Шор
Шор ұлысы Ресей Фередациясының Кемеров облысы мен Алтай және Хакас Республикаларының аумағын мекендейді. 2010-жылғы бүкіл ресейлік халық санағының қортындысы бойынша шорлардың саны 12 888 адам.
Шор ұғымы этнос атауы ретінде ХХ-ғасырдың басында ғана қолданысқа енген секілді. Жоғарыда аталған өңірлерді мекендейтін түркі тілдес халықтарды орыстар ұста-татарлар (кузнецские татары) деп атаған. Ал олар өз кезегінде ортақ этнос ретінде бірікпеген әртүрлі рулардың (сеоктардың) конгломераты болатын. Шор осындай сеоктардың бірі. Дегенмен, көршілес жатқан өзге ұлыстар, мәселен, алтайлықтар, телеуіттер бұларды шор-кижи (шорлық немесе шор кісі) деп атаған. Орыстар да, қаптаған рулардың атын атап жүрмес үшін шорлықтар деп қысқа қайырған сияқты.
2007-жылы Том университетінің вестнигінде жарық көрген Л.С. Борина деген ғалымның еңбегінде қызық ақпараттар кездеседі. Кеңес үкіметі шорлықтарды бөлек ұлыс ретінде бекітіп, олардың өмір сүру аумағын анықтап, Таулы-Шор ұлттық ауданын құрады. Алайда, оның құрамына кірген ру өкілдері, 1924-жылы Татар-Шор съезінде Шор деген ұлттың кім екенін түсіндіріп беруді сұрапты. (!) Демек, бұл уақытта жаңағы сеоктар әлі де өздерін Шор ұлтымыз деп есептемеген.
Дегенмен, бүгінде шорлықтар өздерін бөлек ұлт ретінде қарастыратын сияқты. Астанадағы Домбыра Party-ға қатысқан Чылтыс есімді әнші өзін шорлықпын деп таныстырды. Ал, ол шор тілін білетін, ұлттық өнерін насихаттап, ұлттық болмысын сақтап қалуға тырысып жүрген адам болғандықтан сөзі сенімді көрінді.
Түбі түркі болғасын шор мен қазақтың ұқсас жерлері көп. Руға бөлінетінін айттық. Олар өздерін таныстырғанда алдымен соек (ру ), сосын кезек (ата) соңында төл (отбасы) атын атаған (Мысалға, руым Қият, Қияттың Нәдірімін, Сапардың ұлы Маралбекпін деген сияқты).
Шорлықтардың басым бөлігі христиан деген ақпарат оқыдым. Алайда, дін атадан қалған салттарды түп-тамырымен жоя алмаған. Оларда әлі күнге өліктің жетісін, қырқын, жылын беру дәстүрі бар. Бақсылар көмегіне жүгіну де кең тараған.
Өкініштісі, шорлықтардың көп бөлігі өз тілін ұмыта бастапты. Бұл тұрғысынан да бізден аумай қалған. Түркілердің ортақ проблемасы шығар шамасы.
Айтпақшы, қазақта «шор» деген сөз бар. Қайың ағаштың көзі дегенді білдірсе керек. Жаяу Мұсаның атын тартып алатын Мұстафа Шорманның баласы ғой. Сондағы Шорманның шын аты басқа, оған Шорман деп ат қойған Шоң би екен. «Осы баланы көрсем, көзіне қайыңның шоры елестейді», — депті би.

Иә. Бірақ бұл жерде мына жағдайды да ескерген жөн болар. Шорлар хакас, алтай, қырғыздармен жақын. Мысалы қырғыздардың Ч дыбысы бізде Ш-ға айналады, ал Ш-сы С-ға айналады.
«Сеок», «соек» дегендері біздің «сүйекке» ұқсайды екен.