"Интердің" бұрынғы бапкері Страмаччони: "Қазақстандық студенттің ставкасы шықпасын деп әдейі жеңілген кездеріміз болды"

Блог - Rafaello: Интердің бұрынғы бапкері Страмаччони: Қазақстандық студенттің ставкасы шықпасын деп әдейі жеңілген кездеріміз болды

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Филология факультетінің 3-ші курс студенті Ырымбек Байғаниннің достарына жиі айтатын «Интер тек менің ставкам шықпасын деп әдейі ұтылып жүр» сөзі расқа айналып отыр. Кеше Италия Радиосының сұхбатына қатысқан Миланның «Интерінің» бұрынғы бас бапкері Андреа Страмаччони қазақстандық студенттің сөздерін растады. Өткен жылы «Интерге» 9-шы орын алып беріп, Серия Б-ға түспеуінде зор үлесі болған талантсыз бапкер журналистерге өткен маусым туралы қысқаша баяндап берді.

Андреа Страмаччони («Интердің» бұрынғы бапкері):
— Өткен жылы ешқандай орынға таласа алмадық, кубоктардан да ұшып кеткенімізді жақсы білесіздер. Осылайша жұрттың ставкаларын шығармауды өзімізге мақсат қылдық. Бұл мақсатымызға жеттік деп толыққанды айта аламын. Бұл істен ләззат ала бастадық. Тіпті әдемі ұтылу үшін арнайы тактикалар жасап дайындалушы едік. Ойыннан кейін біздің шешіну бөлмемізді көрсеңіз ғой! Футболшылар "қаншама ставканы шығармай тастадық" деп мәз-мейрам болады. Кей матчтарда 2-0,3-0 алда келе жатып, соңғы минуттарда әдейі гол жіберіп жеңіліп қалатынбыз. Әрине мұндай сериялық ұтылыстардан кейін бізге бәс тігушілер саны азайып кететін. Сол кезде біз бірден 2-3 матч бойы жеңе бастайтынбыз. Ырымбегіміз сол кезде экспресстеріне бізді тағы да қосып қоятын. Ал келіп жеңіл сол кезде (Күледі). Әлемде қаншама басқа лига бар, қаншама ойын бар? Бірақ Ырымбек мырза бізге қайта-қайта қоя беретін. Жалғыз ол емес, әлемде мыңдаған осындай мазохист бар. Жігіттер, болды енді қоймаңдаршы «Интерге».

Элеонора Көшімханова
«Ганюшкин ақшамы» газетінің Римдегі меншікті тілшісі
Бөлісу:

19 пікір

araika
Рафа — молодец, өзекті тақырыптарды қозғайды.
Marco
На кол его! Ептінің баласы былтыр Интер Эриге ұтылып экспресім шықпай қалып еді. Бәсе, нәғып деп едім-ау. Мына иттің істеп жүргені екен ғой!
saken
«Ганюшкино ақшамы» қазитіне РЫСПЕК. Римде тілші ұстап отырған бірден екі отандық БАҚ шығар.
ErNur
Ырымбек Байғанин Айттым оған оларға қоя берме деп… тыңдамайды ғо адамды.
Соңғы түзету:
satibaldi
Ол тек Либертадос, Апертур, Копа Жиренқопа деген сияқты таңғы 3 жарымдағы ставкаларды жақсы шығаратын еді, не болған бұ жолы?
asaubota
ең педераст командалар:

Челси
Вердер
Спартак М
Фенербахче
Интер және Милан
Арсенал
Астана
GALEKE
Арсеналыңа келіспеймін дос. Ол ешқашан ойынды сатпайды. Дұрыс ставка жасай алмасаңдар Арсеналдың мұнда қатысы шамалы.
Marco
Рас-рас, олар қанша ұтқысы келсе де ұтылып қала береді
GALEKE
Бұл футбол бырат
torgai
Бәс тігіп жүргендерді, ол тігіп жүр екен ғой ә
konvict
Өздері ұтылуға тігетін шығар
GALEKE
А сериясына қоятындардың барлығы Дауылбайлар дер едім. Сезон аяқталса болды сатылулар, келісімдер туралы дау басталатын лигаға есі дұрыс адам қояды ма ей?! Әлемдегі ең келіскіш лигалардың бірі ғой. Футболға мафия араласып кеткен. Асылывөліңдер! Сатрамаччони еркек екен! Сыйлап кеттім.
omarbirat
Элеонора Көшімханова
«Ганюшкин ақшамы» газетінің Римдегі меншікті тілшісі
сауатты жаза ма, қалай өзі былай? Өзім футболдан ештеңе қақпаймын.
Nurgisa
Ырымбекке айтарым, Ырымбек, бұның тап-таза қате. Сан мәрте сүріндірген командадан опық жеуге осыншама құштар болар ма еді адам баласы… Андреа бапкер де бүкпесіз айтыпты, ставкаға қарсы ойнайтындарын. Италияда фикс ойындар анау айтқандай жаңалық емес, тиффози мен мафиози сөздернің ұқсастығына назар аударсаңыз жеткілікті.
Элеонораға осындай ізденіс үшін, селт еткізген қызықты жаңалығы үшін рахметімді айтсам деймін.
Marco
Ырымбектікі жеңілген күреске тоймас деген болып тұр ғо. Таза приципке кеткен жігіт шығар.
patick
«Ганюшкин ақшамы» Шарон өзенінің жағасындағы бұрынғы қонақүйдің ғимаратын жалдап отыратын еді. Әлі бар екен ғой бұлар