Жігіттер сіздерге қалай ұнауға болады не болмаса ең ұсқынсыз аяқ киім

Блог - totiya: Жігіттер сіздерге қалай ұнауға болады не болмаса ең ұсқынсыз аяқ киімCouponCodes4u сайты ер адамдардың пікірі бойынша әйелдердің сүйкімсіз аяқ киімдерінің рейтингісін жариялады. Сауалнамаға жасы 18ден асқан 21 мың американдық джентельмен қатысыпты.Респонденттердің 79% сүйіктілерінің аяғына не кигеніне көңіл аударатындарын айтса, 12% тек кейде ғана байқайтынын жасырмапты. Сонымен қатар, сауалнамада қыздарының талғамы жақсы жаққа өзгерер деп үміттенетіндер 59%, ал 41% көңілдерінен шығатынын мәлімдепті.
Аяқ киімнің стиліне нақтырақ қарайтын болсақ, платформадағы туфли, сланцы және уггиді қыздардың кездесуге киіп бармағаны абзал. Статистика бойынша: 71% — сұлу ұыздардың аяғынан танкеткадағы аяқ киімді мүлдем көргісі келмейді екен, 67% — мыжырайған Ugg (угги) кимесе екен дейді, 63% — резеңке Crocsтан аулақ жүріңіздерші деп өтініш білдіріпті. Антирейтингтегі төртінші орынды платформадағы туфли (58%), бесінші — сланцы (55 %), мокасин -(49%), балетки — (37%), одан кейінгісі Mary Jane бауы бар туфли, соңғы орындарды еншілегендер тапл тақалы рюмка-каблуктар(34%) және кроссовки екен (25%). Жігіттер сонда сіздерден жақсы баға алу үшін, қандай аяқ киім алуымыз керек? Сіздерге жағу қиын болып кетті ғой…
Бөлісу:

