Домбыраға қызығушылығым қалай басталды
Кешегі, Ақтаудағы домбыра патиден керемет әсер алдым. Шыны керек осыған дейін домбыраны тек үйде ғана ойнап келгем. Халық алдына шығуым алғаш рет болды, қобалжу да қорқыныш та болды. Ел алдына сөйлеп жүрген мен жиналыстарды басқарған мүлде басқа екен.
Қолыма домбыраны алғаш рет сонау 90 жылдардың басында алғам. Бастауыш сыныпта оқып жүрген кезіміз еді. Сынып жетекшіміз — Арыстанғалиева Тыныштық өнер сүйетін, ақын адам болатын. Осы кісі баулыған болса керек. Жанұямызда өнер адамы жоқ болатын.
Совет үкіметі құлап аласапыран болып жатырған кез болса да сол кезеңнің өз «патимандарының» бірі Ілия Жақанов ағамыз өздерінше пати өткізетін. Ол патилар жаңа тәй басқан қазақ үкіметінің нұсқауымен өтті ме, әлде сол кездің аға буынының ұйымдастыруы ма, қалай болғанда да керемет дүние екені сөзсіз. Ілия ағамыздың филармонияда өткізген лекция концерттері ерекше еді. Сол кезде домбыра үйірмесіне қатынасып жүрген маған ерекше әсер етті. Домбыраның құдіретті екенін, домбыраның өзінше тілі бар екенін, оның адамша сөйлей алатынын түсіндім және естідім. Неше түрлі күйлердің шығу тарихын айтып қана қоймай, сол кездегі салт дәстүр, қазақтың тұрмысын түгел әңгімелейтін. Сонан соң тыңдаған күй ерекше. Құрманғазының «Аман бол шешем, аман бол», "Қайран шешем", «Машина», «Ертең кетем», «Бұқтым, бұқтым» сынды күйлері, Дәулеткерейдің "Қосалқасы", Желдібаевтың «ерке сылқымы», Тілендінің (Нұрғисаның емес) «Аққуы», Нұрғисаның «Ата толғауы», Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» тб айта берсе көп-ақ. Осы лекциялардан кейінгі үйренгенім Құрманғазының «Аман бол шешем, аманболы». Ерекше мақтанышпен орындайтынмын, домыраның сөйлегенін басқа жұрт естімесе де, өзім естинтінмін.
Кейін мектебімізде Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінің филиалы ашылып, домбыра сыныбына оқуға түстім. Мектептегі ең осалы мен едім. Көбіне дарынды балалар оқитын, ал менікі жай қызығушылық. Әлмұханова Сәуле атты ұстазымды қатты жақсы көретінмін. Отырудан бастап үйреткен еді. Рыспай Ғабдиев ағамызды көп мысалға алатын еді. Содан да болар, Рыспай Ғабдиев теледидарға шықты десе ішкен асымды жерге қоятынмын. Өзіміздің Атыраудың тумасы болса да марқұм ағамызды бірде бір рет тірідей көрмеппін. Кейін алғашқы ұстазым маған белгісіз себептермен Алматыға (бала болып түсінбеген болармыз 4-5 сынып оқушысымын ғой)көшіп кетті. Кейінгі апайлар неочень шыны керек. Тағы бір Тілекші деген апай болатын, көбіне оқушылардың қызуғушылығына сай шығармалар беретін, сол мұғалімде оқығым келген, онымен мұғалімдерде нагрузка деген болады екен (ол кезде білмеймің де ғой) мені алу мүмкін емес болып шықты. Сонымен кәсіби домбырашылыққа деген қызығушылығым бітті. Әкемнің ызғарынан қорқып,(Марқұм, бастаған істі аяқтау керек деп ұрсатын) 3 деген бағамен балалар музыка мектебін бітірдім. Содан қолыма домбыраны тек үйде ғана аламын.
PS: Әзидолла есқалиевтың орындауындағы Моцарттың «Рондосы», Ұлытаудың орындауындағы «Времена года», Еңсеповтың орындауындағы «Дорога на Восток», «Адай», «Жұмыр қылыш», Алдаспан тобының орындауындағы "Қызылқайың", «Көңіл ашарды» тыңдаған ұнайды. Еңсеповтың техникасы, Алдаспанның электродомбырасы мықты ұнайды.

Сигма, сенiң домбыра тартатыныңды бiлмеппiн. Әбдiмомын Желдiбаев ауылдасым, аты ыстық естiледi
Өз туған нағашы атам да күйшi болған, өкiнiшке орай ол кiсiнiң таланты маған дарымапты
оқушы кезде үйренген күйлерді бірінен-кейін бірін тартып, бірнеше сағат отырып қалып, сабаққа дайындалмай барған кездерім болып қалатын. қуанышқа орай ма, өкінішке орай ма, музыкаға сонша қызығушылығым болса да, музыкалық оқу орнына түспеппін…