Аскөк+пияз=виагра!

Өзімізше сері көрінгіміз келетіні өтірік емес. Ұмтылмастай ләззат сыйлағымыз келеді. Бірақ жұмыс пен жүгіріс кейде бәрібір дегенін қылып, құр сүлдерің қалатын кездерің болады. Ал дәріханаға кіруді ұмытып-ақ жүреміз. Осындайда виаградан кем түспейтін мынабір рецептті пайдалануға болады. Сонымен, қажетті заттар: пияз, аскөк(укроп), шай қасық сірке суы…

Алпысқа келіп апам алжыды деп отырсың-ау сірә, қарғам. Әдейі кірдің бе, алданып кірдің бе, ол өз шаруаң. Бірақ кемпір болғанда бала-шағаның пұшайы туралы айтып, әбірейсіз әже деген атақ алар жәйім жоқ, шерағем. Ненің виаграсы саған аскөк пен пияздан. Әйтпесе күнде палау басып берген шалым аптаматтан кем болмай, қашпаған кәрі қыздың кейпін тастап, құлпырып жүрер ме едім. Ал сабынды қалай жасайды десең — онда бір жөн.

Алдымен итсигек деген шөп болад. Соны юн-ағұста орып әкелу керек. Гүлдеген болса тіптен жақсы. Соны жақсылап өртейміз. Өртейтін жер саздауыт болғаны жақсы. Мына жақта болса, қыс бойы жинаған сүйек-саяғыңды және қайнатып қоясың. Сол сорпасымаққа итсигектің күлін төгіп кеп жібергенде, аппақ әктің суы сияқты суға айналады. Енді тек әрі қарай қайната бересің, қайната бересің. Ожауеңді қазанда айналдыру қиындаған тұста, көгаршынның саңғырығын және саласың. Саған өтірік — маған шын, сіңлім-ау, сіңлім деппін-ау — інім-ау: осы күнгі Тайд-Әриель дегендерің бұзаушықтың қасында әншейін топырақ қана. Өзі көрім үнемді де әрі. Маңдайыма сор боп бітіп, ақыры өліп тынған екінші байым Рзаның бүкіл ауылдың боқтығын жағып келген күпәйкесін тап-таза қылуға со сабынның жартысы да кетпеуші еді.

Айтпақшы, белетін болсаңдар, жөндеп қойып отырыңдар апаларыңды: анау «тек» дегендерді текке жазып, бірдеңе бүлдіріп отырған жоқпын ба, құлыншақтарым менің? Ілмектен ілік тауып, далада қалып қоймайын құрысын. Айтпақшы анау қосу дегенді басып қойыңыздар. Батамды аласыңдар. Батадан қашпа дейді қаззақ.
Өздеріңнің Айғанымдарың (өзімсіп қояд дейд, хе-хе)
Бөлісу:

24 пікір

AKY
буахахаха))))) тегтер өртид :))) Айғаным апа жаза түс :))
Marco
Былай қыл, енді тақырыпты сабын туралы қыл да, ішіне виагра туралы жаз))) Көрілуі мен оқылуы қандай деңгейде болады екен)))
asaubota
соны істеп отырғанша кірсабын сатып ала салу оңай емес пе?
Marco
Бізге оғай ғо. Бірақ, жоқшылықты көрген кемпір-шал олай ешқашан істемейді. Нағашы әжем, марқұм, қалған құтқан сабын, порошоктарды осылай алаботаның күлімен араластырып сабын қайнататын. Доп-домалақ қылып жинап қоюшы еді, жарықтық.
Abilakim
Сол «Итсигеңізді» біздің өлкеде «Алабота» дейді-ау деймін. Біздің жақтың кемпірлері (соғыс көрген шалдардың кемпірлері, қазіргілер емес) сабынды сол шөптен қайнататын
konvict
Бізде де алаботадан қайнатқан
Abilakim
Дегенмен үлкен дәреттен соң жусан жақсы
burkitshi
Иә иә бізде де алаботадан қайнатады. Әсіресе қой қораның орнына өскен алаботаны жинауға тырысатынбыз деп анам айтып отыратын
Arys_arlany
итсигек деген сексеуілдің сабағы сияқты өседі, бұрын ауылда ешкілерге қотыр шыққанда өртеп, күліне дуыс қосып жаққанбыз))
patick
 Айғанымның обрызы көз алдымда кәдімгідей жаттала бастаған сияқты
Соңғы түзету:
Neobiknovenna9
Жасап көру керек екен. Бірақ итсигеk шөбін дәріханада сата ма екен? Ілмектеріңізді көрмеген болайын.
temir1986
Менің бір мамам алаботадан жасайды.
aikarakoz
Менің бір мамам алаботадан жасайды
Сонда сізде неше мама?
kokbori
Алабота деген шөп қой, ол бөлек, ал итсигек деген жыңғыл тәрізді тапал ағаш
dark_nazgul
жаңа профиль ашу керек еді. Әйтпесе дым қызық емес.
zholantai
Айғаным деген аты әдем екен, бәрінен де
satibaldi
Кәдімгіус итсигекус:
Anar70
Айғным ау енді сол итсигенді издеп жүргенше, басқа амалын айтсаңшы)
GALEKE
Айғаным апам өртит