Ешкіден басталған ой

Әуелі жымиып қоя салғам.Енді, полицейлердің ешкілерді (иә, тырнақшасыз) тұтқындап жатқаны күлкілі ғой. Оқиға Үндістанда болған. Он екі ешкі тәртіп сақшыларының екі күн бұрын әкелінген су жаңа көлігіне мініп, ойнақ салған ғой. Аша тұяқтар шыдатсын ба машинаға елеулі зақым келген. Полицейлер де қарап қалмай қылмыс үстінде үш ешкіні қамауға алыпты.
Негізі дұрыс қой. Мемлекеттің мүлкі бүлінді. Кінәлі жазасын тартуы керек.

Ойыма Астанадағы жағдай орала кетті. Естеріңізде шығар, белгісіз қыз бен жігіт жол полицейін тырқырата қуып, ең бастысы мемлекеттік мүлікті быт-шыт қылды.

Әдеттегідей тергеу басталды. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі тиісті материал жиналып, сотқа дайындалып жатқанын хабарлады. Жөн. Бізді қорғамақ түгіл өзі қашып жүрген тәртіп сақшысының пародиясы да, күші мен «ақылы» тасып бара жатқан ана екеу де жазалануы керек. Бірақ, «мультфильм полицейдің» де, әйелдің де, машина қиратқыш жігіттің де аты аталмады. (Шынымды айтсам, мен естімей/көрмей қалған болуым да мүмкін). Одан кейін де тыныштық. Не болғанын алдағы күндері арнайы барып білмесек, былай айта қоюлары екіталай сияқты. (Анау шайпау әйелдің шынымен әлдебір тірегі бар шығар, мүмкін).

Енді, Алматыдағы мынабір оқиғаны еске түсіріңіз.

Көп созбай-ақ, басбұзар қолға түсті. Аты-жөні де аталып, тіпті, мекен-жайы да жазылды. Оның алдында қандай жағдай орын алса да қарттарға қол көтерген адамды ақтай алмаймын, ақтағым да келмейді. Бірақ, оның аты-жөні айтылып жатқанда, жоғарыдағы үшеу туралы неге ақпарат жоқ?

Әлде қарға қарғаның көзін шұқымайдының көрінісі ме? Бірақ, ана үнділер еш қысылмастан-ақ ешкілерді қамап тастаған жоқ па?!
Бөлісу:

7 пікір

zhanara2013
1-жагдайга «ешкiлермен» ойнаган ешкiлер деп такырып кою керек сиякты…
zhanara2013
Астанадагы жагдай, талтандасан, талтанда, акшан болса калтанда.
torgai
Күштінің "құтты жері" диірмен тартатын заман ғой
temir1986
ЕЕЕ нағыз бет бейнеміз ғой мынау қоғамымыздың!!!