Сіз жедел жәрдем қызметіне хабарласып тұрсыз

Жампозым екеуміз серуендеп келе жатқанбыз. Түн жарым болып қалған кез. Дәл қасымыздағы жолаушылар жолағының үстінен өтіп бара жатқан жігіт құлап қалды. Сүрінген жоқ, жансыз дене сияқты қиралаң етіп, сұлап түсті. Мен есімді жиям дегенше көшенің арғы бетінен бір бозбала жүгіріп келіп, әлгіні көтере бастады. Көліктер тоқтар емес, тіпті кейбірі жолдан кет деп дабылдатып қояды. Жүгіріп біз де жеттік. Жап-жас жігіт екен, көтеріп жол жиегіне шығармақшы болғанда есін жия бастады.

Қалтафонды алып 103-ке қоңырау соға бастадым. Ар жақтан дауыс естілді. «Сіз жедел жәрдем қызметіне хабарласып тұрсыз. Сіздің дауысыңыз жазылып алынатынын есіңізге саламыз. Вы дозвонились в службу скорой помощи. Напоминаем Ваш голос будет записыватся». Мұны айтып болған соң, әлдебір түсініксіз музыка ойнап тұрып алды. Боқтап жіберуге шақ қалдым. Абырой болғанда патрульдік полиция бригадасы жетіп келді. Жедел-жәрдемді де солар шақырды.

Кетпес бұрын құлаған жігіттің қолдары қимылдап, жымию мен тілін шығаруға әлі келетініне әбден көзімді жеткіздім. Есіңізде жүрсін, адамның құлауына инсульт пен инфаркт себеп болса, жоғарыдағы ең қарапайым әрекеттерді де жасай алмайды. Ондай кезде мейілінше жылдам дәрігер шақыру қажет. Алайда, осы жолы жедел жәрдем нұсқаулығын айтып, музыкасын ойнатып болам дегенше аса қат минуттарды жоғалтып алды. Әлгі жігіттің тек басы айналып кеткеніне қалай қуанғанымды білсеңіз ғой.
Бөлісу:

7 пікір

asaubota
негізі мұндай жағдайларда не істеу керегі туралы инструкцияларды тауып алып, бөлісу керек. шынымен көбіміз қарапайым алғашқы жәрдемді білмейміз.
Marco
Ең қауіптісі инфаркт қой, адам тіпті оның соққанын білмей қалуы да мүмкін. Ана әрекеттерді жасатып көру керек. Істей алмаса, смело скорый шақыру керек.
nurbergen_makym
Инфографика істеп көру керек екен
temir1986
Бірде жол апаты болған жерге жедел жәрдем шақырғанымызда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының территориясы, Астанаға түскен қоңырауымыз. Қобданың жедел жәрдемі бірнеше сағаттан соң келді.
zhanara2013
жедел жардем куады екен…
Gamk
Медиктер күні қарсаңында тақырып ашылса көмектесуге дайынбыз.
suleimenuly
Осы темада Тұрсынбек «Базар жоқта» жақсы айтадығой