurbolkhan_
Сол бұтақ басымызға түспесе игі!
AKY
болды енді ыңырси берме, пәтәқтің тәпәғінан гөрі нептептің нептемулары өтіпті ғо әйтеуір )))
Aldeken
пәтәқтің тәпәғінан гөрі нептептің нептемулары

ӨРТ!!!
Janasil
Оның сөзін бір-екі адам дұрыстап, бір екі адам пілустап, әр-жерден «енді өзі ғой бастаған» деген аргументтерден соң, бәрі тынышталып, қолданушыны қабылдайды, не оның қисық пікірлерін елемеуді, әзілмен қабылдауды ұйғарады
Гастаны мына жазбасын оқи сал.-->>>>>
Gulistan
Берілме, қолыңа жалау ал да… АЛҒА!!!
madlen
Мдаа, керекинфо ешкашан озгермейди)
Daniar-Alan
Мдаа, керекинфо ешкашан озгермейди)
әрине  хош келдің… қайта…
toha9566
Өзгермегені дурыс, өзгерсе қандай болад екен??????
Ispek92
өз басым 1 квадрат метр дегенді алғаш естуім, 1 метр квадрат сияқты еді мектепте оқытқан да (1 м2)
omarbirat
Квадрат метр дұрыс. Шаршы метр деп те атайды.
merekeee
Объектіні де таңдап алады, лайықтысын ғана талайды бұлар. Журфактың бір топ бала-шағасына тиісе алмай діңкелері құрып жүр осы күндері :)