Экспресс тағам - Назгүл

Аса мейірімді және қызуқанды dark_nazgul -дің атымен атаймын бұл тағамды!

Ас Кок жылдам тағамдар байқауы: Экспресс тағам - Назгүл

«Ас Кок» байқауында сөзсіз үштікке кіретін бұл тағам бір көргеннен ақ тіл үйіртіп тұр емес пе? Қалай жасалатынын түсіндіре кетейін.

Алдымен кез келген дайын лапшаны пісіріп аламыз (шама шарқыңызға қарай алыңыз, мен қымбаттауын алдым), үстіне өзімен бірге келген қосымшаларын қосып. Ол өздігімен пісіп жатқан кезде колбаса және помидорды табаға салып қуырамыз. Болып қалған кезде үстіне сыр қойып (кез келгені жарай береді, мен ақшам көп болғандықтан қымбатын алдым), оның еруін күтеміз. Осылайша лапшаның үстіне құйылатын соусымызды дайындап аламыз. Дайын лапшаны тарелкаға саламыз да, үстіне табада қуырылған колбаса мен помидорымызды құямыз.

Ешқандай спагеттиден кем емес екенін шамалап тұрған шығарсыз? Онсыз да дәмді роллтон лапшасының үстіне керемет соус қосылған кезде dark_nazgul -дің пікірлерін оқып отырғандай тамаша сезімге бөленесіз. Колбаса еттің дәмін береді, ал помидор соустың негізін қалайды, сыр ертіндісі осы үшеуін біріктіріп ұстаушы күш.

15 минуттай уақыт кетті. 4 минутта жеп қойдым. Арзан әрі дәмді!
Бөлісу:

23 пікір

zholantai
қымбаттауын алдым
,
қымбатын алдым
дұрыс, ингредиенттер де тағам аты берілген жанның тұлғасына да лайық болу керек,
asaubota
«Назгүлді» жеп қойғым келіп кетті
Соңғы түзету:
Abilakim
Жегеннен кейін түсіріп тастауға да тура келеді шамалы уақыттан соң…
dark_nazgul
Тырнақшаға алып жазбайсың ба, әйтпесе…
asaubota
сен Назгүлді емес ана тамақ Назгүл туралы айтқам. кешір, сені жей алмаймын. тәтті нәрселерге жоқпын.
dark_nazgul
соны айтып тұрмын ғой, тырнақшаға алмасаң, өзгелер басқаша ойлап қалар… флирткөргіштеріңдісссссс…
asaubota
алдым тырнақшаға, флирттенқұдайсақтасын
Rafaello
Соны айтуға қысылып отыр едім қолданушылық әдеп сақтап
Arys_arlany
4 минутта жеп қойдым
Ас болсын
dark_nazgul

Менің сүйікті тағамым ғой.
asaubota
екеуің таныс емессіңдер ме? ортақ нәрселерің көп сияқты ғой
Rafaello
Ұттым ба мен?
dark_nazgul
Келесі сейсенбі шығады ғой қорытындысы.
Менің жүрегімді жаулап алдың ғой  сол жетпей ме
Rafaello
Сонда да ұтқым келеді да