Ақтау қаласында 3-ші рет ДОМБЫРА PARTY өтті !
Ақтау қаласында Маусым айының 6-шы жұлдызында 14 шағын-аудандағы теңіз жағалауында 3-ші рет Домбыра Party өтті. Ең алдымен әдеттегідей Уайс Ерсайынұлы ағамыз жиналған қауымға Домбыра Party жайлы қысқаша мағлұмат берді. Кештің басты қонағы болып Астана қаласынан Алмас Алтай мен Нұрғиса Асылбек келіп кешті қыздырып жіберді.Бұл Домбыра Party –де алғаш рет Азамат Орынбасаров пен Жанар Айлашованың арасында айтыс болды. Айтыс халықтын қызғушылығын арттыра түсті. Домбыра Party –ге Төлегенов Хазрет,Қыдырбай Қарабаев, Жексембаев Нұрсұлтан, Ержан мен Ақерке, Азамат Орынбасаровпен Жанар Айлашова атты апамыз және тағыда басқа Ақтау қаласының жастары, егде жастағы апа-ағаларымыз келіп, өз улестерін қосты. Сөйтіп Ақтау қаласында өткен 3-ші Домбыра Party өз мәресіне жетті.
Суреттерді түсірген: Ақсұнқар Табылды
Жексембаев Нұрсұлтан «Біз Адаймыз» әні
Алмас Алтай мен Нұрғиса Асылбек «Шашбаулым» әні
Нұрғиса Асылбек «Керім айдай » халық әні
Нұрғиса Асылбек "Құдаша қыз" әні
Азамат Орынбасаров пен Жанар Айлашованың айтысы.
Суреттерді түсірген: Ақсұнқар Табылды
Жексембаев Нұрсұлтан «Біз Адаймыз» әні
Алмас Алтай мен Нұрғиса Асылбек «Шашбаулым» әні
Нұрғиса Асылбек «Керім айдай » халық әні
Нұрғиса Асылбек "Құдаша қыз" әні
Азамат Орынбасаров пен Жанар Айлашованың айтысы.
4 пікір