ГомоФранция?
Франция — революциялардың отаны, әлемге көптеген гуманистер мен революционерлер сыйлаған ел. Сол Франция бірнеше күннен бері тағы тоқып жатыр. Парламент бір жыныстылардың отбасын қүруларына ұлықсат беретін заңды қабылдады. Сырттай қараған адамға бұл жерде таң қаларлықтай ешетеңе жоқ. Либерализм, гуманизм, демократия ұғымдары фғанцуздағ үшін ешқашан жат боған емес. Яғни, түбінде болуы керек нәрсе деп қараушылар көп болар. Деп қоя салуға болар ма еді, бірақ, сол заңға қарсылық білдіріп, Франция көшелеріне миллиондаған азамттар шығып жатыр. Олар да француздар. Демек, Франция толықтай есінен алжасқан жоқ. Халықтың басым бөлігі әлі де дәстүрлі некені қолдайды. Жарайды, гуманизм, либерализм мәселелерін өздеріне қалдырып, бұл заңды соншалықты қарсылыққа қарамай, қабылдауға түрткі болған жағдайды тауып көруге тырысайын.
Меніңше бұл қадамға басты негіз болып отырған Францияның мұсылмандануының күн санап артып келе жатқаны. Қазір Францияға шеттен келетіндердің 39% Африка елдерінен келетіндер құрайды екен. Оның ішінде Алжир, Марокко, Тунистен келетіндер 30 %. Оған тағы Франциядағы аборигендердің қартаюы мен келімсек мұсылмандардың табиғи өсімін қос. Сан жағынан 1 мұсылманға 3 католик келгенімен, сапа жағынан дінді күнделікті ұстанатындардың ара салмағы керісінше, яғни, 1 дін ұстанатын католикке 3 дін ұстанатын мұсылманнан келеді екен. Оған тағы атақты француздардың исламға бет бұруын қосыңыз. Бір сөзбен айтқанда, кезінде марқұм Ясир Арафат мұсылмандардың ядролық бомбасынан, террорынан қорқым отырған Европаға қаратып айтқан мына сөзі расқа айналуынан сақтану маңызды мәселеге айналып отыр: «Біздің бомба — араб әйелінің жатыры». Француздар мұсылмандануды шектеу, мұсылман жамағаттан құтылу мақсатында бірқатар шараларды бұған дейін де жүзеге асырған. 2004 ж. елде уағыз айтушыларды қатаң бақылауға алатын, мемлекеттік мектептерде діни киімдер киіп келуге тыйым салатын заң қабылдап көрді. Алайда, тыйым салынған жемістің тартымдылығы артатындай, Францияға ағылушылардың қалауына бұл әсер ете алмай отыр. Ал карикатура, арандату дегендерің жәй ғана гәп болып қалды. Енді міне, мұсылмандардың қызығушылығын төмендету, өзіне мұсылмандар үшін жағымсыз образ жасау үшін(ол ешқашан жағымды да болмаған ) Франция Гомосексуалды қоғамға аяқ басты. Барлығын қара түске бояғым келмейді, бірақ, француздар мұсылманданудан қорғанудың әзірге ең дұрыс жолы Гомонекелерге рұқсат беру деп шешіпті. Бұл қандай нәтиже береді екен? Гомонекелер Францияны мұсылманданудан қорғап қала алатынына өз басым сенбеймін.
12 пікір