Қаптаған ЖП-лар үшін Асқар Исабекұлына "зор алғыс"!

Жақында Шымкенттен Таразға барып қайттым. Жамбыл облысының территориясына өтісімен жаңа салынған Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізіне түстім. Жол жақсы-ақ екен. Сағатына 140-160 км жылдамдықпен жүйткүй отырып Таразға қалай жетіп қалғанымды байқамай да қалдым.
Қайтар жол да тура солай, жылдамдық жүзден түспеді. Облысаралық постқа да келіп жеттік. ОҚО облысының шекарасына өтісімен кедір-бұдыр жол басталды, Шымкентке жеткенше солай. Жол мұраты жету, амалсыз, осығанда шүкір дей отырып жылдамдық 100-ден аспады. Және бір айта кетерлігі әрбір ауылға кірген сайын алдыңнан көлденеңдеп ЖП-лар (жол полициясы) шыға береді. Шекарадан Таразға дейін барғанда да, қайтар жолда да бірде-бір жол сақшыларын кезіктірмедік десем де болады. Ал қалай ОҚО-ға өттік әрбір ауылда 3-4 ЖП тұрып алған. Көздері жолда, кірпік қақпай, жол ережесі «қауіпсіздігін» қадағалап, алға үмітпен қарап тұрғандары.
Неге бұлар бізде өте көп, Жамбылда көрінбейді, ал жолымыз қашан көршілеріміздегідей болады деген сұрақ көкейде қалып қойды. Шекарадан Шымкентке дейін салынып жатқан жолдың нышаны да білінбейді. Ал осы шотыр жолда жол полициясы саңырау құлақша қаптап тұр.
Осының барлығы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың арқасында қол жеткізген «жетістігіміз» болар деген ойға ерік беруге тура келеді. Бәлкім, 4 жыл әкім болғандағы халыққа берген ең үлкен «игі жақсылығы» осы болар, не елбасының тапсырмасы солай ма екен. Мүмкін 2020 жылға дейін бір бітер деген қазақылықпен жүрген шығар, кім білсін. Күте білсек бітіп қалар 5-6 жылда. Не де болса осымен өзінің «іскерлігін» дәлелдеп отыр. Мұндай «іскер» азаматтар елордаға керек-ақ. Мұндай әкімдерді билік үнемі көтермелеп отыратындығы бар емеспе. Өз басым Ақордаға қарай көтеріліп кетсе екен деп тілектес болып жүрмін. Бәлкім орнына жолдарға көңіл бөлетін біреу келер деген үмітқой менікі.
Не де болса шодыр жолдар мен қаптаған ЖП-лар үшін Асқар Исабекұлына «зор алғыс»!
Шымкент — Тараз — Шымкент
Бөлісу:

24 пікір

omarbirat
100-бен жүрсең жақсы ғой. Былтыр Тараздан Шымкентке барғанда, 60-тан асыра алмап едім. Ауылдан кейін ауыл, ашық жер сирек кездеседі. Тура Алматы мен біздің ауылдың арасы сияқты
suleimenuly
Машина өзімдікі емес еді
omarbirat
Тиын жасау керек немесе жоспарды толтыру керек. Сол үшін тұратын шығар.
suleimenuly
Біздің ЖП-лар жоспарды артығымен орындайтын шығар. Оларға да оңай емес.
omarbirat
Енді ай арасы болғасын есеп тапсыру керек, біраз адамға шытырап жазып беру керек. Ондай-ондай болып тұрады. Алматыдан ауыл жаққа сенбі-жексенбі күндері шыққанда да мұндай көріністер жиі кездесіп тұрады. Тіпті апта сайын да тұрады ғой деймін.
suleimenuly
Кейде түн ортасы тұрғандарын көріп, бала-шаға үшін ұйқы да көрмейді ау, «халық тыныштығы үшін» тұрғой дейсің
edige
Шахановтың ойымен айтылган ЖП ма деп калдым
suleimenuly
Мұхтар ағаның ТЖ-сын білуші едім. Сіз нені айтасыз?
edige
Мен үшін оның барлығы «М» мен «ЖО»
GALEKE
Сәл шыда бауырым. Келесі аптада кетеді деген сыбыс естідім. Содан соң қарық болсақ құба құп.
suleimenuly
Ол кісі көктем лебімен арқаға қарай ауады деген еді, олары кедмедіғой. Қимайды ау біздерді.
temir1986
Ақтөбе-Ойыл аралығындағы жолды жөндеген Е.Сағындықовқа Ойылдықтар рахмет айтамыз.
suleimenuly
Онда бақтарың бар екен. Біздегі әкімдерге рахмет айтатын күннің ауылы алыста ма деймін.
temir1986
Сонау кеңес уағынан бері Ақтөбе облысына әкім болғандардан Ойылға дұрыс қарағаны да осы кісі екен.
suleimenuly
Әкім бол, халқыңа жақын бол дейдіғой мұйндайда
temir1986
Қазақы жер болғасын бізде жол полициясы мынадай тәртіп ұстанады. Бір рет көрмейді ереже бұзғаныңды, екінші ретте кешіреді, үшіншіде піштіреді.
suleimenuly
Заң бұзғандарға бізде қатал қарайды. Белгілі бір сомаға жеткенше кешірмейді. Және бізде жақсылап саудаласуға болады
Соңғы түзету:
omarbirat
Жай полиция мен жол полициясын біріктіргенде күніміз не болар екен…
suleimenuly
Барлығы жолдан нәпақа іздеп кетсе керек. Америкадағыдай арттан қуып жүріп ұстап, ақша сындыратын шығар құдайлары беріп.
zhanara2013
Кiм айтты, Аким мырзахметов жп- ларды жiбередi деп?
Структура кайда калды?
«бояушы, бояушы дегенде сакал бояды гой».
suleimenuly
Жанара сіздің не айтқыңыз келгені маған түсініксіздеу болып тұр. мүмкін болса ашып айтарсыз?
Adiletshu
Мән берме. Өзі бір қызық адам
suleimenuly
аа қайдан білейн. жақында қосылған едім жүйеге