21 жастағы палестиналық әйел 11 баланың анасы атаныпты

Палестиналық Наимнің жасы бар-жоғы 21-ге енді толса да ол 11 баланың анасы атанып үлгерді. Соңғы босанғанында бірден бес перзент сүйіп, әлем халқының назарын өзіне аударды.

Осылайша, осы уақытқа дейін алты баланың әкесі атанған 25 жастағы отағасы Раад пен оның жары Наимнің отбасы Рахф, Газл, Налм, Разан және Махмұд есімді егіздермен толықты.

]
Наимнің бар уақыты балаларын бағып-қағумен өтеді. 11 балаға әке атанған отағасының жалақысының жартысы несиесін төлеуге кетсе, қалған бөлігі балалардың күнделікті сүті мен жаялығынан артылмайды.

Ол Газа секторындағы Палестина президенті мен премьер-министрінен аз да болса, материалдық көмек алып тұрады. Мұның өзі жыртығына жамау болып жарытпайтынын да жасырмайды.

Осыған байланысты ол Палестина президентінен: «Маған ақша қажет емес. Балаларымның сүті мен жаялығын қамтамасыз етсеңіз» деген сыңайда көмек сұрап отыр. дерек көзі мусілим сайты">
Бөлісу:

5 пікір

zhanara2013
Бесеуiн шатастырып алатын шыгар…
bazuka
осы маған егізден артық туатындар ұнамайды. ЖО. біртүрлі сияқты.
FIFA_UEFA
degenmen Naim xanim nagiz batir eken Alla tagalanin nuri jausin.
Walter
Юнисекс футбол команда шығады екен