47 пікір

Daniar-Alan
инфографикаға әдемі тақырып екен
asaubota
12 пайыздың ішінде екенмін, көп аңғара бермеймін.
satibaldi
Қыз тек субъект ретінде ғана қызықты. Жамау-жабулары, киіп алған қапшығы, тағып алған мұрындығы, салып алған ауыздығы — соңғы орында.
Соңғы түзету:
Korkem
Жалаңаяқ баруға ешкім қарсы емес екен
ken
Мына тақырыпты Казахруда ашқаныңда өтімді болар еді
dark_nazgul
Угги шынымен сүйкімсіз ғо…
Marco
Білмейм. Угги де өте жарасымды болып тұрады ғой, үстіндегі киімімен үйлессе. Сланцы да сондай, мокасин де. Мына қыздың аяқ киімі нашар екен деп сөйлеспей кеткен кезім болмапты)
konvict
Мен де киім үшін сөйлеспей қалған кезім болмаған. Бірақ аяқ киімге мән береді екенмін.
Korkem
бұқақақақ рас па?
konvict
Қазір қай кезде қандай іш киім киіп жүргеніңді түсіне дейін айтып беремін ғой
Korkem
жүргеніҢді
? менің?
zholantai
кішкентай кезде, бір бөлем алдап соққан мені, жарғанатты өлтіріп, қанын шыныға жағып, со шынымен қыздарға қараса ,қыздың ішкиімі, қанды қалың етіп жақса, ішкиімінің іші де көрінед деп. сөйтіп жарғанатт өлтіріп, қанын бөтелкенің сынығына жағып, қыздарғак қарағанбыз. ішкиім тұрмақ, қыз да көрінбеді. ))
Ispek92
Мәссаған, мен алдандым
Arys_arlany
))))))))))))) қай қайдағыны еске түсіріп,
Daniar-Alan
Жалпы киімдерді кие алуға байланысты секілді. Біреулерге соңында бес нөлі бар суммаға алған херчачилік арқасы ашық көйлектің өзі ұсқынсыз көрінсе, біреулерге соңында екі нөлі ғана бар суммаға алынған шыт матадан тігілген көйлек те жарасады. Маған ең ұнамайтыны: түстердің сақталмауы. Жасыл көйлекпен қызыл аяқ киім киіп алатындарды көрсем қаным қараяды. Жалпы қыз аяғының әдемілігі, түзулігі… жалпы қыз сымбаты боты кисе де көрінеді. Сондықтан хұрметлі ханымдар! Кие беріңдер, бірақ, кие алыңдар
dark_nazgul
аяқ киімді өзіме ұнағаны, жайлы болғаны, киіміме жарасқаны үшін киеміз ғо, жігіттерге ұнау үшін емес.
PatriotKZ
Алла, алла… Мына заман не болып барады?!.. Қыздардың қоятын сұрағы ма бұл?! Бұрынғы еркектің көзіне көрінуге именетін аналарымыздың ұрпағы осыншалықты ұсақталған ба?! Атам Абылай көрмесін бұл қорлықты…
dark_nazgul
Абылай атаңа оқытсаң мына жазбаны, «ееее, қарағым, кезінде әжеңнің аяғындағы үшкір тұмсық биік тақалы етігіне ғашық болып алып едім» десе.
PatriotKZ
Нағыз Абылай атамның түсінде көрген құрт-құмырсқа, бақа-шаян сізсіздер!
dark_nazgul
Біздің арамызда жүрген сен бізден асып қайда кеттім деп ойлап отырсың?  ааа, сен шыбын шығарсың? ұшып жүрген?
PatriotKZ
мен қыранмын!
dark_nazgul
еее, онда сен Абылай бабаңның ұрпағынан болмадың ғой. Қайдан келген кірмесің?
totiya
Кыран дейтіндей қайда шарықтап ұштыңыз? күрекпен қоқысқа лақтырғанда ма?
PatriotKZ
қазақ емес мазақсыңдар сендер!
totiya
Сіз өзіңізді тура бір пәк адамдай көреді екенсіз. Жұртқа ақыл үйретпестен бұрын өзіңізді жөндесеңізші. Қай қазақты көрдіңіз салғаласып әйелмен сөз таластырған? сен андай да мен мындай деп айтуға болмайды. Ауыз менікі екен деп қанша күнә жасап жатырсыз.
PatriotKZ
сендерге қарағанда пәкпін!
dark_nazgul
Не ғой. Бір пәктің сонша бұзықты жөндеймін деуі далбаса.
Одан да, былғанбай тұрғаныңда, таза күйіңде қаш!
Әрине, қамиқадзы болмасаң.
Daniar-Alan
Патриоттығыңды басқамен дәлелдесей онан да
toha9566
ааа абылай ханның түсін жорып берген сен бе едің
Соңғы түзету:
PatriotKZ
жоқ. Бұхар жырау. Біліміңіз жоқ болса жазбаңыз мұнда!
Marco
Адам өмірінде сексуалды тұрақтылық орнамайынша өмір шындығын іздеумен болады. © Гаста
Rafaello
Угги туралы бір қыздарға ұялып жүр едім айтуға

Менің dark_nazgul -ім ондай кимейтінін білемін
dark_nazgul
Ботфорт етіктерге қалай қарайтын едің?
Rafaello
Естімеппін ондай етік түрін
dark_nazgul
Санның ортасына дейін келетін, биік қонышты етік ше.
bazuka
Менің dark_nazgul -ім ондай кимейтінін білемін
джынД қылып иемденіп қойыпсыз ғо
omarbirat
Маған бәрібір екен

Бірақ қызымның аяқ киімдерін әйелім екеуіміз бірге қарап алатынымыз бар
Aidakonya
қыста — угги, жазда — балетки, күз/көктемде — резіңке етік! Бұл менің таңдауым!
zholantai
жарасымды угги де жақсы. ең жаманы, танымал марканың арзан көшірмесін киіп алу
Ispek92
Кадімгі стильді крассовкаға ештеме жетпейді екен
xankeldi91
Басқа жігіттерге не ұнайтынын біліп қайтесің? Жаным-ау, маған не ұнайтыны білгің келсе, менің өзімнен сұрап білсең болмай ма?!
a63a1
Тыр жалаңаш галош киіп келседе қарсы еместерденмын
Xansha
жігіттер де угги киеді ғой… Ренжімеңдер, бірақ ұнамайды.
temir1986
Әйелдлерге жалаңаш жүрседе жарасады