12 жастағы қари Құран хатым етуде

Блог - totiya: 12 жастағы қари Құран хатым етуде

Қарағанды облыстық орталық мешітінде Рамазан айы басталғалы бері Құранды әуелетіп орындайтын, жасбаланың дауысын естиміз. Үлкен аға-апаларымыздың, жамағаттың өтінішін жерге қалдырмай, Әбду Мәлік күнде Құран хатым қылады. Жас қари бәрін ұйытып Құран оқыған кезде, махаббат пен рақымдылықта қалқып, рамазан айының хош самалында сырт көзге қиын, бірақ көңілге қонымды мезеттерді бастан өткеріп жатқаны сөзсіз. Бұрындары басқа елдерде ең жас қари деп, балаларды көрсетіп жатқанда таң қалатын едік. Міне біздің арқа елінде де, ең жас қари маңдайымызға туа бітіпті.
Бұл келешек ұрпағымыздың кемел боларының дәлелі шығар.Блог - totiya: 12 жастағы қари Құран хатым етудеӘбду Мәлік арабша оқуды 7 жасынан бастаған көрінеді. Ал Құранды соңғы үш жылда жаттап алған. Құран оқып отырып, кез-келген жерінен әрі қарай жалғыстыр десең, ұшқан құстың жылдамдығындай тез іліп әкете қоятын жас шәкіртімізден уақытын бос сергелдеңмен өткізіп, ырду-дырду тойдан қолы босамай, иманы әлсіз, жүректерін кір шалған бауырларымыз үлгі алса екен дейміз. Дана халқым «Білмегеніңді үлкеннен, үлкен болмаса кішіден сұра» деп тегін айтпаса керек. Жас қаридің күніне оқылған Құранның бір парасынан тым болмағанда, бір сөйлемі жатталып, ізгі ниеттеріңізге бастау болса, нұр үстіне нұр болар еді. Егер суға толы ыдысымыз болса, бірақ қамыр илейтін ұн болмаса, ешқашан дастарқанда нан болмайды. ИмаБлог - totiya: 12 жастағы қари Құран хатым етуде
н- су және игі іс- ұн тәрізді. Әрқайсысы екіншісі болмаса адамды жұмаққа жетелемейді. Егер дүние мен ақиретке терең сенсек, бірақ осы сенім негізінде игі іс істемесек, не пайда? Керісінше егер иманымыз болмаса да жақсылық жасасақ, үзілген өсімдік сабағы егілген жерге ұқсаймыз. Ерте ме, кеш пе, сол көк сабақтар құрғап, солып қалады. Игі амалсыз иман, имансыз игі іс жемісті болмайды. Алла тағала астында арықтар ағып жатқан жұмақ бақтарын, осы екеуді, яғни, иман мен игі істі бірге ұстаған адамдарға нәсіп етеді деп қуантады. Әбду Мәліктің істері, үлкенге де кішіге де өнеге болғай»!
Бөлісу:

9 пікір

asaubota
қарилық менің ойымша ол өсе келе үйренілетін нәрсе емес. адам қари болып туады. хакерлік сияқты деп септеймін. адам хакер боламын деп оқып хакер бола алмайды. солай туылуы керек. балаларын медресеге беріп, қари болады, бізді де жұмаққа алып кетеді деп ойлайтын ата-аналарға күлкім келеді.
satibaldi
балаларын медресеге беріп, қари болады, бізді де жұмаққа алып кетеді деп ойлайтын ата-аналарға күлкім келеді.

Бұған kariim нің пәтасын тыңдасақ қайтеді?
kariim
7 миллиард адамның барлығы мұсылман болып туылады дегенді меңзейтін хадистер жетерлік, бірақ болашақта қари болу үшін солай туылуы қажет дегенді білмейді екем. Жалпы, әр мұсылман бір күнде бір ғана аят жаттауға шамасы келеді екен. Оны өз басымнан өткізіп, дәлелді тұжырым екеніне көзім жетті. Енді бүгіннен бастап 6236 күнді есептеңіз, толық Құранды жаттап бітесіз осынша күнде. Шамамен 17-18 жыл.
Nodar
а мен Құранды неге қазақша оқымайтынымызға түсінбеймін
totiya
НЕГІЗІ, ДӘЛ ОСЫЛАЙ АЛЛАҺТЫҢ ҚАЛАУЫМЕН БОЛЫП ЖАТҚАН ҚҰБЫЛЫСТАР МЕН ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІҢ СЕБЕПТЕРІН ІЗДЕЙМІН ДЕП КӨПТЕГЕН АДАМДАР АДАСҚАН, ТІПТІ ҒҰЛАМАЛАРДЫҢ ӨЗІ ОСЫНДАЙ СҰРАҚ ТӨҢІРЕГІНДЕ ОЙ ҚОЗҒАЙМЫН ДЕП, АЛЛАҺТЫҢ ҚАЛАУЫМЕН БОП ЖАТҚАН НӘРСЕЛЕРГЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БІР СЕБЕП ТАБАТЫН БОЛДЫ ЯҒНИ НЕГЕ БЫЛАЙ БОЛАДЫ, НЕГЕ БЫЛАЙ БОЛМАЙДЫ ДЕП СҰРАҚ ҚОЙЫП, СОҒАН ӨЗДЕРІНШЕ(ЕШ ДӘЛЕЛІ ЖОҚ) ОЙЛАР АЙТЫП, БОЛЫП ЖАТЫРҒАН КЕЗ-КЕЛГЕН НӘРСЕНІ БІР СЕБЕПКЕ ТЕЛІП(НЕМЕСЕ МҰҚТАЖ ЕТІП) ҚОЙДЫ. МЫСАЛ:
НЕГЕ АДАМДАР ЕРКЕК ПЕН ӘЙЕЛ БОЛЫП ТУЫЛДЫ?
НЕГЕ БАС БІРЕУ, НЕГЕ ЕКЕУ ЕМЕС(СЕБЕБІ БІР БАСТАН ЕКІ БАС ЖАҚСЫ ДЕЙДІ ҒОЙ)?
НЕГЕ МЕККЕ АРАБИЯДА, НЕГЕ ҚАЗАҚСТАНДА ЕМЕС?
НЕГЕ НАМАЗ 5-ЕУ, НЕГЕ 6-АУ ЕМЕС?
НЕГЕ МӘСІХТІ АЯҚТЫҢ ҮСТІНЕ ТАРТАДЫ, АСТЫ ЕМЕС ПЕ ЛАС БОЛАТЫН?
НЕГЕ ӘЙЕЛДЕР ХАЙЫЗ КЕЛГЕН КЕЗДЕ НАМАЗДАРЫН ТАСТАП, КЕЙІН ӨТЕМЕЙДІ, АЛ ОРАЗА БОЛСА, НЕГЕ ОРАЗАСЫН ӨТЕЙДІ?
НЕГЕ ҚҰРАН АРАП ТІЛІНДЕ ТҮСКЕН, ҚАЗАҚША НЕГЕ ТҮСПЕГЕН?
НЕГЕ НАМАЗДЫ АРАБША ОҚИМЫЗ, НЕГЕ ҚАЗАҚША ОҚЫМАЙМЫЗ, АЛЛАҺ БӘРІ-БІР ҚАЙ ТІЛ БОЛСА ДА ТҮСІНЕДІ ҒОЙ?
НЕГЕ.....?
НЕГЕ.....?
НЕГЕ.....?
satibaldi
капслоктың астына сырғаңды қалай түсіріп алып жүрсің?
kariim
Тусінбейтін түгі жок, қазақша оқи береді ғой Құранды.