Футбол деген бір әлем

Әлемдегі сөзсіз нөмірі 1-ші спорт саналатын футболды көрмейтін, қызықпайтын адамдар азшылық екені рас. Бәріміз өзімізше тренер де, сарапшы да, керек десеңіз тікелей эфир кезінде комментатор бола аламыз. Өзіміздің сүйікті командамызда бар. Айтарым бұл емес еді, осы бар жүректі жаулаған сиқырлы спорт түрі жайлы айтылған кейбір фразаларға(афоризмдер) шолу жасамақшы едім.
  • Кей адамдар футбол өмір мен өлім мәселесі деп ойлайды. Бірақ, олар қателеседі футбол оданда маңыздырақ саналады
  • Арбитрлердің бір ғана проблемасы бар: олар ойын ережесін білсе де, ойынның өзін түсіне алмайды
  • Қақпаны дәл көздеу аз, қақпашыдан да айлаңды асыруың керек
  • Футбол комментаторы-футбол көруіңе профессиональды түрде кедергі жасайтын адам
  • Футбол ойыны арқасында тек жақсы адам емес, ұлы адам атануыңа да болады
  • Егер еркектер әйелдерін, әйелдер футболды түсіне алса, бақытты отбасылар көп болар еді
  • Ең нашар футболисттен жап-жақсы биші шығуы мүмкін
  • Матчтан соң қақпашы қақпасын сүйіп қана қоймай, үйленуге ұсыныс жасады
  • Қалтаңда толған миллиондармен футбол алаңында тез жүгіру өте қиын
  • Допсыз футбол жоқ, махаббатсыз өмір жоқ делік. Допта, ойында бар, бірақ таблодағы есеп 0-0 болса не болғаны?
  • Профессиональды америка футболы ядролық соғыс секілді, онда жеңімпаз болмайды, тек тірі қалғандар ғана болады
  • Ол басымен нашар ойнайтын ақылды футболист еді
  • 22 жалаңаш қыз футбол алаңындағы 22 еркекті алмастуға қауқарсыз
  • Футбол алаңындағы доп қуған 22 ақымақтан мемлекетке ешқандай пайда келген емес
  • Бразилия құрамасын жаттықтыру үшін Моуринью болудың қажеті жоқ
  • Егер футболисттің футболкасында тамақ дайындау рецепті жазылса, күйеуі мен әйеліне ортақ әңгіме табылды дей беріңіз
  • Ия, Испания экономикадан гөрі футболды жақсы ойнай алады.
  • Көптеген футбол матчтарынан соң туындайтын ой: көзілдірікті судьяларға арнап шығару керек
  • егер жақсылық пен жамандық футбол ойнаса, Ци энергиясы доп болып кетер еді
Бөлісу:

5 пікір

asaubota
Футбол — 22 адам 90 минут ойнап, соңында немістер жеңетін ойын (Г.Линекер)
ken
осы футболдың фанаттары әйелдер футболын көреді ме?
asaubota
мен қызықпаймын әйелдер футболына
Ispek92
менде қарамаймын